Бағдарламасы Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты


Ашық көлік дәліздері және логистика



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі35,14 Kb.
#159519
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сайлауалды бағдарлама Тоқаев

Ашық көлік дәліздері және логистика
Қазақстан экономикасы көлік дәліздерін кеңейтуді қажет етеді. Бұрыннан бар жаһандық тауар жеткізу жүйесінің бұзылуы біздің болашақ транзиттік мүмкіндігімізді күшейтті.
Біз жаңа сапалы жолдар, қоймалар салып, айлақтардың әлеуетін арттыруымыз керек, саланы локомотивтермен, жүк көлігімен, контейнерлермен қамтамасыз етуіміз қажет. 
Мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттырады. Сол арқылы ел экономикасына мол инвестиция тартуға тың серпін береміз. 


Осы мақсатта:

  • Транзиттік және экспорттық мүмкіндікті әртараптандыру үшін Транскаспий халықаралық бағытын негізгі байланыстырушы буынға айналдырамыз.

  • Теңіз порттары мен флотты нығайтамыз, Каспий теңізінде заманауи контейнерлік хаб құрамыз.

  • Ресей, Қытай, Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен шекара маңында сауда-экономикалық орталықтар желісін ашамыз. 

  • Отандық өндіруші мен экспорттаушыға бірдей қолжетімді, транзиттік тасымал үшін бірыңғай цифрлық жасыл дәліз құрамыз.

  • Ұшақ билетінің бағасын төмендету үшін әуе нарығында нақты бәсекелестік құрамыз.

  • 11 мың шақырым теміржолды жөндейміз.

«Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтарал» теміржол желісін, Алматының айналма тармағын, Қытаймен «Бақты» теміржол өткелін іске қосамыз.
Сенімді энергетика
Қолжетімді әрі тұрақты энергетика секторы – индустриялық өсудің негізі. 
Біз тәуелсіз энергетикалық жүйе құруды жалғастырамыз. Ол халықтың тұрмыстық қажеттілігі мен өнеркәсіптің сұранысын толық қамтамасыз ететін болады.
Көмірсутегі өндірісін дамытып, өңірлерді газдандыруды жалғастырамыз. 
Жасыл технологияларға баса назар аудара отырып, баламалы энергия көздерін де дамытамыз.


Осы мақсатта: 

  • Өңдеу көлемін жылына 21 миллион тоннаға дейін ұлғайту арқылы ішкі нарықты мұнай өнімі түрлерімен қамтамасыз етеміз.

  • Мұнай өндіру өсіміне қарай көмірсутегі шикізатын экспорттау дәліздерін әртараптандырамыз.

  • Тауарлық газ ресурсын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын саламыз.

  • Елдегі газдандыруды 60 пайыздық деңгейге жеткіземіз.

  • 3,7 Гвт электртүрлендіретін қуат пен жылу электрорталықтарын жаңғыртамыз және саламыз.

  • Жаңартылатын энергия өндірісінің көлемін 1,5 есеге арттырамыз.

Еліміздің энергия жүйесін сақиналайтын электр беру желісінің құрылысын аяқтаймыз.
Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым
Әділетті өңірлік саясат – адамдардың үлкен қалада да, шағын ауылда да жайлы өмір сүруі деген сөз.
Әрбір отбасы таза ауыз суға, сапалы жолдарға, жылдам интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізетін болады.
Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады, барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. 
Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет