Бағдарламасы мад сыныбы Қарабалық 2017-2018 оқужылы



Дата02.07.2018
өлшемі44,22 Kb.
#45785
«Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп»КММ

«Қызықты математика»

таңдау курсының бағдарламасы

МАД сыныбы



Қарабалық

2017-2018 оқужылы
АЭК шешімімен бекітілген МЭК шешімімен бекітілген хаттама№_______ хаттама№_______

АЭК төрайымы МЭК төрайымы

_______Буатбаева Б.Ж. ______Акулова.Р.М.
Таңдау курсы

«Қызықты математика»

Құрастырған:

Тәрбиеші: Жусупова Орынгул Алтайқызы

Түсініктеме

«Қызықты математика» 32 сағатқа бөлінген (аптасына 1 рет) 5 -6 жастағы мектепке дейінгі балаларға арналған.

Мектеп жасына дейінгі баланы геометриялық пішіндермен таныстырып, немесе жалпы қортынды рольді қалыптастыру.

Бағыттық ойлау баланы болашақта математик қана қылмай, сонымен бірге болашақта дана экономист болуға да әсер етеді. Өте қажет, бір зат туралы білуге, өз жұмысын бағалауға, нақты білуе, ізденімпаздықтағы ойлау, өз қорытындысында нені қолданғанын білуге. Геометрияны білмей, әлемнің қалай орналасқанын білу мүмкін емес. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар пішіндерді түсінбей, оларды ажырата алмайды, оларды танымайды.

Мысалы: Тіктөртбұрыш пен төртбұрыштың ұқсастығы. Пішіндер сырт келбеті арқылы ажыратылады. Мектеп жасындағы бала оңай ажыратуға үйренеді.

Тіктөртбұрыш, шаршы, т.б., біліп және атай алады. Шағын орталықта осындай дидактикалық ойындарды жүйелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады. Ойын барысында баланың жай-күйін, зейін әрекетін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлауға, талдау жасауға, үйренуін, танымдылық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.


«Қызықты математика» бағдарламасының мақсаты:

Баланың ой-өрісін арттыратын іс-әрекеттер оның бойында, білімге деген, соның ішінде математикаға деген қызығушылығын ояту. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды түсіндіріп тәрбие беру туралы түсініктерін қалыптастыру, Геометриялық пішіндер (шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және денелер (куб, шар, цилиндр) туралы түсініктерін қалыптастыру.



Сонымен қатар есте сақтау, ойлау, шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:

  1. Ортаңғы топ балаларына дидактикалық ойындар мен көрнекіліктерді кеңінен қолану, балалардың пішін туралы түсініктерін молайтуға мүмкіндік туғызу;

  2. Нүктелерді қосу арқылы геометриялық пішіндер болатынын білуге түсініктерін қалыптастыру;

  3. Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін (зейін, есте сақтау, ой-өрісін, қиял, қабылдау) негіздерін дамыту.

Балалардың алған білімдерін бекіту үшін қажетті дидактиккалық және көрнекі материалдың, ойынды құралдардың, практикалық материалдың, дамыту орта болған жағдайда бағдарламаның табысты іске асуы мүмкін.
Бағдарламаның оқыту формасы


  1. Дидактикалық ойындар

  2. Матиматикалық тапсырмалар

  3. Геометриялық пішіндер

Бағдарламада қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • әңгіме, әңгімелесу, ертегі;

  • көрнекіліктерді қарау;

  • жұмыстың орындалу кезеңдерін көрсету үлгілері.

  • Ойындар

  • Дидактикалық материалдар


Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны:

І-бөлім. «Математика еліне саяхат» 5сағат


  • Математика еліне саяхатқа шығу арқылы балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту.


ІІ-бөлім. «Сиқырлы нүкте» 10 сағат


  • Нүктеден нүктеге дейін түзу сызық жасауға үйрету. . «Нүкте» туралы түсінік беру, қағазға көп нүкте қоя білуге баулу. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу сызық жасауға болатынын түсіндіру.


ІІІ-бөлім «Қызықты пішіндер» 7 сағат


  • Геометриялық пішіндерді туралы түсінік беру, пішіндерді ажырата білуге баулу. Айналадағы заттардың қандай пішінге ұқсайтының анықтау.

ІV-бөлім. . «Ойындар әлемі» 5 сағат


  • Ойын арқылы балалардың пішін туралы түсініктерін бекіту. Геометриялық мозайка ойыны бөліктерді орналасу жолдарын талдауға, пішіндер құрастыруға, үлгіге қарап бағдарлана білу үйрету.Шығармашылық қабілетін дамыту.



V – бөлім. «Сен білесің бе?» 5сағат

  • Балаларға бағдарламада өткенді тапсырмалар арқылы тексеру. Тапсырмаларды шешу.


Күтілетін нәтиже:

  • Геометриялық денелердің аталуы (куб, шар, цилиндр);

  • Әр түрлі тәсілджерді қолданады (нүкте, таяқша, сіріңке);.

  • Қоршаған ортадағы заттарды дұрыс атауын;

  • Геометриялық пішіндерді ажыратады;

  • Заттың түріне, түсіне, пішініне қарай салыстырады;

  • Ойын арқылы өз ойларын толық және еркін жеткізе біледі;

  • Бұрыштар жасай алады (нүкте, сызғыш);

  • Тапсырманы аяғына дейін орындайды;

  • Геометриялық пішіндерден заттарды құрастырады;

  • Пішіндерді сыйпаттайды.

Бағдарламаның күнтізбелік- тақырыптық жоспары

(36сағат аптасына 1рет)



Тақырыбы мен мақсаты

Сағат

саны

Өтетін күні

І-бөлім. «Математика еліне саяхат» 5 сағат


1

Тақырыбы:Геометрия еліне саяхат

Мақсаты: «Бұрыш» «бұрыштын жан-жағы» деген түсініктер беру. Балаларды сызғышпен таныстыру. Сызғыш көмегімен нүктелерді қосып, бұрыштар жасауға болатынын үйрету.

1

8.09

2

Тақырыбы:Сызықтың саяхаты.

Мақсаты: Сызық түрлерімен таныстыру. (тігінен, көлденен, доғал) Ойын арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру. Д\о: «Көңілді қарындаштар» , «Қырсық жіп».

1

15.09

3

Тақырыбы: Жиғаз шеберханасы саяхат.

Мақсаты: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту «Куб» «шар» Заттардың ерекшелігін ажыратуға, сипау арқылы айыра білуге үйрету. Пішіндерден жиһаз құрастыруға үйрету. Д\о: «Жасырынбақ».

1

22.09

4

Тақырыбы: Шеберханасы .

Мақсаты: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту «Куб» «шар» Заттардың ерекшелігін ажыратуға, сипау арқылы айыра білуге үйрету жалғастыру. Д\о: «Не жоқ».

1

29.09

5

Тақырыбы:Кескін деген не? Көңілді нүкте шеберханасына саяхатқа барады.

Мақсаты: Балаларға кескін туралы түсінік беру. Кескіндерден неше түрлі пішін құрауға болатынын үйрету. Геометриялық пішіндер (төртбұрыш, ұшбұрыш) туралы түсініктерін бекіту. Берілген тапсырмаларды орындаса пішін шығады.

1

6.10

ІІ-бөлім. «Сиқырлы нүкте» 14 сағат

6

Тақырыбы:Көңілді нүкте отбасы; көңілді нүкте мен күн сәулелері.

Мақсаты: Балаларды «сызық», тік сызықпен» таныстыру. Нүктеден нүктеге дейін түзу сызық жасауға үйрету. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу сызық жасауға болатынын түсіндіру. Балалардың дұрыс сызық көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Д\о: «Нүкте қайда тұрады» , «Күннің көзін сал».

1

13.10

7

Тақырыбы:Көңілді нүктенің жасыл жыланмен танысуы.

Мақсаты:Үзік сызық, ирек сызықтармен балаларды таныстыру. Қағаз бетіне сіріңке немесе таяқшалардан түрлі сызықтар жасай білуге үйрету. Д\о: «Түймені қада»

1

20.10

8

Тақырыбы: Көңілді нүктенін Бұрыштар қалашығындағы ойынханасы.

Мақсаты: Геометриялық түсініктерін қалыптастыру (бұрыш, бұрыштың жан-жағы, басы) ұшбұрыштың жан-жағын, төртбұрыш,, тіктөртбұрыштың бұрыштарын көрсете білуге үйрету. Айналадағы заттардан бұрыштарды табуға үйрету.

1

27.10

9

Тақырыбы: Көңілді нүкте мен оның достары.

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Нүктелерді қосу арқылы геометриялық пішін жасауға болатыны білегу түсінік беру.

1

10.11

10

Тақырыбы:Бұрыштар қалашығында көңілді нүкте (қосымша).

Мақсаты: Балаларды бұрыштарымен таныстыру, өткір, тік, доғал. Оларды сызуға үйрету.

Д\ж: «Құстың тұмсығы қандай?».



1

17.11

11

Тақырыбы:Көңілді нүкте отбасы Наурызды қарсы алады.

Мақсаты: Балаларға өрнектер жасауға үйрету (кілем, текемет) Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, қол өнерді білуге үйрету, таныстыру.

1

24.11

12

Тақырыбы: Көңілді нүктенің басқа ғалмщарға ұшуы.

Мақсаты: Жалпы ұғым беру «Дене» «сызық» жан-жақтағы заттардан көрсету. Қоршаған ортада көп заттар кездесетін, оларды дұрыс атауға үйрету. Д\о: «Не бар?».

1

8.12

13

Тақырыбы:Көңілді адамдар.

Мақсаты: Балаларды «сызық», тік сызықпен» таныстыру. Нүктеден нүктеге дейін түзу сызық жасауға үйрету. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу сызық жасауға болатынын түсіндіру.

Д\о: «Нүкте қайда тұрады» , «Күннің көзін сал».



1

15.12

14

Тақырыбы:Көңілді нүтелер мектепке барады.

Мақсаты:Үзік сызық, ирек сызықтармен балаларды таныстыру. Қағаз бетіне сіріңке немесе таяқшалардан түрлі сызықтар жасай білуге үйрету.

Д\о: «Түймені қада».



1

22.12

15

Тақырыбы: Қоңілді нүктелер сурет салады..

Мақсаты:Геометриялық пішін тіктөртбұрышпен таныстыру. Төртбұрыш пен тіктөртбұрыштың айырмашылығын айыру салыстыру. Геометриялық пішіндерді қосуға үйрету.

Д\ж: «Қандай пішін нүктелерді жасырынып қалды».



1

12.01

ІІІ -бөлім «Қызықты пішіндер» 7 сағат


16

Тақырыбы:Геометрия елі және оның тұрғындарымен танысу.

Мақсаты:Геометрия туралы қарапайым түсінік беру, не жайында ілім екенінен хабардар ету. «Нүкте» туралы түсінік беру, қағазға көп нүкте қоя білуге баулу. Пішіндер туралы түсініктерін бекіту.

1

19.01

17

Тақырыбы: Құрлыста.

Мақсаты:Геометриялық пішін тіктөр-тбұрышпен таныстыру. Төртбұрыш пен тіктөртбұрыштың айырмашылығын айыру салыстыру. Геометриялық пішіндерді қосуға үйрету.

Д\ж: «Қандай пішін нүктелерді жасырынып қалды»



1

26.01

18

Тақырыбы: «Геметрия отбасы»

Мақсаты: Білімдерін бекіту: нүкте, сызық, бұрыш (құрылыс жобасы) шар, куб, цилиндр (жоба арқылы құрастыру)

1

2.02

19

Тақырыбы: Ұшақты өзіміз жасаймыз.

Мақсаты: Геметриялық пішіндер туралы түсінік беру. Цилиндр, куб пен допты салыстыру (бұрышты жоқ, домалайды) Басқа геометриялық пішіндерден цилиндірді табу. Көру және сипау арқылы ажырата білу.

1

17.02

20

Тақырыбы: Пішіндердің сыйқырға айналуы.

Мақсаты: Сіріңкеден, таяқшалар-дан геометриялық пішіндер жасауға

1

24.02

21

Тақырыбы:«Үй»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер алған білімдерін дамыту. Айнала-дағы заттардан геометриялық пішінге ұқсайтын заттарды табу. Пішін жақтарыны қосу.




2.03

22

Тақырыбы:Бұрыштар көңілді.

Мақсаты: Балаларды бұрыштарымен таныстыру, өткір, тік, доғал. Оларды сызуға үйрету.

Д\ж: «Құстың тұмсығы қандай?».






9.03

V – бөлім. «Сен білесің бе?» 5сағат


23

Тақырыбы:Аяз-атанын тапсырмасы.

Мақсаты:Сызық түрлері туралы білімдерін бекіту. (тік, толқын,ирек) Нүктелер арқылы геометриялық пішіндер жасауға үйрету.

1

16.03

24

Тақырыбы: «Жұмбақ нүкте»

Мақсаты: Білімдерін бекіту: нүкте, сызық, бұрыш (құрылыс жобасы) шар, куб, цилиндр (жоба арқылы құрастыру)

Шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту



1

6.04

25

Тақырыбы:«Бұрыштың тапсырмасы»

Мақсаты: «Бұрыш» «бұрыштын жан-жағы» деген түсініктер беру. Балаларды сызғышпен таныстыру. Сызғыш көмегімен нүктелерді қосу, бұрыштар жасау.

1

13.04

26

Тақырыбы:Ғажайып әлімі .

Мақсаты: «Нүкте» туралы түсінік беру, қағазға көп нүкте қоя білуге баулу.

1

20.04

27

Тақырыбы: Мен өзім. Мақсаты: Геметриялық пішіндер туралы түсінік беру. Берілген геометриялық пішіндерді бояу.

1

27.04

ІV -бөлім.«Ойындар әлемі» 5 сағат


28

Тақырыбы: Пішіндердің сыйқырға айналуы.

Мақсаты: Сіріңкеден, таяқша-лардан геометриялық пішіндер жасауға ( төрт-бұрыш, тіктөрт-бұрыш, тікбұрыш).

Ойын арқылы балалардың пішін туралы түсініктерін бекіту.

Д/ойын: «Қандай нәрсеге ұқсайды?».





4.05

29

Тақырыбы: Нүкте шеберханасына саяхатқа барады.

Мақсаты: Балаларға кескін туралы түсінік туралы түсінік беру. Кескіндерден неше түрлі пішін құрауға болатынын үйрету. Геометриялық пішіндер (төртбұрыш, ұшбұрыш) туралы түсініктерін бекіту.




11.05

30

Тақырыбы:Ойын: «Қандай пішіндегі кәмпитті жедік?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер алған білімдерін дамыту. Заттардың пішінін бірізділікпен зерттеуге және сипаттауға, ұқсастары мен айырмашылық-тарын табуға




18.05

31

Тақырыбы:«Геометриялық мозайка».

Мақсаты: . Геометриялық мозайка ойыны бөліктерді орналасу жолдарын талдауға, пішіндер құрастыруға, үлгіге қарап бағдарлана білу үйрету.Шығармашылық қабілетін дамыту.




21.05

32

Тақырыбы:Көңілді қарындаштар.

Мақсаты: Сызық түрлерімен таныстыру. (тігінен, көлденен, доғал)

Д\о: «Көңілді қарындаштар» , «Қырсық жіп».






25.05

Барлығы: 32 сағат


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қызықты математика «Алматы» баспасы 2007 жыл 4-бет.

  2. Мен оқимын, Астана-2006 9,108,122 бет

  3. Дидактикалық ойындар жинағыбет,47 бет,60бет,64 бет.

  4. Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы-2007ж 60бет.

  5. Қызықты математика «Алматы» баспасы 54,74 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет