Тақырып.
ОЖЖ-не әсер ететін дәрілер. Наркозға арналған дәрілер. Этил
спирті.
Наркозға арналған дәрілер
Оқу материалының мазмұны.
Наркозға арналған дәрілер (фторотан, энфлуран, наркозға арналған эфир, азот
шала тоттығы, тиопентал. Дәрілердің ашылу тарихы және қолданылуы (В.
Мортон, Н.И.Пирогов, Н.П. Кравков). Наркоз жағдайына жалпы сипаттама беру.
Наркоздың түрлері және сатылары. Наркозға арналған дәрігерлерге қысқаша
физика – химиялық сипаттамам беру. Молекулалық әсер ету механизмдері.
Наркотикалық әсерлердің кеңдігі туралы түсінік.
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілердің жіктелуі (белсенділігі, наркоздың
даму жылдамдығы, наркотикалық әсерлердің кеңдігі, салдары, жүрек-қантамыр
жүйесіне әсер етуі).
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілердің әсер ету ерекшеліктері.
Әсерлерінің ұзақтығы бойынша жіктелуі. Олардың салыстырмалы бағасы
(белсенділігі, наркоздың даму жылдамдығы, әсерлерінің ұзақтығы, салдары).
Қолданылуы,жағымсыз әсерлері, наркозға арналған дәрілерді біріктіріп
қолдану.
Этил спирті. Жергілікті және резорбтивті әсері. ОЖЖ-не тигізетін әсері.
Энергетикалық маңызы. Медициналық практикада қолданылуы. Этил спиртінің
токсикологиялық сипаттамасы. Жүрек-қантамыр жүйесіне, асқазан-ішек
жолдарына, бауыр және организмнің басқа да ағзалары мен жүйелеріне
тигізетін әсері. Жедел улану және оны емдеу, алкоголизм және оның әлеуметтік
аспектілері. Алкоголизмді дәрі-дәрмектермен емдеудің негізгі принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |