Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет80/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
89
апасы – май дан ға шұлық тоқиды, Қайрат – жер үстелде ет-
петтеп алып, «жазу жазады». Онысы қаріптер, шешесінің қа-
да ға ла уы мен қара таныған түрі.
Биыл  қыстай  əріп  танып  шықса  күзге  салым  мектепке 
бармақшы.
–  Сонда  бəрін  біліп  тұрсаң,  мұғалима  апай  сені  басқа 
ба ла лар ға  үлгі  етеді.  Сен  солардың  «бастығы»  боласың, – 
дейді  апасы.  Қайраттың  ендігі  арманы  бірге  оқитын  ба ла-
лар ға  бастық  болу.  Қуаныш  та  биыл  мектепке  барса,  амал 
жоқ Қай рат қа бағынады. Мектепке оның аға-апалары бірге 
бармайды, егер Қуаныш жеке жүрсе Қайрат одан қорқпайды. 
Кү рес се де жеңеді. Оқуды да күшті біледі. Оған ешкім əріп 
үй ре тіп жатқан жоқ, оның үйіндегілердің сауаты жоқ. Күні 
бойы «Қажыатаның» мешіті жанындағы сырғанақтан шық-
пай ды. Үсті басы су-су болып кешке жақын апасынан ұрыс 
ес тіп жатқаны.
Қайрат  сонымен  қыстай  қырық  екі  əріпті  жаттап  алды. 
Апасының  да  денсаулығы  жақсарып  екеуі  «Жұлдыздыға» 
барып қайтты. Көкесінен де үзбей хат алып тұр. Оны ежік-
теп Қайрат та оқып көреді. Бір хатында «бізге қойдың жү ні-
нен тоқылған шұлық таратты. Соны апам мен Раушан жібер-
ген шығар деп қуанып киіп алдым. Жып-жылы, жұп-жұмсақ 
екен», – депті. Сол-ақ екен Əсиқа мен Раушан бірі жүн иіріп, 
екін ші сі  шұлық  тоқуға  кірісті.  Тоқығандары  тура  барып 
Өсер дің қолына тиетіндей асығыс. 
– Апа, келер қысқа кеудеше тоқып жіберейік, – деді бір де 
Раушан.
– Қой, балам, оданда соғыс тез бітсін деп тіле. Тоқысаң то-
қып қой, тілеулес болсын, келгенде киер, – деді енесі. Содан 
көп  ұзамай  қой  қырқымға  Раушан  «Жұлдыздыға»  тартты. 
Ойы – ең жұмсақ, қылшығы аздау жүн жинап қайтпақ.
Қырқым аяқталған соң да Раушанға тыным болмады. Ел-
де гі қыз-қырқынның, бала-шағаның бəрі «неміске біздің ат-
қан  оғымыз  болсын», – деп  шөп  оруға,  егін  суаруға,  арам-


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет