Қарапайым сұрақтар
1.Жауапсыз сұрақ.
Күнделікті өмірде қандай сұраққа ешқашан "иә" деп жауап бере алмаймыз?
Жауабы: "Ұйықтап жатсың ба"деген сұраққа.
2.Қанша мысық?
Бөлменің төрт бұрышының әрқайсысында бір мысықтан отыр. Әр мысыққа қарама- қарсы үш мысықтан отыр.Бөлмеде қанша мысық отыр?
Жауабы:4 мысық.Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық қана отыр.
3.Кірпіштің салмағы
Кірпіштің салмағы 4 кг.Кірпіштің үстіне жарты кірпіш және оған қоса жартысының жартысындай кірпіш қойылған.Кірпіштің салмағы қанша?
Жауабы: кірпіштің салмағы 4 кг.
4.Қарындаштар
Үстел үстінде әртүрлі ұзындықтағы 3 қарындаш қатарынан жатыр. Ортадағысы - ең ұзын қарандаш. Осы ең ұзын қарандашқа тиіспей қалай оны ортадан алып тастауға болады?
Жауабы: Кез - келген шеткі біреуін қарсы жақ шетке немесе ортаға қоя салу керек.
5.Уақыт өлшемдері
Барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл және сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе?
Жауабы: "Н"
6.Отырып жүру
Отырып - ақ жүре беретін кім?
Жауабы : Шахматшы.
7.Таяқ
Екі таяқтың 4 ұшы бар. Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар?
Жауабы: 6 бұрышы бар
8.Шегелер
Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып алды.Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алды?
Жауабы : Шегелерді алдыңғы адам тауып алып кетті.Олар таппайды.
9.Ұқсастық
Дөп-дөңгелек дәмді қарбыз дәл ортасынан екіге бөлінген.Осы бөлінген қарбыздың жартысы неге өте қатты ұқсайды?
Жауабы: Қалған жартысына.
10.Сағаттың соғуы
Сағат 5 белгіні 4 с уақытта соғады. Ал 12 белгіні қанша уақытта соғады?
Жауабы: Алғашқы екі белгіге 1 с уақыт және келесі белгілерге 1 с уақыттан келеді. Себебі бірінші белгіге уақыт есептелмейді. белгіні 4 с соқса, онда 2 белгінің арасы 1с. Демек 12 белгіні 11с уақытта соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |