Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет266/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
293
ла ға айналып қиын болған. Одан да жат біреу туып, оны мен 
де, жұрт та көрмесе деп армандадым. Əрең жететін балам-
ды қызғанып, əркімнің аузын бағып қалай жүрейін. Ол туып 
беріп, мені ұмытсын, мен оны ұмытып Құдайдың берген ба-
ласы деп жүрейін. Басқалар мені өзі туып алыпты деп ойла-
сын, – деп Айғаным тəтті қиялға беріліп те алды.
Зыр  жүгіріп  жүрген  келісті  даяшы  жігіт  балықтан  əзір-
лен ген  ыстық  тамақ  əкелді.  Жария  шанышқымен  шұқылап 
та мақ жеген болды. 
Айғаным жəйлеп қана отбасы жағдайын, білдірмеген бо-
лып бұрын жұқпалы – сары ауру, тубберкулез сияқты ауру-
лармен ауырған-ауырмағанын сұрады. «Екі бала ту ға ны ңыз 
жақсы екен, қанша айтқанымен бала туған ана мейірімді бо-
лады ғой», – деп қалды. Жарияның есіне қазақтың «Пұш па-
ғы қанамаған əйел қатыгез болады», – дегені түсті. «Сонда 
мынау үлбіреп отырған Айғаным қатігез болғаны ма? Адам 
айтса нанғысыз теңеу сөздер бар-ау бізде».
–  Ертеңнен  бастап  денсаулығыңызды  тексертейік,  ба ға-
на ғы Шара айтқан пəтер мəселесіне күйеуім келісімін бер-
ген. Тек бəрі сəтті болсын деп Құдайдан тілейік, – деді бір 
кезде ба ға на ғы Жарияның ойын оқып қойғандай. «Ойымыз 
бір  жерден  шықты. «Құдай  деген  құр  қалмайды»  дейтін 
əжем», – деп ойлаған Жария ойын жалғастырып:
– Иə, Құдай тілеуіңізді берсін! – деп орнынан тұрды. 
Айғаным жанына келіп:
– Жария, сіз маған сондай ұнадыңыз, менің балам осын-
дай əйелдің жатырында өскенін тілеп едім, – деп құ шақ та ды. 
Мынандай  сұлу  əйелден  мұндай  кішіпейілділікті  күт пе-
ген Жарияның жүрегі езіліп, екі əйел көзге көрінбейтін бір 
нəр се мен  байланысып  тұрғандай  болып,  Айғаным  жақын 
туысындай көрініп кетті. 
Сол күннен бастап көзге көрінбейтін байланыс екі əйел ді 
жалғастыра берді...


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет