Биометриялық көрсету (biometric representation): Биометриялық үлгі немесе биометриялық белгілер жиынтығы.
Биометриялық ұсыну (biometric presentation): Биометриялық сипаттамадан сигнал алу мақсатында биометриялық деректерді жинау субъектісінің және биометриялық деректерді жинау шағын жүйесінің өзара іс-қимыл жасауы.
Биометриялық белгі(biometric feature):123 Биометриялық үлгілерден алынған және салыстыру үшін пайдаланылатын ақпаратты цифрлық түрде ұсыну (сандар немесе тамғалар).
Биометриялық белгілер(biometric features): Дерекқорда шаблон құрамында сақтауға немесе белгілі бір шаблонмен салыстыру кезінде қолдануға болатын биометриялық үлгінің ерекше және қайталанатын сипаттамалары.
Биометриялық сынама (biometric probe)/биометриялық сұрату (синоним) (biometric query): Биометриялық бақылау шаблонымен (биометриялық бақылау шаблондарымен) салыстыру субъектісі ретінде пайдалану үшін алгоритмге енгізілген биометриялық үлгі немесе биометриялық белгілер жиынтығы.
Биометриялық бейін (biometric profile): Белгілі бір биометриялық функцияларды орындау үшін қолданылатын базалық стандарттардың тиісті жиынтығы немесе комбинациялары.
Биометриялық тіркеу (enrolment): Соңғы пайдаланушыдан биометриялық үлгілерді жинау және кейіннен биометриялық бақылау шаблондарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда соңғы пайдаланушының жеке басына байланысты басқа да деректерді дайындау және сақтау процесі.
Биометриялық тіркеу (biometric enrolment; исключен "registration"):124 Биометриялық тіркеу қағидаларына сәйкес биометриялық тіркеу деректерінің жазбасын жасау және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер.
Биометриялық ерекшелік (biometric property): Биометриялық үлгіден автоматты құралдармен есептелген немесе алынған биометриялық деректер субъектісінің сипаттамалық атрибуттары.