Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейін талдаңыз, етістіктер қатарын топтастырыңыз



бет70/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
44. Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейін талдаңыз, етістіктер қатарын топтастырыңыз.

Блум таксономиясы — 1956 жылы американдық психолог Бенджамин Блум (1913—1999) ұсынған танымдық өрістегі 6 педагогикалық мақсаттар таксономиясы.



Білу. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіру. Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті: -терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсінікті, ереже мен ұстанымды, әдісі мен орындау түрін еске түсіру. Етістіктер: еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу.

Түсіну. Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін. Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті: - фактіні, ережені, ұстанымды түсіндіру; - мәтінмен берілген материалды математикалық шартты белгіге өзгерту; - бар мәліметтен келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау. Етістіктер: қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу,айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет