Бағдарламасы «Кәсіптік педагогика және психология негіздері»



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#28984
түріБағдарламасы
1   2   3

Педагогикалық процесс – тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық құрылым: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – түрлер.

Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі.

Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.



Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері.

Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасйтын материалдық тәсілдер.

Әдістемелік құрылым: ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды.

талдау; экскурсияның әдістемелік. құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.

Психологиялық құрылымы: танымдық процестер, оқуға қызығушылық, ерік-жігер қасиеттері.

Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетімен шектелмейді, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар:

1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыбының мақсат-міндетері айқын қарастырылуы көзделеді.

2.Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

  1. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

  2. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау.

Осыған сәйкес оқыту,оқушылардың білімдер жүйесін меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

    1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу.

    2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

    3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып , ғылыми ұғымдар ментұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

    4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

    5. Білімді практикада қолдануға тырысу.

    6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады. Аталған әр кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болады .

Бірінші кезеңді талдайтын болсақ.оқушының білім алудағы әрекеті түрткі және мақсатқа сәйкес жүзеге асады. Түрткі - әрекеттің себебін анықтайды. Оқуда негізгі түрткінің бірі – қызығу. Бала оқуға талаптанбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес.Қызығушылықтың тууына жағдай жасау қажет. Бұның шарттары мен амалдары жеткілікті.Олар:оқу материалдарының мазмұны, оқуды ұйымдастыру, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты.Екінші кезең тікелей баланың психикалық танымдық процестеріне байланысты. Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалдарын қабылдаудан басталады. Ал қабылдау түйсік арқылы жүзеге асады (жеке тоқталып өту). Білімді жан-жақты меңгеру үшін қабылдау жеткіліксіз.Бұл олардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Бекіту – білімді жадыда қалдырудың әдіс-тәсілі. Ол әртүрлі практикалық, лабараториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.

Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші - практика.Бұл жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
6-тақырып. Мектептегі білімнің мазмұны.

  1. Білім беру мазмұны.

  2. Оқу жоспарлары, бағдарламалар және оқулықтар.

Білім беру мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.

Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.

Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, момпьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.

Оқу жоспары.


  • Оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін;

  • Оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін;

  • әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін;

  • әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат;

Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және ижүйелілік

принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді.



Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастыралады. Оқу бағдарламасының құрамы:

  • аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын,, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

  • пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

  • негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

  • әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері

  • пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

  • әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

  • ұсынылған әдебиет;

Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады.

Ол түсінік хат, негізгі бөлім әдістемелік аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап ҚР-ның тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:


  • оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;

  • курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:

  • оқу бағдарламасына сәйкес болу;

  • оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;

  • көрнекіліктерімен жақсы жабдықталу;

  • тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу керек;



  • тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы;

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
7-тақырып. Оқыту әдістері.

  1. Оқыту әдістері туралы түсінік.

  2. Оқыту әдістердің көптүрлілігі, оларды топтасытру.

  3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік “әдіс” – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет” – деген анықтама береді.

Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары – деген пікір айтылады.

Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістер

і – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске” қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”.

Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.



1. Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2. Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.

3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, копьютер т.б.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л.Н.Толстой былай дейді: “Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оның оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті”.

Сондықтан әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең білім беру, адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығы оқу әдісі болып табылады.

Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:

1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер бойынша):

- түсіндірмелі хабарлау әдісі;

- репродуктивтік әдіс;

- проблемалық баяндау әдісі;

- эвристикалық әдіс.

2. Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):

- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.

3. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:

- ауызша баяндау әдісі;

- есеп шығару әдісі;

- өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Ең көп таралғаны - білім беру көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):

- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

- көрнекілік әдістер;

- тәжірибелік әдістер.

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация, демонстрация.

Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әртүрлі жаттығу жұмыстары.
8- 9-апта

8-тақырып. Оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық білімдердің мазмұны.


  1. Психология – ғылым ретінде.

  2. Психологиялық білімнің маңызы.

  3. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.

  4. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады.

Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.

Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.

“Психология”термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.

Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.



Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..

Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.

Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді.

Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:


психикалық психикалық психикалық

процестер қалыптар қасиеттер



жеке даралық топтық



ішкі (психикалық. сыртқы (әрекеттік.


Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер.

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.

Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.

Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.

Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді.

Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.

Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.

Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.

Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.

Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.

Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология

Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.

Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.

Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
9-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.


  1. Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.

  2. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.

  3. Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.

Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:



  1. Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;

  2. Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..

Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.

Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:



  1. Сыртқы дүние объектісі;

  2. Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.

Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.

Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.

Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:


  • Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер.,

  • Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..

  • Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,

  • Феноменалды алаң теорисы,

  • В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.

Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.

Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет