Бағдарламасы х.ғ. д., доцент Абдулкаримова Р. Г., х.ғ. к., м а. доцент Нажипқызы М., х.ғ. д., профессор Мансуров З. А. құрастырған


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет2/11
Дата03.11.2023
өлшемі118 Kb.
#189242
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Наноматериалы и нанотехнологии хим - каз

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
1. Нанотехнологияның іргелі негіздері
2. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау


4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Нанотехнологияның іргелі негіздері» пәні
1. Наножүйелер және нанотехнология ғылымының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
Нанотехнология тарихының туындауы және наножүйелер туралы ғылым. Наноәлем. Наноматериалдар туралы түсініктер. Наноматериалдар құрылымының түрлері және жіктелу негіздері. Нанообъектілер мен наножүйелер мысалдары, олардың ерекшеліктері және технологиялық қосымшалары. Фуллерендер, фуллериттер, графендер, нанотүтікшелер, наноталшықтар, аэрогельдер – құрылымы, физикалық қасиеттері, қолданылу аясы. Нанотехнологияның даму принциптері мен келешегі.
2. Наноматериалдар және олардың жіктелуі.
Бейорганикалық және органикалық функционалды материалдар. Гибридті (органо - бейорганикалық және бейоргано - органикалық) материалдар. Биоминерализация және биокерамика. Наноқұрылымды 1D, 2D және 3D материалдар. Мезокеуекті материалдар. Молекулалық елеуiштер. Нанокомпозиттер және олардың синергетикалық қасиеттерi. Құрылымдық наноматериалдар.
3. Нанобөлшектер мен нанообъектілердің жіктелуі.
Нанобөлшектердің түрлері. Нанобөлшектерді алу әдістері және тұрақтандыруы. Нанобөлшектердің агрегациясы мен дезагрегациясы. Бір және екі өлшемді нанореакторлардағы наноматериалдардың синтезі.
4. Наножүйелер түзілуінің негізгі принциптері.
Физикалық және химиялық әдістер. Нанообъектілерді «жоғарыдан - төмен» алу процестері. Нанообъектілерді механобелсендіру және механосинтез. Нанообъектілерді «төменнен - жоғары» алу процестері. Газ және конденсірленген ортадағы дән түзілу процестері. Гетерогенді дән түзілу, эпитаксия және гетероэпитаксия. Химиялық гомогенизация әдістері (қайта тұндыру, золь-гель әдістері, криохимиялық технология, аэрозоль пиролизі, сольвотермалды өңдеу, өте жоғары шекті кептіру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет