ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
5В074800- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
2 кредит (90 сағат)
Қарағанды 2016
АЛҒЫ СӨЗ
5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.
Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындығы №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер 13 мамыр 2016ж. №292 қаулысымен енгізілген.
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген
ТҮСІНІК ХАТ
Жоғары мектепте мамандарды фармацевтикалық өндіріс технологиясы кәсібі негізінде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кәсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кәсіптік білім беруді жаңартудың басты құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, қазақ тілін кәсіби деңгейде, еркін меңгерген тұлға болуы тиіс.
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығында оқитын студенттерге кәсіби қазақ тілін оқыту жүйесінің мақсаты – өз мамандығы бойынша қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тілдік тұлға қалыптастыру. Кәсіби қазақ тілін оқыту танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, жеңілден күрделіге қарай бағытталып, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-прагматикалық дәрежеде меңгерген тілдік тұлға қалыптастыруды көздейді. Жоғары оқу орнында оқытылатын кәсіби қазақ тілі белгілі мамандықтар бойынша даярланатын маман кадрларының коммуникативтік және танымдық қажеттіліктерімен анықталады.
Кәсіби қазақ тілінің мазмұнын құрайтын құрамдас бөліктерге жататындар:
коммуникативтік іс-әрекет салалары, фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығына байланысты тақырыптар және әр түрлі жағдаяттар;
тілдесім құралдары (лексикалық бірліктер, грамматикалық тұлғалар және құрылымдар, тілдесім орамдары);
жанр, стиль, мазмұны жағынан әртүрлі сипаттағы мәтіндер және кәсіби білімнің элементтері;
сөйлеу әрекетінің кәсіби ауызекі және жазба түрлеріндегі тіл материалдарын тыңдап түсіну және қолдану;
болашақ маманның қызмет саласы бойынша қазақ тілінде ауызша және жазбаша тілдесе білуі;
Әдістемелік тұрғыдан сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін өзара тығыз байланыста дамыту, спиралдық ілгерілеу қағидаты негізінде тұлға, мән-мағына және функционалдық маңыздылық бірлігін сақтай отырып, лингвистикалық құбылыстарды оқыту, аутенттік негізде қамтамасыз ету өте тиімді.
Тіл материалы белгілі іс-әрекетті жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылып, оны сұрыптауда функционалдық-коммуникативтік әдіс қолданылады.
Оқытушы мен студенттер оқу үрдісінің белсенді субьектілері ретінде қарастырылады.
Оқу үрдісіне тіл иелерін тарту және мультимедиалық оқыту құралдарын қалыптастыру қажет.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№
|
Тақырып атаулары
|
1.
|
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктері.
|
1.1
|
Ғылыми стиль. Қымыздың емдік қасиеті. Химиялық құрамы.
|
1.2
|
Публицистикалық стиль. Табиғат тамашалары.
|
1.3
|
Ресми ісқағаздар стилі. Келісімшарт.
|
2.
|
Мамандыққа байланысты ісқағаздардың түрлері. Өмірбаян. Түйіндеме. Мінездеме. Сауалнама.
|
2.1
|
Өтініш. Анықтама. Жеке іс парағы.
|
3.
|
Мамандық әлемінде. Мамандық тілі. Салалық терминдер.
|
3.1
|
Фармацевтиканың өндірістік технологиясының мәселелері.
|
3.2
|
ҚР фармацевтика өнеркәсібін дамыту.
|
3.3
|
Фитохимия институты. Химия ғалымдары.Фармацевтика ғылымы.
|
3.4
|
Медицина және фармацевтика мамандықтары.
|
3.5
|
Химияның фармацевтикалық ғажайыптары.
|
3.6.
|
Фармацевтика өнімдері және медицина.
|
4.
|
Қоршаған орта және адам денсаулығы.
|
4.1.
|
Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері.
|
4.2.
|
Дәрумендер. Дәрілік заттар.
|
4.3.
|
Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің химиялық құрамы.
|
4.4.
|
Дәрілік өсімдіктерді емде қолдану. Шөптердің емдік қасиеті.
|
4.5.
|
Ұлттық тағамдар және олардың пайдасы.
|
4.6.
|
Парфюмериялық өнімдер.
|
5.
|
Табиғат және экология.
|
5.1.
|
Тіршіліктің сан алуандығы.
|
5.2.
|
Экологиялық таза тағамдар.
|
5.3.
|
Қазіргі экологиялық мәселелер.
|
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.
Күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру.
Әр түрлі стильде жазылған мәтін, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
Өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру.
Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
Монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту.
Қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну және жаза білу.
Аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету.
Қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру.
Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету.
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кәсібі бойынша қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
Өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ
Кәсіби қазақ тілін фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша оқыту барысында мынандай міндеттерді шешу көзделеді.
1) Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айтуға, олардың жазылуына ерекше мән беру, мәнерлеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
2) Өзінің жұмысы туралы хабарлама жасай білуге, сонымен қатар, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын, құттықтауларды жаза білуге, есеп беруге дағдыландыру;
3) Кәсіп саласы бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтуге, терминдерді еркін пайдалана білуге, кез келген жағдаятта еркін сұрап, жауап беруге, әңгімеге араласуға қалыптастыру;
4) Қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыру;
Монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу және ол туралы сөйлесу дағдысын дамыту;
Кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана білуге және сауатты түрде аударма жасауға үйрету;
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру, ол туралы пікірін айта білуге қалыптастыру;
Өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру, еркін тақырыптарда шығарма жаза білуге үйрету;
Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету;
10) Теледидар, радио, интернет, компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсініп, өз сөзімен айта білуін қалыптастыру;
11) Әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу және оны түсініп, айтып беру дағдысын қалыптастыру;
Типтік бағдарлама кәсіби қазақ тілін меңгеретін тілдік тұлғаға қойылатын талаптарын, білім мазмұны, сағат көлемі, сөйлеу іс-әрекеті түрлері бойынша әр деңгейдің дидактикалық міндеттеріне сай таңдалып, іріктелген тапсырмалар мен коммуникативтік жағдаяттарды қамтиды.
Студенттерге кәсіби қазақ тілін меңгеруде қойылатын қорытынды талаптар - студенттердің коммуникативтік, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.
Коммуникативтік құзіреттілік - білім алушылардың кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзіреттілік – тілдік (лингвистикалық), әлеуметтік-лингвистикалық, дискурстық, мәдени-лингвистикалық, кәсіби білік-дағдылардың жиынтығы.
Лингвистикалық құзіреттілік мазмұнына коммуникативтік, кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білуі, қолдана алуы жатады.
Дискурстық құзіреттілік - білім алушылардың белгілі бір әлеуметтік (тұрмыстық, бейресми) қарым-қатынасты белгілі бір коммуникантпен оның ниетіне сай орнатып, жалғастыра алуы.
Мәдени-лингвистикалық құзіреттілік – тіл үйренушілердің қарым-қатынасты қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір жағдаятта тиімді құруы.
Кәсіби құзіреттілік сабақ үдерісінде түрлі кәсіби-әлеуметтік білік-дағдылардың жиынтығын іске асыру арқылы қалыптастырылады, яғни оқу үдерісіндегі жағдаяттық тапсырма үлгілері ақиқат қарым-қатынас үлгісіне мейлінше ұқсас, жақын болуы шарт. Осы мақсатта берілген жағдаяттық тақырыптар мен тапсырмалар студенттің өзіндік ой-пікірін, пайымдауын білдіруін көздейді.
Оқу үдерісінде пайдаланылатын мамандыққа байланысты мәтіндер түрлі функционалды стильдердің әр алуан жанрынан (жарнама, хабарландыру, бағдарлама, анықтағыш материалдар т.б.) таңдалып алынғандықтан, прагматикалық міндеттерді шешуге жәрдемдеседі. Білім алушының сөздік қоры, сөйлеу тақырыптары мен жағдаяттық тапсырмалар оның болашақ мамандығымен тығыз байланыста іріктеледі.
Тілдік материалдар тақырыптық топтарға біріктірілген лексиканы, сөйлеу әдебінің стандартты сөз орамдарын, бағалауыш мәнді бірліктерді қамтуы тиіс. Аталған тілдік материалдың меңгертілуі жаттанды түрде емес, студенттің сөйлеу жағдаятына сәйкес шығармашылықпен қолдана алуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан кәсіби қазақ тілін оқу үдерісінің нәтижесі коммуникативтік-танымдық, мәдени-әлеуметтік, тұлғалық-бағдарлы тәсілдер негізінде жаңа технологиялар арқылы білім алушы мен оқытушының өзара біріге жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Бұл орайда студенттің тұлғалық, психологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктерін ескеру, жетілдіру, әлеуметтік қарым-қатынасқа қабілеттілігін дамыту көзделеді.
Кәсіби қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде сөйлеу әрекетінің төрт түрін еркін игеріп, оларды сауатты қолдана алуға қол жеткізілуі тиіс, өйткені кәсіби білік-дағдыларды қалыптастыру бұларсыз мүмкін емес. Одан кейін кәсіби саладағы қарым-қатынасты орнатып, жалғастыра білуді игерту үшін түрлі нұсқадағы жағдаяттық тақырыптар, тапсырмалар қамтылады.
Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша студенттерге қойылатын талаптар:
Сөйлесім (айтылым): кәсіби тілде монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру.
Тыңдалым: студенттер өзара бір-бірін, үнтаспаға жазылған қажетті кәсіби саладағы мәтіндерді тыңдап, түсінуі қажет; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білуі тиіс; тыңдалған мәтін бойынша кәсіби міндеттерді құрастыра білуге дағдылануы керек.
Оқылым: түрлі функционалды стильдердің әр алуан жанрындағы прагматикалық сипаттағы мәтіндерді оқу, яғни студент мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуі тиіс; мәтінді мейлінше толық, дәл түсінуі қажет; автордың көзқарасын анықтай білуі керек; өзіне қажетті ақпаратты тез таба білуі тиіс.
Жазылым: қазақ тілінің емле және тыныс белгілерін сақтай отырып, жеке және ресми сипаттағы хаттарды, жеделхаттарды, құттықтауларды, аннотация-пікірлерді т.б. жаза білуі тиіс; өз ойын қажеттілігіне қарай қысқаша немесе толық баяндап, реферат жаза білуі керек; хаттама жаза білуі қажет; берілген тақырып, мәселе бойынша өз пікірін, әсерін, бағалауын, дәлелін толық, әсерлі, бейнелі жеткізе алуы тиіс.
Сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша кәсіби қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге қойылатын талаптар:
Түсіну
|
Тыңдалым
|
Жақсы таныс тақырыптар аясында күрделі дәлелдері бар көлемді баяндамалар мен дәрістерді, кейіпкерлері әдеби ауызекі тілде сөйлейтін көптеген фильмдердің мазмұнын түсіну.
|
Оқылым
|
Қазіргі заманғы өзекті мәселелер туралы жазылған публицистикалық стильде берілген эссе, мақалалар, хабарламалар авторларының ерекше ұстанымын немесе көзқарасын түсіну.
|
Айтылым
|
Диалог
|
Алдын ала дайындалмаған диалогқа қатысып, өз ойын еркін білдіру, таныс мәселе бойынша пікірталасқа белсенді қатысу, өз көзқарасын негіздеп қорғай білу.
|
Монолог
|
Өзін қызықтыратын саладағы түрлі мәселелер бойынша ойын нақты да толық айта білу, өзекті проблема бойынша оң немесе қарсы пікірін жеткізе білу. Оқыған әдеби шығармаларды мазмұндай білу.
|
Жазылым
|
Жазылым
|
Тіл үйренушіні қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша өзінің «қарсы» немесе «қарсы емес» екенін дәлелдей отыра толыққанды хабарламалар, эссе немесе баяндамалар жаза білу. Өте маңызды оқиғалар мен әсер қалдырған жағдайларды жазған хатында баяндай білу.Тыңдалған дәрістер бойынша конспект жаза білу. Оқыған әдеби шығармалары бойынша пікір жаза білу. Берілген шығармаға жоспар құрастыру.
|
Емтиханның мазмұны:
Емтихан кезеңдері
|
Емтихан уақытының ұзақтығы
|
Балл түрінде бағалау
|
Тыңдалым:
Тыңдалған 3-4 мәтін бойынша жауап қайтару. Аудиомәтіндердің жалпы ұзақтығы– 6 минут. Тыңдау – 2 рет.
|
30 минут
|
25
|
Оқылым:
Күнделікті өмірден алынған жағдайларға қатысты 4-5 мәтінді оқу және мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Мәтіннің жалпы көлемі: 1200 сөз.
|
35 минут
|
25
|
Жазылым:
Жалпы тақырыптарға, оқиғаларға қатысты өз ойын эссе, мақала түрінде жазу.
Көлемі: 90-100 сөз.
|
45 минут
|
25
|
1
|
2
|
3
|
Сөйлесім:
1-бөлім – әңгіме желісін сақтау;
2-бөлім – белгілі бір құжат бойынша монолог түрінде ойын жеткізу;
3-бөлім – оқиға бойынша диалог құру.
|
15 минут
|
25
|
БАРЛЫҒЫ:
|
2 сағ. 5 мин
|
100
|
РЕФЕРАТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан.
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту.
Химия ғажайыптары.
Адам және мәдени орта
Экологиялық таза тағамдар.
Химия саласының ғалымдары туралы.
Тәртіп пен еңбек денсаулықтың кепілі.
Дәрілік өсімдіктер.
Әлемде талай қызық бар.
Химия жаңалықтары.
Химия және фармацевтика.
Өсімдіктердің химиялық құрамы.
Химиялық элементтер жайында.
Ұлттық тағамдар және оның емдік қасиеті.
Академик Қ.Сәтбаев.
Фармацевтикалық орталық.
Фармацевтикалық мамандық туралы.
Химия ғылымы.
19.Фармацевтика және сапалы өнім.
Химия және экология.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
Мамандық саласындағы тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктері.
Публицистикалық стиль.тіршіліктің сан алуандығы және рухани байлық.
Ресми ісқағаздар стилі.
Көркем әдебиет стилі. Химия ғажайыптар.
Ісқағаздарының түрлері. Келісімшарт.Сұраныс. Тапсырыс.Өтініш.
Мен таңдаған мамандық.
Менің арманымдағы жұмыс орны.
Қарағанды ХМИ.
Мамандық тілі. Кәсіби терминология.
Фармацевтикалық мамандықтың маңызы.
Химияның қауіпсіздік ережелері.
Қоршаған орта және адам денсаулығы.
Химияның тұрмыста қолдануы.
Фармацевтика және парфюмерия өнімдері.
Жылқы еті және оның пайдасы.
Қымыз және оның емдік қасиеті.
Дәрілік өсімдіктердің денсаулыққа пайдасы.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Стиль түрлеріне газеттен, журналдан, кітаптан мысалдар жазу.
Ауызекі сөйлеу стилі мен ғылыми стильді салыстырып, айырмашылықтарын жазу.
Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилін салыстырып, ұқсастықтарын жазу, мысалдар келтіру.
Газет-журналдардан фармацевтика саласына байланысты мәтіндермен жұмыс.
Даналардың данасы.
Химия ғажайыптары.
Өсімдіктерден түрлі рецептер дайындау.
ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы.
Мамандық әлемінде.Фармацевтика мамандығының қызықтары.
Кәсіби саланың атақты тұлғалары.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (27 қаңтар, 2012 жыл)
2.ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы.(11 шілде 2012 жыл)
3.Айтбаева Б.М., Садуақасова Б.Қ., Күзембаева Г.Т. «Қазақ тілі» биология І – ІІ география факультетінің экология, география мамандықтарына арналған электронды оқулық (31.11.2005. куәлік №353).
4.Алдашева А. Тілді оқыту әдістемесінің негізгі түсініктері (Әдістеме әлемінде. Ғылыми әдістемелік жинақ) Алматы, 2008.
5.Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттастық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми әдістемелік негіздері. Алматы, 2007.
6.Н.Ергалиева. Іс-қағаздарының орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1993.
7.Есбаева Ж.С. Кадина Ж.З. Химия факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – 65 б.
8.Есбаева Ж.С., Кадина Ж.З., Мизанбаева Г.Ш. «Қазақ тілі» химия факультетінің мамандықтарына арналған электронды оқулық.(22.07.2008. куәлік №330)
9.Қадашева Қ. Қазақша жаңғыртып оқытулың әдістемелік негіздері, өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы, 2001.
10.Қадашева Қ. Күзекова З. Іскери қазақ тілі.Астана, 2000.
11.Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.
12.Құрман Н.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі қазақ тілінен сабақ үлгілері. Астана, 2008.
13.Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. Алматы, 2009.
14. Ж.Доспанова, С.Сарсембекова, Г.Шаһарман. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 2002.
15.Сұлтанова Ғ., Сатқаева З. Жаңаша оқыту- заман талабы. Алматы, 2011.
Авторлары: қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.М. Айтбаева, аға оқытушы Г.Х. Абдрахманова
Достарыңызбен бөлісу: |