4. Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуінің деңгейі
Ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
Ұлттық экономка масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды анықтау;
Инфляцияның табиғатын талдау;
Экономикалық өсудің механизмі мен факторларын реттеу;
Экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу;
Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Ұлттық экономикадағы тепе-теңдіктің экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу бағыттарының өз ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агригаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін экономикалық өсудің қарқынын, зерттеуді көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға-жиынтық өндірушілер деп қаралады:
Ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.
Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол пайдаға ие болғаны сипатталады.
Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа иүскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің аәтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрос.
Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.
Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.
Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін Маршалдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынады: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндіушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.
Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызадыү бұл жағдайда, экономикалық субъектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмысының практика жүзінде қандайы болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады.
Ал экономикада рационалды субъектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері, әдетте, орынды деп есептеледі және тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет ету нәтижесін өлщеу үшін теория мен шаруашылық практикада әр түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Бұл көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің қосымды көлемінің шамасын бағалау үшін пайдаланылады. Бұған жататындар: жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ), түпкі қоғамдық өнім (ТҮҚӨ), таза қоғамдық өнім (ТҚӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ), арадағы өнім (АӨ).
Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953ж. бастап қолданылып келеді.
Ұлттық экономиканың қызметі елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен; олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында бөліну мөлшерімен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу процесінде, оны бөлуде, айырбастауда, тұтынуда қалыптасқан құрамдық бөлінумен сипатталады. Ұлттық экономиканың бүкіл әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесімен тығыз бірлесіп, іс-әрекеттер жасау дәрежесі өндіргіш күштердің даму дәрежесі, ғылыми техникалық прогрестің масштабы, сипаты және темпі, өндірістік ресурстардың сапасы, территорияның көлемі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі әсер етеді.
Батыстық Экономика негіздері мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық емес өндірістегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пайдаланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.
Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол жалпы ішкі өнімнің белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметтерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтмиды. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысын жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елдің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызмет ету орны жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасауды негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланады. 1988 жылдан бері жалпы Ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімізде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп, халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді. Жалпы ұлттық өнім ағындағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады. Мысалы, АҚШ-тың 1990 жылы жалпы ұлттық өнім, өнім көлемі ағымдағы бағамен – 4254млрд.долл. болды. Экономист С.Шаталиннің есептеуі бойынша бұрынғы КСРО-ның сол жылғы ұлттық өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 940-960млрд. сом болды.
Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақыт ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есебін жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді және оны жалпы ұлттық өнім дефляторв деп атайды. Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономисттер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепцмясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды.
Жалпы ұлттық өнімді сол елдің өндіріс алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәоірек сипаттайтын өлшемі ретінде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды:
Өнім ағымының әдісі
Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеңіндегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықталғанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.
Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.
Екі әлістің де бірдей бағаны.
Дегенмен АҚШ-тың сауда министрлігінің экономикалық таңдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық өнімді есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Жалпы ұлттық экономикадағы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта ұлттық есептей жүйесінің шеңберінде есептеледі, ұлттық өнім мен ұлттық табыстан басқа, тамақ пен күрделі қаржылау салааралық балансын, финанс ағыстарының балансын, ұлттық байлық пен еңбек ресурстарының баланстарын дамытады.
Ұлттық экономикадағы өнім тауарлар мен қызмет көрсетуді есепке алады, яғни жалпы ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем қайтып оралмайтын немес еңбек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтып оралатын өнім түлері жатады.
Еліміздегі атқарушы үкіметтің экономикалық саясатының нәтижесін бағалау, яғни жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі. Бүкіл халықтың 6-7 процентінен асып кетсе потенциалды жалпы ұлттық знім нақтылық дәрежеден жоғары болады да, олардың ара қашықтығы ұлғаю тенденциясына ұласады. Экономикадағы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім жиынтық өлшем қозғалысын сипаттайтын ұлттық есептеу жүйесінің бір ғана көрсеткіш емес. Ұлттық экономикадағы табыстың едәуір бөлігі салық арқылы қайта бөлінетін «араласы экономика» жағдайындағы мемлекеттің финанс жүйесі мен әлеуметтік саясатының мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.
Таза экономикалық ұлттық өнім көрсеткіші елдің жылдық өндіріс көлемін өлшеу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім кейбір жағдайлармен байланысты ұлттық қаржы экономикалық тұрмыс-тіршілік толық сипаттай алмайды.
Барлық елдерде дерлік қоғам мүшелерінің де ауқымының жақсаруына ықпал ететін қызмет түрлерін, атап айтқанда, науқас адамдар мен балаларға қамқорлық жасау, жеке құрылыс, репититорлық жұмыс т.б. есепке алынатын, жүйелі статистикалық мәліметтер жоқ. Қоғамның «таза экономикалық әо-ауқатына» теріс ықпал ететін «көлеңкелі экономика» секторының салдары самогон қайнату, есірткілерді сату т.б. жағымсыз факторлар есепке алынбаған. Жалпы ұлттық өнім халық тұрмысын көтеруге қатысты, үй жұмыстарын да қамтымайды (пәтерді, электр, радио жабдықтарын, аяқ киімді, автомашинаны жөндеу).
Бұл көрсеткішке қоғам мүшелерінің тұмсысын жақсартуға кедергі келтіретін, қоғамдық өндірісті ұлғайтуға кері әсер ететін жағдайлар енбейді (ресурстардың азаюы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы).
Сонымен бірге елдің экономикасы дамыған жағдайда табыс деңгейі өсіп ойдағыдай демалуға, халықтық басым көпшілінің демалыс уақытын ұзартуға мүмкіндік туады, ал соңғысы қоғамның әл-ауқатын арттырумен пара-пар.
Осы факторлардың қоғамның, оның мүшелерінің әл-ауқатына ықпалын ескеру, тұтас алғанда, қоғамның тезе экономикалық ахуалын жақсартуға негіз қалайды.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесі – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептеудің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданып келеді, 70-жылдың аяғында ұлттық есептер әлемінің 100-ден астам елінде жасалынады. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, есептіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Бұдан басқа ұлттық есептер жүйесіне жиынтық көрсеткіштерді айқындап ашып көрсететін немесе өзіндік, жеке дара маңызы бар баланс кестелері кіреді.
Қазақстанда көп салалы экономика, онын нарық жолына салуға бағытталған қайт ақұру 1990 жылдардың басында басталды.
Қазақстанды нарыққа көшірерде мемлекеттің экономикалық дамуында өзіне тән ерекшеліктер бар.
Олар ең алдымен Қазақстан, ұлттық экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да болды. Мұнда мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі өте төмен болды. 1987 жылы реформаға кірісерде мемлекеттің қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса, Қазақстанда 46% ғана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді.
Республикада КСРО 6 пайызы тұрғанмен Одақ бойынша өндірілетін өнімнің 4,5 пайызы өндірілді. Республика экнономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан адам басына шығатын өінм өте төмен болды. Халық тұтынатын товарла өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді. Ол өнімдердің 60 пайызына дейін республикаға сырттан әкелініп отырды.
Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда мемлекеттің экономикасы иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында жүргізіледі. Экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен асуды және жекелендіруді қиындата түсті.
Ұлттық экономиканың бастапқы капитал дәрежесң төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кірісте аз болатын.
Экономиканың негізгі қадеттерін бойына сіңірген және пайда табу мақсатымен нарықтың кейбір элементтері бар болып саналады.
Шаруашылық бюрократиясы мен кәсіпорын әкімшілгінің қасында қалған ерекге қызықтар бүгінде бұйрықтың диктаторын олын әрі жалғастыруда. Жергілікті органдар мен бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың иелері тіл табысып, ұлттық экономикалық даумына өте керемет ықпал жасады.
Елімізде ұлттық экономикалық кейбір элементтері белең алған, ал нарықтық экономика классикалық үлгімен дамып келеді.
Экономикалық қатынастар мен байланыстарды методологиялық тетіктерді пайдалану керек. Әсіресе ұлттық экономика халық қызмет ету дкеңгейінде хаықаралық қарым-қатынастар мен алыс берістерді тиімді жүргізуде жалпы теориялық мәселелерді шешіп алсақ, күнделікті өмірден ұлтаралық экономикалық қатынастардағы қателіктер байланыстардағы ұтылыстар азаяр еді.
Осындай методологиялық алғы шарттардың қатарында сыртқы экономикалық қатынастарға жол ашатын дұрыстығын қажеттілігін дәлелдейтін теорияларды да ьілу керек.
Мемлекттің, үкіметтің саясаты тауар өткізу кезінде көрінуі мүмкін, бірақ ол өз алдына мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық валюта қоры, басқа да әлемдік экономикалық қоғамдастықтар мен ұйымдар байланыстардың баяндылығына айтарлықтай ықпал жасады. Бұл жерде сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін өкімет заңдары кеден заңы да өте қажет.
Ұлттық экономикалық қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуында өзіне тән бір қатар ерекшеліктер бар еді.
Кеңес елінің саясат экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды.
Жиынтық өнім матриалдық өндіріс саласы, өнімдерінің қосындысы ретінде анықталд, материалдық техникалық жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау. Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасындағы сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылады, сөйтіпжалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.
Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамның бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Материалдық емес игіліктерді өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сапа (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуды. Аталған салаларлдың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады.
Экономикалық қызме деңгейі көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді, яғни мұнда ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі жалпы қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы декес, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды. Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішіде еңбек заттары екінші рет есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.
Ұлттық экономикалық статистикада қайталама есептеуді болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Сонымен қатар, оның құрамында заттанған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жағартудың көзі болып табылады.
Қоғамның таза өнімі – жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланатын амортизация жармасын машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік объектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі.
Таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты Экономика негіздері мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды.
Ұлттық табыс елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол ақшалай формада есептеледі.
Ұлттық экономикадағы экономикалық қызмет ету деңгейі ұлттық табыстық абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндірістің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әо-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өнімінің 50пайызын құрайды. Ұлттық экономиканың бағыты, дамуы, деңгейі, өсуі – ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары арқылы жүзеге асады. Ұлттық табыс қоғамдық өнім өндіретін барлық салалардың таза өнімі, бөлу сатысында — әр қилы алғашқы және қайьалама табыстар, айырбас сатысында — өндіріс құрал-жыбдықтары мен тұтыну заттары түріндегі тауарлар сомасы, тұтыну сатысында түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады.
Ұлттық табысты зерттеумен әр қилы бағыттағы экономисттер айналысты. Ағылшын экономисі У.Бетти 1664 жылы капиталистік қоғамның табыстарын және оны бөлугше, талдау жасауға әрекет жасады. Ол сол кезеңдегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтың, жерден, үйлерден капиталдар және еңбек шығындарынан түсетін табыстар саласы деп анықталады. Кез-келген іс-әрекеттің түрі табыс әкеледі. Ұлттық табыс – ұлттық экономиканың қызметін жалпы ұлттық өнімнен экология тұрғысынан қоғамдық өндіріс процесіне тікелей қатынасы жоқ, тек ерекше қызмет көрсетумен шектеледі. Ұлттық экономикалық құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады. Ұлттық экономиканың қызметі – ұлттық экономиканың құрылымы негізгі салалар арасында еңбекті бөлудің сандық пропорцияларымен негізделеді. Қазіргі кезеңде ұлттық экономикалық құрылымына ғылыми-техникалвқ революция шешуші ықпал етеді. Ұлттық экономика — өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр.
Сонымен, ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі, қазіргі жағдайда материалдық өндіріс салаларының интенсивті даму жолына көшуімен байланысты, өндірістік емес салада еңбек өнімділігінің қарқындырақ өсуіне жол ашады, яғни өндірістік емессаланың жанды және затқа айналған еңбегін үнемдеу есебінен де мүмкін болады. Осының бәрі ұлттық экономикалық тиімділігін көтерудің қажетті шарты.