7.2.Өндіріс,фирманың шығындары және табысы
Бұл тақырыпты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу керек.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің ( фирма басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды- барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.
Бұдан былайғы талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз.
ӨҢДІРІСТІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРЫ
Бұған дейін айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп- белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өңдірістің кейбір факторлары өзгермей қалады.Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын ( ТС ) анықтағанда, оның тұрақты ( FС ) және айнымалы ( VС ) шығындарын ажыратады, яғни:
ТС= FС+VС
Тұрақты шығындар ( FС ) деп –қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жол төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар ( VС ) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. суретте айнымала және тұрақты шығындардың жалпы графигі көрсетілген.
Өндірістік шығындар
Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VС және TС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың С нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірісітің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарлауы нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды ( А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VС қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FС –тің жылжуы болып табылады.
Орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
Өндірістік орташа жалпы шығындарды ( АТС ) жлпы шығынның ( ТС ) өндірілген өнім көлеміне ( Q ) қатынасымен анықталады да , өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындар көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:
ТС
АТС=
Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар ( А FС ) және орташа айнымалы шығындар ( АVС ) . Олар келесідей анықталады:
AFC=FC/C; AVC= VC/Q
Өндірістің шекті шығыны ( МС ) жалпы шығындардың өзгеруінің ( ТС) өнім көлемінің өзгеруі ( №№) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығындарды былай есептеуімізге болады:
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар.Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар PL жалғыз айнымалы фактор деп қарастырайық. Бұл жағдайда
Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |