Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет237/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
рін  кеңітіп,  əйелінің  оқуын  жалғастыртып  дипломын  алып 
берер деген сенімде жүретін. 
Дəрменді емшектен шығаруға барғанда анасы: 
–  Жарияш,  балаларыңды  маған  қалдырып  əуелі  дип ло-
мың ды алып алсаңшы, шырағым. Əкең осы сен оқысын деп 
отырушы  еді, – деп  былтыр  о  дүниелік  болған  шалын  есі-
не  тағы  бір  алып,  жылап  қалды.  Анасының  сол  көңіл-күйі 
əсер етті ме, Жария екі баласын қалдырып Алматыға жал ғыз 
қайт ты. Пойыздан күтіп алған күйеуі:
– Əй, балалар қайда? – деп шошып кетті жалғыз өзі екі 
сөмке арқалап түскен əйеліне.
– Апам алып қалды, «биылдан қалмай дипломыңды ал» 
деді, – деп төмен қарады. 
Күйеуі төсқалтасынан «Соверен» деген жазуы бар қы зыл 
қорапты шығарып, бір тал темекі алып тұтатқанша үн де ме-
ді. Бір сорып жіберді де:
– Шешеңдікі оң екен, оқуыңды аяқтағаның дұрыс қой, – 
деп екі сөмкені арқалап алдына түсті. 
Мақсұт  құрылыс  академиясына  қосымша  сабақ  беріп, 
Жария  оқуын  жалғастырып  жүріп  дипломға  қолы  жетті. 
Анасына  барып  ақылдасып  ұлын  алып  келіп  балабақшаға 
бе ріп, өзі жұмысқа шықпақшы болды. 
Аузын  айға  білеген  Одақ  тарап,  жас  мемлекет  тə уел сіз-
дік ке енді жетіп жатқан заман. Кеңес одағының ке зін де гі дей 
арнайы жолдамамен бір жерге жұмысқа тұр деп жібермей-
ді.  Жұмысты  өзің  табасың.  Ашпаған  есігі  қалмады,  еш кім 
маңына жолатпайды. Баласын да ала қалатын бақша көр ме-
ді. Тек бір жерде «Өзің тəрбиеші болсаң ғана балаңды ала-
мыз», – деп көнгендей болды. Мақсұтпен ақылдаса келе сол 
жерге орналасатын болып тоқтады. 
Екеуі екі жақтап табыс тауып жүргендей болғанымен ары 
тартса ары, бері тартса бері жетпейді. Жылына екі рет кезек-
тесіп нағашы апасының қолындағы Арайға барып қай та ды. 
Мақсұттың  сабақ  бергені  жақсы  болды  əйтпегенде  тұ рып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет