Бағдарламасы «Жас ерекшелігі психологиясы»



бет3/26
Дата06.02.2022
өлшемі229,5 Kb.
#59751
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Даму факторлары

  1. Даму факторларына кіріспе

  2. Физиологиялық және әлеуметтік фактор

  3. Даму факторының адам психикасына тигізетін әсері.

Даму-баланың қоғамдық-тарихи тәжірбиені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады.Жануарлар дүниесі мен адамның даму процестері мен сипаты мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі-биологиялық бекіген-тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінен жануарлардың ортаға дара икемделуі өріс алады.


Соңғы кездерде психикалық дамудың биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме,-осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер келісімге келе алмай жүр. Оның себебі, биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі, факторлардың әрқайсысы өзінше психикалық дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ, кейде зерттеушілер «биологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың: психикалық тұрғыдан қалай дамитындығын толық түсіндіре алмайды. өйткені тұқым қуалау қасиеті өзінен-өзі қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Бұл ілгеріде аталып кеткен педиология ілімі баланың ой-өрісін анықтауда тұқым арқылы берілетін қасиеттерге тек мән беріп, әлеумет ортасының, соның ішінде тәрбиенің тигізетін ықпалын жоққа шығарып келді. Осы кездерде ғылым үстірт дамығандығынан зерттеушілер «әлеумет ортасы», не тұқым қуалаушылық деген ұғымдарды таяз мағынада түсініп, соның нәтижесінде баланы зерттеуде сәтсіздіктерге ұшырады.
Адамның дамуына қоғамдық орта, тәрбие микроортасы қарым-қатынасы, іс-әрекеті мен қызметі себепші болды.
Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана емес, бала психикасының дамуын, 1-шіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмаынан. 2-шіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де ескеріліп, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғанынан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды. Керісінше, тек адамнан адам тууы биологиялық кодтар («пішу» т.б.) арқылы берілген.
Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі. (шартсыз рефлекстер)
Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.
Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұның да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек біліммен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамныңдамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму жекелеген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінен емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады. Және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алды.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасындағы дамуының ролі қандай?
Адамның психикалық (құрылымы) іс-әрекеті-өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктеріалдымен баланың тіршілігі және тәрбиесі мен сабақтас. Сөздік логикалық ес, ұғымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау-сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу функцияларының) процестерінің арақатынасымен ерекшеленеді. Психикалық басқа да көптеген компоненттерменен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мысалы, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі мен синтезі функциялар арасындағы байланыс белгілі. Әдетте, нышандар деп аталатын, қарапайым табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр.
Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жоғарғы нерв қызметінің типі деп жорамалданады.
Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір қалыпты болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процесінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, 2-ші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін-адамның дүниеге келуі.
Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады.
Еңбек адамзат қоғамының дамуына, ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.
Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Сүйектері, ми қабығының клеткалары, сондай-ақ бет әлпеті еңбек процестерінде біртіндеп даму үстінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет