Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет40/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

СДАО-ны дамыту бойынша ұсыныстар


СДАО сервисін одан әрі дамыту және анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында ҚБЕО СДАО сервисінің базасында іске асырылған ағымдағы инфрақұрылымды дамыту және пайдалану бойынша талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.


Ел ауқымында орталықтандырылған биометриялық сәйкестендіру ұлттық платформасы арқылы дамыту тұтынушылар үшін қаржылық қызметтердің кең спектрінің цифрлық түрде қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін толық цифрлық және қағазсыз процестерді енгізу есебінен шығындарды қысқартуға және ойыншылар үшін клиенттерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы бағдарламада міндеттерді іске асыру мақсатында сәйкестендірудің бірнеше деңгейлерін пайдалана отырып, оның ішінде биометриялық деректердің бірнеше әдістерін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтердің анағұрлым көлемді тізбесін қамтитын СДАО жаңғырту бойынша даму кезеңдері айқындалды.
1-кезең. СДАО-ны 2.0 нұсқаға жаңарту


7-сурет. СДАО-ның 2022 жылға ұсынылатын архитектурасы

СДАО жаңғырту деректерді өңдеу құрамдасы – «Аутентификация жүйесін» әзірлеу, сондай-ақ деректер спектрін кеңейту үшін мемлекеттік органдар жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимылды іске асыру арқылы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, ағымдағы нұсқаның тұрақтануын және дамуын ескеруі тиіс.



        1. «Аутентификация жүйесі» құрамдасын әзірлеу. Аутентификация жүйесінің процестері мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік деңгейін анықтайтын түпнұсқалық саясатын анықтау;

  • мобильді телефон қосымшасы түсірген суреттерді автоматты түрде сканерлеу;

  • сонымен қатар, «тірі» адамды анықтау, артефактілерді (суреттерді қолдан жасаған кезде) анықтау бойынша сервисті ұсыну мүмкіндігі, сондай-ақ адамның 3 өлшемде екенін анықтай отырып, 3D-модельдік талдауды пайдалану мүмкіндігі, пайдаланушыдан басын немесе смартфонын жылжытуды сұрай отырып және пайдаланушыдан 1-ден 3-ке дейін қарапайым кездейсоқ қозғалыстарды орындауды сұрайды.

Саусақ іздерін (екі саусақтың) беру екі саусақты бір уақытта автоматты сканерлеуді, дымқыл және құрғақ саусақтармен және әр түрлі жарық жағдайларында жұмыс істеуді қамтиды.
Аутентификация кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуреті және нақты уақыт режимінде жасалған селфи, сканерленген саусақ іздері биометриялық үлгілерге айналады және 1-ден 1-ге дейін салыстырылады.
Жұмыс рәсімдерінің аяқталуы дәлелді деректерді шығарумен электрондық шарт және электрондық қолтаңбасы бар XML файлы болып табылады.
Сонымен қатар, аталған құрамдаста келісімді басқару жүйесін қарастыру қажет. Бұл құрамдас мобильді телефон нөмірі, электрондық пошта, құпия сөзді сияқты жеке деректерді сақтайды. Бұл сұралған деректердің жеке басын растауға мүмкіндік береді.
Құрамдасты іске асыру кезінде мультивендорлық тәсілді қолдану сақталады.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет