Бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4- сыныбына арналған 2017 ж



бет1/5
Дата11.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#131390
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment orfografiyaly-sauattyly
iuIlxFM45qsDKax4QvvxZFwHa3W6nTfpVNcFKqj7, iuIlxFM45qsDKax4QvvxZFwHa3W6nTfpVNcFKqj7, iuIlxFM45qsDKax4QvvxZFwHa3W6nTfpVNcFKqj7, Физика 7- сынып 3- то сан « ысым» б лімі бойынша жиынты ба алау (1), Физика 7- сынып 3- то сан « ысым» б лімі бойынша жиынты ба алау (2), iuIlxFM45qsDKax4QvvxZFwHa3W6nTfpVNcFKqj7, Документ Microsoft Word-ru-kk-П, ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, Analis2

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
33 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
«Орфографиялық сауаттылық» курсының
бағдарламасы
жалпы орта білім беретін мектептің
4- сыныбына арналған




2017 ж

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі


Ажикенова Лаззат Жамбуловна

Түсінік хат
 
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш 4 - сыныбына арналған «Орфографиялық сауаттылық» бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік білім стандартының негізіне сүйене отырып жасалған.


Оқу жоспарында көрсеткендей бастауыш буында «Қазақ тілі» курсын оқытуға бөлінген уақыты ( 4 – сыныпта, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат) ескере отырып, дайындалған бағдарлама. Оқу материалдардың мазмұны маусымдық – тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып қазақ тілі пәні бүгінгі талапқа сай «Қазақ тілі» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.
Бағдарлама бастауыш сынып оқушылардың алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландырып, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін жəне олардың ақыл-ойын дамытады. Оқушылардың дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады; тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктерін қалыптастыру; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгертеді, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастырады;тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытады;оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді;ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде ұсынады.
3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет