Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет92/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
101
Науат баласын Людадан қызғанады. Балаға «Казбек», – деп 
шыңның атын қойып еді, Науат оны «Қазыбек» атандырып 
жіберді. Люда ғана «Казбек...Казбек», – деп шақырады.
Мұғалімдік  жұмысқа  шыққалы  Раушын  өңі  кіріп,  үсті-
басына қарап, қуыршақтай болды. Екі көзі тостағандай, қасы 
қияқтай, бетінің нұры тамып, ерні жаңа піскен бүл дір ген дей 
болып көргеннің көзін тартатын. Қайраттың анасы емес, əп-
ке сі сияқты. Екеуі қолұстасып мектепке бірге барып-қай та-
ды. Олар келгенше əжелерінің шəйі самауырда қайнап, дас-
тар қа ны жайылып тұрады. Сол күні жексенбі болатын.
– Раушантай шоқты əзірлеп қойдым, үтігіңді алып кел, – 
деп сыртқы терезеден енесі басын шығарып дауыстады.
– Қазір, апа, – деген келіні қолына темір үтік ұстап сырт қа 
шығып келе жатқан, қақпадан енген екі еркекті көрді. Елден 
келген ағайынға ұқсамайды, əскерилеу киінген. Ке лін шек тің 
жүрегі су ете түсті де, орнында қалт тұрып қалды.
– Шапанбаевтардың үйі ме? – деді.
– Иə, – деп келіншектің əрең үні шықты.
– Үйде кім бар?
– Бəріміз, – деген Раушанның даусына елеңдеп қора жақ-
тан Əсиқа жетті. «О,кім-əй», –деп. Екі еркекті көріп үрке қа-
ра ды. Іші бір пəлені сезгендей суып ала жөнелді.
– Бармыз, үйге кіріңдер, – деп қолын алжапқышына сүр-
тіп, есікті ашты.
Екі еркек төрге жайғасқан соң, əңгімені қысқа қайырды. 
Өңдері де, сөздері де суық болды.
–  Біз  əскери  комиссариаттанбыз.  Шешей,  соғыс  мынау 
тоқ тай тын  емес.  Күн  сайын  ондаған  жақсы  досымыздан 
айы ры лып қалып жатырмыз. Сол кезек Өсер досымызға да 
ке ліп ті. Кеше қара қағаз алдық, – деді естиярлауы дау сы ның 
аяғы құмығып.
– Не, ойбай, сорлап қалдым ба? Өсержан, ойбай мені қай-
да тастап кеттің? – деп ойбайлаған Əсиқа талып түсті. Қай-
рат сыртта ойнап жүрген. Раушанда үн жоқ, тек жүзін жас 
жуып, талып жатқан енесінің басын сүйей берді. 


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет