Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет238/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
261
жатқан  жатақтарынан  да  шығарып  жібергендей  екен.  Бас-
пана сатып алуды қанша армандағанымен тапқандары ішіп-
жегеннен  артылмай  жүргенде  қызының  мектепке  баратын 
жасы келіп қалды. 
Анасы байғұс тағы ақылын берді:
– Арай менің қолымда оқи тұрсын, Мақсұт қорғап алсын, 
содан  кейін  көрерсіңдер, – деп  өзі  мұғалім  болып  жүр ген 
мектепке жаздырып қойды. 
Мақсұт кандидаттығын қорғаған соң бір биікке жететін-
дей болып жүруші еді, қорғап алған соң да баяғы қал пын да 
өмір жалғасып жатты. 
Ұлы мектепке баратын жылы ешқашан үндемей, тағ дыр-
дың салғанын көтеріп жүре беретін Жарияға тіл шықты:
–  Мақсұт,  қашанғы  осы  тауық  күркеде  отыра  береміз, 
Дəрмен де биыл оқиды, – деп жылап жіберді. 
–  Енді  қайтем,  кезегім  жылжитын  емес,  шыдайық,  мен 
қор ғап алайын, доктор болған соң пəтерді өздері-ақ берер, – 
деп тағы «Соверенге» жармасты байқұс күйеу. 
Баласы  үшін  орналасқан  бақшадан  енді  сонымен  бір ге 
мектепке ауысамын ба деп жүргенде Шара деген мек теп те сі 
кездесе кетті Жарияға.
Шара  Медицина  институтын  бітіргеннен  кейін  «Ана 
мен  бала  орталығына»  орналасқан  екен.  Кандидаттық  қор-
ғап бүгінде білдей бір бөлімнің басшысы. Күйеуге шық пай, 
ғылыммен айналысып кетіпті. Мектепте оқып жүргенде еке-
уі екі сыныпта оқығанымен жақсы араласып жүруші еді. Сол 
достықтары қайта жалғаса кетті. Шара докторлығын қор ғау 
үшін  жиі-жиі  жет  елдерге  шығып,  тəжірибелерін  үй ре ніп 
қайтады. Іссапарынан оралған соң міндетті түрде Жа рия ның 
үйіне келіп екеуі шəй ішіп отырып көрген-білгендерін айтып 
береді.
Шараның істейтін жері – «Экомед» деп аталатын қа зақ-
стан дық тар үшін əлі құпиясы қырық түрлі, перзенті жоқ тар-
ға көмек жасайтын орталық. Əркім өз тіршілігімізбен жү ріп 


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет