Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет24/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
27
намаз  оқып,  көз  жасымен  күңіреніп  күллі  əруақты  оятты... 
Ақы рын бір Алла тапсын деп барып таң ата көз ілді.
Нұрияның жан жарасын түсінгендей иттер де ұлып шық-
ты түнімен...
Арслан  мен  Хадишаның  бар  қызығы  ұлдары.  Құран  ау-
дартып жатып атын – Тауфиық қойды. Екеуі еркелетіп «Тау-
пан» дейді. Қызметшілер мен туыстар да кейін Таупан атап 
кетті. 
Хадиша үшін жер бетінде Арслан мен ұлынан басқа пен-
де жоқ. Қалғандарының бəріне өздерінің құлы деп қарады. 
Ешіммен  сөйлеспейтін,  дүниеде  не  болып  жатқанынан  ха-
барсыз еді. Жаны жайланып, көңілі аспандап жүрді...
Хадишаның жаны жайлы болғанымен заман жайлы емес 
еді...
Арсланның қанатының астында жүрген жас тоқал қыр да-
ғы елде ақтар мен қызылдар дегеннің алысып жатқанын біл-
мей тін. Елде бəлшебек деген шығып белсеніп кешегі қо жа-
йы ны на ақырып, байлардың малын тізімдеп, аға йын ды лар-
ды араздастырып жатқанын да естімеді. Бірақ жамандық жа-
тушы ма еді, күндердің күнінде ауылдан Жақып көкесі кел ді. 
Жиенін қолына ұстап, қайта-қайта құшырланып иіскеп оты-
рып  сапарлап  кеткен  Арслан  келгенше  қарындасына  талай 
əңгіме айтып тастады. 
– Елде төңкеріс болып, кедейлер көсемдік жасап, бай лар-
дың  мал-мүлкін  тізімдеп  жатқанын  да  саған  күйеу  айт пай 
ма? Келген-кеткеннен де ештеңе естімедің бе? – деп та ңыр-
қа ды аңқылдақ ағасы. 
–  Ол  кісі  артық-ауыс  əңгіме  айтпайды.  Елден  де  ешкім 
келе бермейді, – деп міңгірледі Хадиша.
– «Өкімет жалшыныкі. Байлар бізді жеп байыды, енді сол 
табысын орта қазанға құйсын», – деп ауылдағы Табын, Жа-
сандар бүгінде белсеніп бəлшебек болып жүр. Тапқа бө лі не-


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет