Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет71/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Ой, жарығым көрмеген жерің қалмапты ғой. Көкең сені 
дəу жігіт болып қалды деп жүрген ғой. Ары қарай тыңда.
Балқан таудың басында,
Боз жорғасы қасында,
Бозымбай батыр келе жатыпты.
Темір мылтық асынып,
Дұшпандарын басынып... –
деп əжесі ертегісін жалғастырады. Немересі əжесінің ерте-
гісін тыңдап жатып бауырына кіріп рақаттанып ұйқыға ке-
теді.
Раушанның əкелген жүні Əсиқа шешейге ермек болды.
– Раушан, мынауың оң болды-ау. Біраз төр көрпе жасап 
алайық,  сен  аман-есен  босанып,  бөпеңді  қырқынан  шы ға-
рар да құдағилар келер, солардың астына жаңа көрпеше са ла-
лық, – деп апта бойы жүн сабап, түтті. Сабаудан қары талса 
да Раушанды бұл іске араластырмады. «Қазақ екіқабат əйел-
ге мұн дай ауыр жұмыс істетпеген баланың кіндігі мойнына 
оралып  қалады  деп  ырымдаған», – деп  өзі  жалғастырады. 
Одан кейін көрпенің қаптарын қол мəшинесін зырылдатып 
отырып тігіп алды.
– Апа, ең болмаса осыны мен істей салайын, күш қажет 
етпейді ғой, – десе де көнбейді.
– Болмайды, шырағым. Аяғы ауыр əйел жүн иіріп, іс тік-
пейді.  Қадалып  ұзақ  отыруға  болмайды.  Одан  да  көбірек 
қи мыл да. Сонда жеңіл босанасың. Қайратта тұмса болдың, 
тұң ғы шың ды шала тудың, енді бұл баланы толық ту, батыр 
болсын, – деп қояды да өзі көрпешелерімен алысып кетеді.
Сол күні таң азаннан қақпа қағылды. 
Дүрс... дүрс... етіп жер дүниені сілкінтті. 
Раушан шошып оянды. Өсер онсыз да ерте тұратын, жуы-
нып-шайынып жатыр екен. Дарбазаға қарай жүгірді. Раушан 
терезеден қарап тұр. Алқын-жұлқын болып военкомда іс тей-


Сәуле Досжан
79
тін  Мəзімбай  кірді,  етігін  сарт-сұрт  теуіп.  Дар ба за ның  ал-
дында тұрып-ақ суық хабарды жеткізді.
– Қанат Шопанбайыч, Германия бізге соғыс жариялапты. 
Еліміздің  батыс  жағын  бомбалап  жатыпты.  Аманбек  Ха кі-
мыч  бəрілеріңізді  жинап  жатыр,  халыққа  хабарлау  керек 
деді, – деп өзі де жуан, суық даусымен айтып шықты. Өсер-
дің жүрегі орнынан қозғалып кеткендей болды да, ха бар шы-
ға ешбір сауал қоймастан.
– Қазір жетем, – деді де үйге қарай жедел адымдады.
Терезеден қарап тұрған Раушан да бір сұмдықтың бол ға-
нын сезгендей есікке қарай ұмтылды. Əсиқа шешей немере-
сімен өз бөлмесінде ұйықтап жатты.
Ерлі-зайыпты  екеуі  алакөлеңке  дəлізде  кездесті...  Өсер-
дің  түсі  қашып  кеткен.  Раушан  да  Құдай  сездіргендей  бо-
лып «Не болды?», – деуге қорқады. Бір-біріне үнсіз қа ра ған 
қалпы қонақ бөлмеге өтті.
– Раушан, сен қорықпа, отыр, – деді күйеуі, – Бүгін таң ға 
жуық Германия Совет Одағына қарсы соғыс жариялапты, – 
деп  дауысын  барынша  жұмсартып  айтып  шықты.  Рау шан-
ның қабағына бір қарап алып ары қарай жалғады:
–  Соғыс  жариялағанымен  кейде  екі  жақтың  басшылары 
кез де сіп, бір-бірінің талаптарын орындаса басталған соғыс 
тоқ тап қалып та жатады, – деп аяқ жағы тіпті жайдақтатып 
жі бер ді, екіқабат келіншегі шошып қалмасын деп.
– Мен тезірек жұмысқа жетейін Аманбек Хакимович жи-
нап жатыр деп келіпті жаңағы Мəзімбай, – деді де, сəресін де 
ішпей, сырт киімін кие бастады.
–  Жаман  екен,  жаман  екен...  апама  айтайын  ба? – деді 
зəресі ұшқан келіншек.
– Жоқ, əзірше айтпай-ақ қой, қорқып жүрер. Мен бір ай-
налып соғармын, – деп шығып кетті.
Раушан  сол  отырған  қалпы  ұзақ  отырды.  Өсер  айналып 
соға алмады. Басшының басқосуынан шыға өзі өкіл боп бе-
кі тіл ген «Жұлдыздыға» тартты. Содан түн ауа оралды. Рау-


80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет