Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет143/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Жақсы біле ма? – деп жатыр.
– Өзі көріпкел, өзі емші. Былай емдейді екен, – деп ала қа-
ны мен алыстан Бұлбұлдың денесін шарлап шықты. 
– Экстрасенс па?
– Иə, иə, – дейді Меркүл. Сол сөзді орысша айта алмай.
–  Тумаған  əйелге  де  массаж  жасайды  екен,  Алматыға 
барып  та  халықты  емдепті.  Жұрт  деген  артынан  сабылып 
жүр, – деп  Бұлбұлға  жиған  анықтамалықтарын  жылдам-
жылдам айтып, түсіндірді. 
– Барайық, қашан барамыз, – дейді Бұлбұл көңілі алып-
ұшып.
– Оған алдын ала жазылу керек дейді, мен ертең барып 
жазылып  қоям.  Сізге  қай  кез  ыңғайлы, – деді  Меркүл  де 
қуанып.
Ертесі  Бұлбұл  саудасын  қалай  жасағанын  білмейді,  жа-
тақ қа  қайтқанша  асықты.  Есіктен  кіре  Меркүлді  іздеді.  Ол 
əлі келмепті. Бұлбұл қайта-қайта есікке алаңдап мазасы кет-
ті. Əйтеуір бір уақытта Меркүл келді-ау. Екеуі бір-бірін айт-
қыз бай  ұғып,  сыртқа  сытылды.  Бұлбұлдың  қолында  тү йін-
ше гі бар.
– Не болды, жазылдың ба? – болды Бұлбұлдың алғашқы 
сұрағы.
–  Күні  бойы  үйден  шыға  алмай,  түс  ауа  əрең  шықтым. 
Қа ла ның  сыртында  екен,  əрең  тауып  бардым.  Барғанымды 
қай те йін, кеше кетіп қалыпты. Енді қашан келетінін ешкім 
біл мей ді, – деп көңілсіз аяқтады сөзін Меркүл.
– Енді не істейміз? – дейді Бұбұл осы шаруа оған емес, 
Меркүлге керектей.
– Сіз қашан қайтасыз?
– Арғы күні қайтатын шығармыз, киім-кешекті алып үл-
гер сек, – деп күмілжіді көңілсіз Бұлбұл.
–  Жарайды,  сіз  уайымдамаңыз,  қайта  келгеніңізше  бі-
реу ді тауып қоярмын, – деп мұңлық əйелді жұбатты заман-
дасын. 


Сәуле Досжан
159
– Саған сенем, Меркүл. Мынаны балаларыңа алып бар, – 
деп қолындағы түйіншегін берді. Желім қалтада сары май, 
шұ жық,  бірнеше  балық  қалбыры  бар  еді.  Еңбегіне  бер ге-
нін  үн де мей  түсінген  Меркүл  зып  еткізіп  қолтығына  тыға 
қой ды да:
– Рақмет, – деп Бұлбұлдың жағдайын жанымен тү сін ген 
əпкесіндей бетінен сүйді. Екеуі үнсіз ғана үйге кірді.
Сол  жолы  қырғыздың  базарынан  алған  киім-кешек  сал-
ған ала дорбасын арқалаған Бұлбұл көңілсіздеу болып Қа ра-
ған ды ның вокзалынан түсті. 
Екі  аптадан  соң  Ұлжалғасқа  ілесіп  тағы  оңтүстікке  бет 
алған пойызға мінді...
Жатаққа жете Меркүлді іздеді. Əшейінде алдыларынан 
шы ғып,  зырылдап  жүріп  шəйін  беретін  келіншек  кө рін-
бейді.
– Меркүл қайда? – деп сұрады сол жерде жүк тасып жү-
ре тін балақайдан.
– Меркүл əпше ауылына кеткен, – деді бала.
– Қашан келеді?
– Білмеймін, – деп міңгірлеген бала арбасын итеріп аула-
дан шыға берді.
– Булька, тез жиналсаңшы, не болды? – деп терезеден Ұл-
жал ғас дауыстады. Ауланың ортасында дел-сал болып тұр-
ған  келіншек  не  істерін  білмей  баспалдаққа  барып  отыра 
кетті.  Меркүлмен  бірге  оның  ауылына  бар  үміті  кетіп  қал-
ған дай. Егер Меркүл келмесе, өмірі жолы болмайтындай.
– Əй, саған не болды, бір жерің ауырып тұр ма? – деп үй-
ден апайы шықты.
Бала кезінен үлкен апайының айтқанын екі етпей үй рен-
ген байғұс:
–  Жоқ, – деді  де  əпкесінің  соңынан  тайлақтай  ере  жө-
нелді.
Ертеңіне  саудадан  келсе  алдарынан  зырылдап  Меркүл 
шықты. Бұлбұл қуанғанынан бассалып сүйіп амандасты.


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет