БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар)



бет18/19
Дата29.01.2017
өлшемі3,92 Mb.
#8238
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекке қол жетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар іске асырылады:

- көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту (медициналық жабдық сатып алу, объектілерді күрделі жөндеу, салу);

- жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық – техникалық базасын нығайту (автокөлік және жабдық сатып алу);

- санитарлық авиация қызметін санитарлық көлікпен жабдықтау;

- Т. Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасы жанынан ауданаралық травматология бөлімшесін ашу;

- арнайы көмек көрсететін медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту (ОТҚД, ООД);

- мемлекеттік кәсіпорындарды (МК) шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға (ШЖҚК) кезеңімен ауыстыру;

- көшпелі жағдайларда қан дайындау үшін мамандандырылған автокөлік сатып алу;

- дәрігерлердің, орташа медицина қызметкерлерінің, ауылдық дәрігерлердің біліктілік деңгейін жоғарылату;

- Жамбыл облысының ауылдық жалпы орта білім беру мектептерін бітірушілердің медициналық жоғары оқу орындарында оқуы үшін гранттар бөлу;

- жас мамандарды ауылдық жерге тарту мақсатында қосымша көшерақы төлеу;

- дәрілерді шетелде оқыту;

- скринингтік тексеру бойынша анықтамалық жұмыс жүргізу және 2015 жылы облыс 30%-дан кем емес халқын скринингтік тексерумен қамту;
2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Халықтың өмір сүру ұзақтығына қол жеткізу мақсатында келесі іс-шаралар қарастырылады:

- босануға көмек беретін ұйымдарында аналар өліміне және акушерлік асқынуда қатерлі жағдайларға жасырын аудит жүргізу;

- отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысын жетілдіру;

- әйелдердің экстрагениталдық патологиясын төмендету, оның ішінде скринингтік тексерулер кезеңінде ауруларды ерте сатыда анықтауды арттыру;

- нысаналы топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету;

- жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық принциптеріне үйрету (12 апта мерзіміне дейін, әйелдердің жүктілік бойынша есепке тұруының үлес салмағын арттыру);

- туа біткен даму кемтарлығының үлес салмағын азайту;

- жаңа туғандардың хирургия қызметін дамыту;

- жатыр мойны және сүт безі қауіпті ісігін, қан айналымы, эндокринологиялық ауруларды, үлкендер мен балалардың қауіпті топтарында В және С гепатиті, глаукома, есту мүшесі ауруларын айқындау үшін скрининктік зерттеу жүргізу, сондай-ақ асқазан мен өтке скрининктік зерттеу тізбесін кеңейту;

- АГ, ИБС, қант диабетін қан құрамындағы холестерин және глюкозаны анықтау жолымен ерте бастан ересектердің дәрігерлік кабинеттеріне дейін тексеру жүргізу;

- облыстық медициналық ұйымдарында көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесін кеңейту;

- аритмологияны қоса алғанда кардиоинтервенциялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;

- ВИЧ жұқпасының қауіп-қатерге түскен адамдарды байланыстан кейнгі профилактикасымен қамтамасыз ету;

- ПИН, СР, МСМ бағдарламамен шприцтерді алмастыру, ВИЧ жұқпасын алдын алу мақсатында мүшеқаптармен қамтамасыз ету, стационарлық және мобильдік сенім пунктерінде және серіктестік кабинеттерінде;

- ПИН, СР, МСМ әлсіз жастар үшін серіктестік кабинеттерінде, сенім пунктерінде ВИЧ жұқпасына экспресс диагностика жүргізу;

- тілек білдіргендерді ПИН, СР.МСМ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы мүшеқаптармен қамтамасыз ету;

- қамау орындарында ВИЧ жұқпасын алдын алу бағдарламаларын іске асыру және қамау орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүргізу. ҮЕҰ ВИЧ/СПИД қамау орындарында қарсы күрес үшін потенциалын дамыту;

- ВИЧ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;

- 15-49 жас аралығындағы халықты ЖҚТБ- ға анонимдік тестілеумен және кеңес алумен қамту деңгейін 25%-ға жеткізу;

- СӨС насихаттау, СӨС қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

- «СӨС агенттері» үшін білім беру - СӨС насихаттауға тілек білдірген белсенді адамдарға, денсаулық және тамақтану мәселелері жөнінде басқа адамдармен талқылау;



- Аурулардың алдын алу мәселелері және СӨС қалыптастыру бойынша ақпараттық білім материалдарын әзірлеу және тарату.

Мақсат 4.2.3.: Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбекті қорғау


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

2015

1. Жұмыссыздық деңгейі

%

5,5

5,4

5,2

5,2

5,1

2. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

%

5,1

4,9

3,4

4,9

4,8

3. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

%

4,6

11,9

93,4

93,4

96,6

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері

4. Өндірісте зақым алу деңгейін төмендету

1000 адамға

0,19

0,26

0,25

0,24

0,24

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының еңбек инспекциясы басқармасы

Міндет 4.2.3.1. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу

1.1. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

72,1




85,4

87,8

80,0

80,5

1.2. Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі

%

94,2

88,0

89,4

80

81

1.3. Құрылған жұмыс орындарының саны


бірлік

4585

5118

5625

4000

4100

1.4. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі

%

51,9

51,9

51,3

50,6

49,6

1.5. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі

%

-

-

39,7

39,5

39,4

Міндет 4.2.3.2. Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру

2.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны


%

120,2

106,0

108,5

110,0

116,0

Міндет 4.2.3.3. Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қызмет көрсету

3.1. Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі

%

13,3

14,4

16,4

17,6

18,2

3.2.Мүгедектер мен басқа да азмобильді топтар халықтары үшін басымдық нысандарының жалпы санындағы әлеуметтік, көлік, инфрақұрылым нысандарының қол жетімді үлесі

%







15,5

27,5

32,5

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері

Міндет 4.2.3.4. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

4.1. Еңбек жағдайлары денсаулық үшін зиянды және қауіпті салаларда жұмыс істейтін адамдар денгейі.

%

4,4

5,5

5,5

5,4

5,4

4.2. Ұжымдық келісім-шарт қатынастары жүйесімен қамтамасыз етілген кәсіпорындар үлесі

%

90,0

91,0

91,4

91,8

92,2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының еңбек инспекциясы басқармасы

1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 ж.ж.):

Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу мақсатында келесі шаралар қарастырылуда:

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен азаматтарды жұмысқа орналастыру, «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тираждау, еңбек нарығында қажетті мамандықтардың мониторингі.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылғандар және жұмыссыздар, жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруда жұмыс беруші үшін келісім шарт жасау кезінде мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөнінде міндетті түрде орындалуы тиіс шарты қарастырылған .

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды, әйелдер мен жастарды қоғамдық жұмысқа тарту.

- кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім-шарттар жасау.

Осы іс-шаралар жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу (2014-2015 жж.): Халық табысын арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру үшін келесі шаралар қарастырылады:

  • аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету (АӘЖ, БМЖ, тұрғын-үй жәрдемақысы).

  • аз қамтамасыз етілген халықтың еңбек әлеуетін іске асыру негізінде масылдықтың алдын алу және кедейлік шеңберінен шығуды ынталандыру.

  • кәсіптік даяралауға және қайта даярлауға бағыттау арқылы еңбек рыногындағы халықтың мақсатты топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

  • ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету.

  • жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

  • шарттық ақшалай көмек бере отыра әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту.


3-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

  • психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, медико-әлеуметтік мекемелердегі қарттарға және мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталығында тірек-қозғалыс аппараты ауратын және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және ересек мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ҮЕҰ тарту, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектерді тасымалдау.

  • жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда тіркелген инвалидтерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

  • санаторлық-курорттық емдеудеумен, техникалық қосымша құралдармен және арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, жеке көмекші және ымдау тілі маманы әлеуметтік қызметін ұсыну арқылы мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау және көмек көрсету.

  • Тараз қаласында 300 орындық психоневрологиялық интернат үйін және «№2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ бу қазандығын, монша және кір жуу корпусын және 101 төсек орындық мүгедек балалар үшін оңалту және бейімделу облыстық орталығын салу есебінен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің деңгейін арттыру.

  • әлеуметтік маңызы бар нысандарды толық бейімдеуге бөлінген қаржының көлемін көбейту.

4-ші міндет бойынша қол жеткізу (2014-2015 жж.):

Азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету алдағы уақытта Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қарым-қатынастарының негізгі субъектілерін реттеу және олардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру іске асырылатын болады.

Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция жұмысы бизнестегі кедерілерді төмендетуді жүзеге асыратын болады. ҚР Елбасының тапсырмасына сәйкес СОР құқықбұзушылықты алдын-алуға, өндірістегі қолайсыз жағдай қаупіне ерекше назар аудару қажет.
Мақсат 4.2.4: Мәдениетті және тілді дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

2015

1000 адамға мәдениет мекемелеріне келушілердің орта саны

Бірл.
















кітапхана




х

х

233,0

233,8

234,6

театрлар




х

х

63,2

63,3

63,5

музейлер




х

х

31,0

31,2

31,3

2. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі


%

89

90,32

94

95

98

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейін жақсарту мақсатында ұлттық тарих және мәдениет үшін ерекше маңызы бар аймақтарда археологиялық, ғылыми зерттеу және реэкспозициялық жұмыстар жүргізу, аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жиынтығын шығару, кітапханалар жүйесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу, ақпараттардың электрондық базасын құру, компьютерлендіру, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысуын қамтамасыз ету, клуб, мәдениет үйлерінде клуб құрылымдарының өсуін, театрларда жаңа қойылымдарды сахналау және жаңа концерттік бағдарламалар дайындау, сондай-ақ, мәдениет нысандарының өсуі мен материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарлануда. Мәдениет саласындағы білікті мамандарды ауылды елді мекендерге тарту.

Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың есейген тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;

- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;

- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.


Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012 (нақты)

2013 (нақты)

2014

2015

1. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту


%

18,5

19,3

21,7

21,9

22,1

Міндет 4.2.5.1. Бұқаралық спортты дамыту

2. Дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған нысандар саны

бірлік

-

73

73

263

300



Міндет 4.2.5.2. Туризмді дамыту

2.1. Ішкі туризмге келушілер санының санының өсуі


қат. саны мың адам

61,5

69,5

85,1

85,5

86,0

2.2. Кірме туризмге келушілер санының өсуі


қат. саны адам

1492

1155

1290

1340

1400

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармалары


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

2014-2015 жылдары көрсеткіштер бойынша жетістікке жетуді қамтамасыз ету және анықталған мәселелерді шешу мақсатында келесілер қарастырылады: Аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық кешендер құрылысы, сондай-ақ жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары жалғасады.

2014 жылы Мойынқұм ауданындағы № 19 БЖСМ-не, Жуалы ауданындағы № 12 БЖСМ-не арналған спорт залдарының, Тараз қаласындағы кіші футбол мен баскетболға арналған әмбебап алаңшаларының және № 2 мен № 3 ОМБЖСМ-не арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары жоспарланған.

2015 жылға облыстық бюджеттен Тараз қаласындағы № 2 ОМБЖСМ-не және Байзақ ауданындағы № 9 БЖСМ-не, «Тараз волейбол клубына» арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Меркі ауданындағы № 17 БЖСМ-не ангарлық типті спорт зал құрылыстары жоспарланған. 2015 жылдары Меркі ауданында облыс құрама командалары спортшыларына арналған оқу-жаттығу кешенінің, Т.Рысқұлов ауданындағы №21 БЖСМ-не арналған спорт залының, Шу ауданындағы №32 БЖСМ-не арналған спорт залының, Қордай ауданындағы №14 БЖСМ-не арналған спорт залының Тараз қаласында ангарлық типтегі 3 спорт залдың, Қордай ауданында 320 орындық және Т.Рысқұлов ауданында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына ЖСҚ әзірлеу қарастырылған. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ашу, спорт мекемелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу Орталығын ашу мәселесі қарастырылуда.

Әралуан спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын, сондай-ақ облыстық (қалалық, аудандық) бұқаралық-спорттық жарыстардың санын арттыру қарастырылған.

Спортшылардың біліктілік сапасын арттыру мақсатында атақты спортшылармен кездесулер, оқу-жаттығу жиындары мен шеберлік сабақтарын жиі өткізу жоспарланып отыр.

Спорт мектептерін қажет мамандармен қамтамасыз ету қарастырылып отыр (спорт жөніндегі инструктор-әдіскер және спорт дәрігерлері және т.б.).

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2014-2015 жж.):

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында Жамбыл облысының 5 аудандары елді мекендерін құрылыспен қамту жоспарланып отыр:

- Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылы;

- Меркі ауданы Актоған поселкесі;

- Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы Жақсылык ауылы ортасында;

- Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы;

- Жуалы ауданы Ақсай а/о.

2014 жылы аталмыш кешендердің құрылысы үшін халықаралық талаптарға сәйкес типтік жобалар әзірленетін болады, олар төмендегі нысандарды қамтитын болады.

«В» санаты: қонақ үйлер, мейрамханалар/кафелер, дүкендер, қоғамдық кәріздер, қоғамдық душтар, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, автожөндеу шеберханалар, ақпараттық туристік орталықтар.

«С» санаты: дүкендер, қоғамдық тамақтану пунктері, қоғамдық душтар, қоғамдық кәріздер, жанар-жағар май құятын стансалар, жүк және жеңіл көліктер тұратын қатты төсенішті тұрақтар, жұк және жеңіл көліктерге шеберханалар немесе эстадакалар.

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ірі туристік нысандарға жеткізетін жол құрылысы жоспарланған. Жамбыл ауданы Ақыртас кешені сарайына жеткізетін жол құрылысына (8 км) және Жуалы ауданы «Тау самалы» туристік кешеніне (4 км) инвестициялық ұсыныстар әзірленген.

«ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы жәрмеңке өткізу шеңберінде «Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін» инвестициялық жобаны әзірлеу қарастырылған, бұл туризмнің ішкі және сарттан келетін туристер санын кеңейтіп, сонымен қатар облыс аудандары тұрғындарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Туристік сала мамандарының дайындық деңгейін жақсарту мақсатында жыл сайын олардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізіп тұру жоспарланған.

Облысқа туристерді тарту мақсатында өңірдегі туристік әлеует Қазақстан Республикасы индустрия министрлігінің www.visitkazakhstan.kz, сондай-ақ облыс әкімі мен облыстық басқарманың веб-сайтында ұсынылған.

Сонымен қатар, туристік ақпараттық орталықты құру және бөлек абоненттік номерлермен туризм жөнінде желіні қолдауды қамтамасыз ету жоспарда бар.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және 2015 жылы 2,4 мың адамға дейін сырттан келетін туристер, 68,1 мың адамға дейін ішкі туристер санын арттыруға ықпал етеді.



Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

76,6

57,6

60,7

61,7

62,7

2. Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар-дың талап ету деңгейін арттыру

%

79,6

73,6

58,5

59,5

60,5

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту,

1.1. Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

92,9

90,1

75,8

76,8

77,8

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасы

1.2. Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

94,7

91,2

80,9

81,9

82,9

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Мемлекеттің даму стратегиясын, этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын жоғары тұрғындардың үлесі, аймақтың ішкі саяси ахуалының тұрақтылығы, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарының тиімділігі келесі шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

- Қазақстандық патриотизмді, қоғамдық позитивтік көңіл-күйді, облыс тұрғындарының, оның ішінде әсіресе жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы қоғамдық маңызды шаралар арқылы жүзеге асырылады;

- этносаралық және конфессияаралық келісімді жүргізу, әлеуметтік еңбек қақтығыстарын алдын-алу, Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарын насиаттау бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарында инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- саяси партиялар мен қоғамның азаматтық институттарымен конструктивтік диалогты ұйымдастыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру арқылы жүзеге асырылады.



Гендерлік саясат

ІІ кезеңдерде (2014-2015 ж.ж.): Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу тәжірибесі жалғасады.

Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.

Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнесте әйелдерді қолдау.
Мақсат 4.2.7. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

2015

1. 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі

%

70

71

72

73

74

15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі, % (NEET – ағылшын тілінде - Not in Education, Employment or Training)

%

8,8

10,4

8,6

8,5

8,4

4.2.7.1. Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

1.1. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі

%

25,5

23

24

24,5

25

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2014-2015 жылдар):

Мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін шешу мақсатында келесі шаралар қарастырылады:



  • жастар акциясын және ғылыми практикалық конференция ұйымдастыру, әскери спорттық ойындар және әскер қатарына шақырылатын жастағы жастар акциясы, жастар саясатын насихаттайтын және түсіндіретін форумдар мен конкурстар ұйымдастыру.

  • аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған ақпараттық- анықтамалық әдебиет шығару.

  • жастар орталығындағы жас қызметкерлерге және жастарға тренинг, семинарлар ұйымдастыру.

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды бар жобаларды конкурстық негізде жүзеге асыру, жастардың үкіметтік емес ұйымдарының бизнес-идея жәрмеңкесін ұйымдастыру.

  • жастар саясаты сұрақтары бойынша облыстық басқармада веб сайтта жұмыс жүргізу және жас блоггерлер клубын құру.


Мақсат 4.2.8.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013 (нақты)

2014

2015

Міндет 4.2.8.1. Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1.1. Жол-көлік оқиғалар санын (деңгейін) төмендету (10 мың бірлік автокөлікке)

уақиғалар

41,4

50,3

82,3

82

81

Көшеде болған қылмыстың үлесі


%

19,6

19,6

19,5

25,4

23,7

Міндет 4.2.8.2. Апаттар мен дүлей зілза-ң алдын алуды және жоюды ұйымдастыру

2.1. Су басу мен тасқынының, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

62,3

65,7

72,4

77,5

83,1



1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу;

- жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тәртібін күшейту;

- жол қауіпсіздігіне және транспорт құралдарының жағдайына, жүргізушілердің кәсіби дайындықтарына және жол жағдайына патрульдік жол полициясының ықпал етуінің тиімділігін жоғарылату;

- транспорт құралдарының тіркеу үрдісін мейлінше жетілдіру;

- жолда жүру Ережесін бұзуды тіркеу және бақылау бойынша техникалық құралдарын жаппай енгізу;

- патрульдік жол полициясының бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы тұру және тұрғындардың сенімін және құрметін жаулап алу;

- жолда қауіпсіз жүруді насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және оларды жергілікті телеканалдарда көрсетуді қамтамасыз ету.



Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірінің, денсаулығының қажетті қауіпсіздік деңгейін, конституциялық құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- тәулік бойғы стационарлық постар мен жылжымалы полиция пункттерінің, жылжымалы полиция топтарының, Жедел басқару орталығы және шағын Жедел басқару орталығы желісін дамыту есебінен көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқықтық тәртібін қорғау тетігін жетілдіру;

- криминогендік жағдай шиеленіскен кезде полиция және ішкі әскерлер күштері мен құралдарын бірыңғай орналастыру жоспарларын уақтылы түзетуді жүзеге асыру;

- құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту;

- әрбір қалалық және ірі елді мекендік мектепке кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлер қызметін енгізу;

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, сонымен қатар, оларға темекі және ішімдік сатуға тыйым салу туралы заң актілері талаптарының орындалуына бақылау жүргізу бойынша рейдттерді жүйелі түрде жүргізу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет