Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы

Ұлттық экономика.
Әр ұлт орналасқан жер жағдайына, табиғаттың 
қолайлығына қарай еңбек етіп, шаруашылық пен кәсіптің белгілі бір салаларын 
дамытады. Біз ата-бабаларымыз төрт түлік малмен айналысқан десек, бүгінгі 
күнде де кәсіпкерліктің басты салаларының бірі – мал өсіру. Тіпті шетелдерден 
әкеліп, өзге (түйеқұс, зубр, т.б.) шаруашылық түрлерін дамытып отырғандар да 
бар. 
Экономика, атакәсіп, шаруашылық, тұлғалық іскерлік
:
тұлғалық кәсіби 
ізденіс, мамандыққа баулу, өнеркәсіп пен шаруашылықты зерделеу, кәсіпке 
бейімделу,т.б. 

Тәрбие қағидалары: 

Тұлғаның қоғам алдындағы жауапкершілігі мен белсенді өмір сүру 
дағдыларын қалыптастыру. 

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы ізгі педагогикалық 
ынтымақтастық, ықпалдастық. 

Тәрбиешінің әкімгерліктен, әміршілдіктен арылуы. Тәлімгер –шәкірттің 
ақылшысы, жолбасшысы, көмекшісі, қамқоршысы, жәрдемшісі. 

Тәрбиенің даралау үлгісі ұстанымын басшылыққа ала отырып ұжымдық 
тәрбиеге көшу. 

Шәкірттің ар-ожданына нұқсан келтірмеу, жеке қарым қатынастағы 
құпиялық сақтау. 

Үлгілі және қоланбалы тәрбие (моральдық кодекс, ар-ождан кодексі
мінез-құлық және қоғамдық тәртіп ережелері, ұлттық әдет-ғұрып және салт – 
дәстүр ережелері т.б.) ережелерін басшылыққа алу. 

Тәрбиеде дәйекті нәтижеге жетуді мақсат ететін тәрбиенің өлшемін 
(білім, ғылым, тәжірибе, уақыт, еңбек, энергия) тиімді пайдалану.

Тәрбие нысандарын табиғат заңдылықтарымен ықпалдастыру. Адам 
(жан мен тән) экологиясы, қоғамдық қарым-қатнас экологиясы, табиғат 
экологиясы біртұтас қаралуы тиіс. 

Тұлғаның дамуы мен кемелденуінде кешенді үйлесімділік (адамилық, 
табиғилық, жаратылыстық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени-эстетикалық, 
қоғамдық - этикалық) қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет