Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы

 
2. Сабақтағы тәртіп
2.1. Сыныпқа мұғалім кіріп келе жатқанда оқушылар орындарынан тұрып 
ізет білдіріп амандасады. Мұғалім отыр деп ишара білдірген кезде орындарына 
отырады. 
2.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттарында белгіленген 
өлшемдерді және мектеп ережесін басшылыққа ала отырып әрбір мұғалім пән 
ерекшелігіне сәйкес сабақты өткізудің әдіс тәсілдерін өздері анықтайды. 
Мұғалімнің сабақ өткізуге қатысты ұсынатын талаптарын орындау барлық 
оқушылар үшін міндетті болып табылады. 
2.3.Сабақ барысында сыныпта орынсыз шуға, мұғалім тапсырмаларына 
қатысы жоқ әрекеттермен айналысуға, өзгелердің жұмыс жасауына кедергі 
болуға жол берілмейді. Сабақ уақыты тек оқуға, білім алуға арналады. 
Мұғалімнің (сынып жетекшісінің) талабы бойынша оқушы күнделігін ұсынуы 
тиіс. Күнделіктегі әрбір жазу таза әрі мұқият жазылады. Әр аптаның соңында 
ата-аналарға күнделікке қол қойғызып отыру қажет. 
2.4. Сабақ үстінде оқушыға сыртқа шығатын қажеттілік туындайтын болса, 
жай ғана қолын көтеріп мұғалімнің рұқсатын алуына болады. 
2.5. Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе немесе мұғалімнің 
сұрағына жауап бергісі келсе қолын көтереді. Сабақ аяқталды деген қоңырау 
мұғалім үшін соғылады, сондықтан мұғалім сабақ аяқталды деген уақытта ғана 


оқушының сыныптан шығуына рұқсат беріледі. Егер мұғалім немесе басқа 
ересек адам оқушыдан бұрын тысқа шығатын болса оқушылар орындарынан 
тұрып ілтипат білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет