5. Есептер, жаттығулар, тестілер 1. Өндіріс факторларына сұраныс анықталады:
а) басқа факторларға деген сұраныспен
б) фактордың өнімділігімен
в) фактор өндіретін өнімге деген сұраныспен
г) барлық жауаптар дұрыс
2. «Фактордың шекті табыстылығы» көрсеткіші анықтайды:
а) өндіріс факторларына деген сұранысты
б) өндіріс факторларының ұсынысын
в) өндіріс шығындарын
г) осы фактордың көмегімен өндірілетін тауарларға деген сұранысты
3. А өндіріс факторының бағасы – 5 долларға тең, ал оның шекті табыстылығы – 7,5 доллар. В фактордың бағасы 12 долларға тең, шекті табыстылығы – 10 доллар. Пайданы жоғарылату үшін фирма факторларды қалай үйлестіру керек?
4. Дайын өнім нарығында монополиялық билікке ие, бірақ өндіріс факторлар нарығында монопсонист емес фирма жалдайды...
а) бәсекелес фирмаларға қарағанда, көбірек еңбекті, бірақ төмен жалақыға
б) бәсекелес фирмаларға қарағанда, аздау еңбекті, төмендеу жалақыға
в) бәсекелес фирмаларға қарағанда, көбірек еңбекті, жоғарылау жалақы үшін
г) бәсекелес фирмаларға қарағанда, аздау еңбекті, сондай жалақы үшін
5. Нағыз бәсекелес нарықта өнім өткізетін фирма бәсекелес нарықта жұмысшыларды жалдайды, өнім бірлігінің бағасы = 30. Кестені толтырыңыз:
Жұмысшылар саны
Жиынтық өнім
Шекті өнім
Шекті өнімнің құны
1
4
2
10
3
15
4
18
5
20
6
21
Егер жалақы мөлшері 50 болса, фирма неше жұмыскер жалдайды? Мөлшер 140 дейін өссе ше? Еңбекке деген сұраныс қисық сызығының графигін жасаңыз. №5 есептегі фирма монополист болды дейік. Өнім бірлігі үшін ол бағаны 30-35 деңгейінде белгіледі. Валдық (жалпы) және шекті табысты есептеңіз, сонымен бірге жалақы мөлшері 50 тең болса, фирма жұмыскерді жалға алады. 140 тең болса? Еңбекке деген сұраныс қисық сызығын салыңыз.
7. Бәсекелес нарықта өнімнің бірлігін 10 доллар бағамен өткізетін фирманың өндірістік функциясы:
Q = 145L – 0.75L2 Жалақының 1000 доллар мөлшерінде фирма неше жұмыскер жалдайды?
а) 15
б) 25
в) 30
г) 50
8. Фирма өндірістің 2 факторын – еңбек пен капиталды пайдаланады. Олардың шекті өнімдері тең: MPL = 24,
MPK = 16, ал бағалары тең: PL = 4, PK = 8. пайдасын жоғары көтеру үшін фирмаға пайдалану қажет
а) көбірек еңбек пен капиталды
б) азырақ еңбек пен капиталды
в) еңбекті көбірек, ал капиталды азырақ
г) капиталды көбірек және еңбекті азырақ