Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет179/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Ой, менің қызым асханадан бəрін үйреніп келіпті, Апри-
за, тамаққа отырайық, – деп түпкі бөлменің есігін ашып, оны 
шақырғаны жыныма тиді.
– Папа, балалар жоқ күні бойы, соларды тауып ал са ңыз-
шы, – деп ана əйелді алдымен шақырғанын жақ тыр ма ға ным-
ды білдірдім.
– Олар қайда?
– Білмеймін, сіз қарамаған соң, кетті бетімен, – деп ойым-
да ғы ны лақ еткіздім. 
Бір кезде үстінде қызылала халаты бар, басына қатарлап 
шаш бұйралағыш орнатқан Африза тəтеміз шықты сарайы-
нан.  Əкеммен  де,  балалармен  де  ісі  жоқ,  үстелдің  шетіне 
жай ғас ты. Тамақ салып берсем жей бергісі бар. Өзімше жа-
ным ашып: 
– Мен, ертең қалаға қайтамын, сондықтан үйдің тірлігін 
тү сін ді ріп  қояйын  деп  едім, – дедім,  ертең  мен  кеткенде 
қайтеді деген оймен.
– Маған дейін де бұл үйдің тірлігі істелген, солай жал ға са 
береді, не түсіндіретіні бар, – деп маған бақырайып қа ра ды, 
айрандай көзін ежірейтіп.
– Онда еркектердің қолы еді, енді əйел келді дегендей... – 
деп мен де ойымды жасырмадым.
– Немене ол əйел үй қызыметкері болып келіп пе? – деп 
шаңқ ете түскені. Шошып кеттім. Ішімнен: «Ойбай, мынау 
папам мен балаларға қарап жарытпас» деп бірден ойладым. 
Ойым тас жарды дегендей келесі келгенімде əкемнің жа-
нары төменшік. Африза тəтеміз көрінбейді. Үй баяғыдан да 
ары  шашылып,  бықсып  жатыр.  Менің  маңдайыма  осы  үй-
дің кір-қоңын жуу жазылған ғой, тағы кірісіп кеттім. Ұл дар 
өгей шешелерінің кетіп қалғанына қуанып жүр. Талғат ма ған 
оңашада:
– Гуля, ол сондай салақ, түске дейін ұйықтайды, папам-
мен ұрсысады, – деп Африза тəтемізге мінездеме беріп, жағ-


Сәуле Досжан
199
дай ды ұқтырды. Байқұс əкемнің ол əйелмен дəм-тұзы жа рас-
па ға нын сездім де, ұялтпау үшін ештеңе сұрамадым. 
Тек автобусқа шығарып салып тұрғанда əкем:
– Балам-ау төрт баласы бар жесір еркекке қай бір же тіс-
кен əйел кездесер деп едім. Қайта басымыздағы үйден қуып 
шық па ға ны на шүкір дейік, – деп қана жұқалап айтып, жағ-
дай ды түсіндерген болды. 
Əкемді аяғаннан тамағыма бірдеңе тіреліп қалғандай бо-
лып, көзім боталап автобусқа міндім.
Содан ауыл мен қаланың екі ортасына шапқылап жүр ген-
де  қыс  та  шықты.  Сегізінші  наурызға  мен  де  сол  ме ре ке ні 
күтетін барлық қыз-келіншекке ұқсап іштей қатты əзір лік те 
жүрдім. 
Бір  апта  қалғанда  сенбіге  сұранып  үйге  кеткенмін,  мен 
жоқ та баяғы жаңа жылдық балда билеген, атын да біл мей тін 
жі гіт келіп кетіпті. Дəмелі төмендегіше баяндап берді:
– Есіктің алдына шығып қалып едім, əлгі жігіт жан-жа-
ғы на қарап тұр екен. Алдында «қайдан көрдім», – деп ойлап, 
содан  сенімен  билеген  бала  екені  есіме  түсіп  жанына  бар-
дым. Амандасып, неге жүргенін сұрадым. Ол:
– Осы ма асхана, осында Гүлжан деген қыз істей ма, соны 
іздеп келдім, – деп жөнін айтты. 
– Иə, менімен бірге істейді. Сені өткенде жаңа жыл дық 
балда көргенім есімде, – дедім, қызбен биледің ғой деп ұялт-
пайын деген оймен.
–  Онда  Гүлжанды  шақырып  жібересіз  бе, – деді.  Содан 
сенің  елге  кеткеніңді  дүйсенбіге  келетініңді  айтып  тұр ған-
мын, ана бəле жетіп келгені. «Бəле» дегені – Шолпан. 
– Дəмеш, не жоғалтып қойдың, – деп маған тиісе келді.
– Ештеңе, мына балаға жөн айтып тұрмын, – деп едім, ана 
бəле енді балаға қарап:
– Мақсат, сен не жоғалттың? – деп сылқ-сылқ күлді. Жігіт 
оның күлкісін ұнатпай:


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет