Бағдарламасы Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты



бет4/7
Дата23.11.2022
өлшемі35,14 Kb.
#159519
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сайлауалды бағдарлама Тоқаев

Осы мақсатта:

  • Біз барлық судья мәртебесінің тең болуын қамтамасыз етеміз.

  • Азаматтарды қудалаудан бас тартуымыз керек, сондай-ақ қылмыстық қудалауға тап болған азаматтың құқықтарын қорғауды күшейтеміз.

  • Біз сот төрелігін жүзеге асыруда бірізділік орнату үшін зияткерлік жүйе енгіземіз.

  • Апелляция институтын реформалаймыз.

  • Алқабилер соты қарайтын істер санатын кеңейтеміз.

  • Сот қазысына әрбір жойылған сот актісін тексеру құқығын береміз.

  • Бас бостандығынан айырудың балама жазасын қолдануды кеңейтеміз.

  • Қазіргі заманғы технологиялар мен медиацияны пайдалана отырып, тиімді азаматтық сот ісін жүргізуді жолға қоямыз.

  • Біз сотқа дейінгі іс жүргізу жүйесін күшейтеміз және айыптау мен қорғау тараптары арасындағы нақты бәсекелестікті қамтамасыз етеміз.

Азаматтар құқығын қорғау
Азаматтардың құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау қызметінің негізгі басымдығына айналады.
Бизнестің ісіне орынсыз араласу фактілері, сол сияқты лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдаланудың басқа да формалары біржола келмеске кету керек.
Ол үшін жақын арада қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына ревизия жүргізіледі.
Азаматтарды қылмыстық процеске мейлінше аз тарта отырып, барлық рәсімді шындықты толық ашу тұрғысынан оңтайландыру қажет. 
Жауапкершілікті белгілейтін заңдар, ең алдымен, әділ болуы керек, сондықтан құқықбұзушылық жасағаны үшін белгіленетін санкциялар жүйесі де өзгереді. 
Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды қолдану аясы кеңейтілетін болады.
Құқыққорғау органдары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, алаяқтық, қаржы пирамидалары сияқты отандастарымыз ең көп зардап шегетін қылмыстарға назар аударуы керек.
«Ақжағалылар» қылмыстарымен күрес саласында сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою басты басымдық болып қала береді. 
Сондай-ақ, қылмысты тіркеуден гөрі, тиімді түрде оның алдын алуға баса назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет