Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет217/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
кетіп  əркім  өз  үйіне  қонып  жүрдік.  Біздің  төсектес  тұра 
бастағанымызды  Анвардың  шешесі  күзге  салым  біліп  қа-
лып ты. Ұлына ренжіп, «комбайынды таста, қалаға кет» деп 
шу  шығарыпты.  Бір  жолы  балаларға  келген  кезімде  кешке 
қа рай есіктен кіріп келе жатқан Расила апайды көрдім. Ішім 
бір бəлені сезіп, денем суып кетті...
– Сəлеметсіз бе, Расила апай?! – деп амандастым. 
Ол кісі есік алдында тұрып:
– Амансың ба, сыртқа шықшы, сөйлесейік, – деді сал қын-
қанды. 
Үндемей ілесіп қақпа сыртына шықтым. Апай мені ауыл-
дың шетіне бастады. Біздің үй болса да ауылдағы соңғы үй 
ғой. 
– Гуля, сен жақсы əйелсің, жақсы анасың сөзім жоқ. Бес 
баланы тапқан ана менің жағдайымды түсінуге тиісті. Сені-
мен Анвардың жолдарың екі бөлек. Мен сені қазақ, біз ді та-
тар деп отырған жоқпын, менің ұлым сенің Тал ға тың мен қа-
тар екенін білесің. Əйел үшін еркектен тоғыз жас үл кен де-
ген үлкен айырмашылық. Басында мен сендерді бір ге істеп 
жүр ген  соң  араларыңда  достық  бар  деп  қа был да дым.  Енді 
мына  бірге  тұрып  жатқандарыңды  мен  түсінбеймін.  Ұлы-
ма  айтсам  «Мен  Гуляны  сүйемін!», – деп  қоймайды.  Сүй-
се сүйетін шығар, сен төсекте тəжірибелі əйелсің. Оның ал-
ғаш көргені де сен шығарсың. Сондықтан сенімен тұр ған ды 
өмір дің қызығы деп жүр. Ертең қыздарың өседі, сен қар тая-
сың, сонда еркек күшейеді қырыққа қарай. Сол кезде сенің 
өзі ңе қиын болады. Жолдарыңды бөліп алыңдар. Сен оның 
ба ғын байлама, – дейді.
–  Расила  апай,  мен  оған  жамандық  ойлып  жүрген  жоқ-
пын, мен де оны жақсы көрем, – деймін, «Сүйем» деуге ұя-
лып.
–  Иə,  менің  ұлым  қыздар  жақсы  көретіндей  жігіт.  Сен 
оған  жамандық  ойламасаң,  оны  босат.  Ертеңгі  күні  оған 
жақ сы, жас қыз кездессе, ол «Сен бес баласы бар əйелмен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет