14. Диалогтік оқытудың мәні және сипатын талдаңыз.
«Диалогтік оқыту» қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың бір-бірімен өзара пікір алмасуына, сұхбаттасуына, мәселені талдауда өз ойын айта білу дағдыларын меңгеруіне септігін тигізсе, ал мұғалім мен оқушы үшін шәкірттерінің өзіндік пікірін жүйелі жеткізуге және дамытуға ұстаз тарапынан көмектесуі деп түсінеміз. Оқушылар диалогқа түсу арқылы өздерінің көзқарастарын білдіріп, ортаға салуға машықтанады.
Диалогтік оқыту әдісін оқу үрдісінің әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Оларға пікірталас, мәселелік тапсырмалар, іскерлік ойындар, тренингтер т.б жатқызуға болады. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, жұптық,
топтық тапсырмаларды бірігіп орындауға, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңдағы тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесін өмірде пайдалана алуына байланысты екеніне еш күмәніміз жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Диалогтік оқыту әдісін оқыту үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады деген ойдамыз: