Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет48/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163
14-күн
1-2-сабақтар
Тақырыбы:
Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі.
Мақсаты:
Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолданылу 
әдістемесін  зерделеу  негізінде  оқу  үшін  бағалаудың  әртүрлі  тәсілдерін 
әзірлейді.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер оқу үшін бағалау мәні туралы білімдерінің және оның оқыту 
тәжірибесінде  қолдану  әдістемесі  негізінде  қалыптастырушы  бағалаудың 
формалары мен әдістерін әзірлейді.
Түйінді 
идеялар:
Бағалау  үдерісінің  (оқу  үшін  бағалау)  оқыту  мен  оқудың  ажырамас 
бөлігі  екенін  түсіну  мұғалімдердің  түйсігінде  үлкен  өзгерістердің  жүзеге 
асырылуын  талап  етеді,  себебі  олар  бағалауды  оқу  үдерісін  аяқтайтын 
үдеріс ретінде дәстүрлі түрде қабылдауға үйреніп алған. 
Сабақ барысы
1-сабақ

Кіріспе. Бағалауға арналған жаттығу. Мысалы, әрбір үстелде үлкен 
және кішкентай қызыл, жасыл және сары түсті, алма салынған ваза тұрады. 
Критерийлерді  ойлап  шығарып,  алмаларды  бағалау  керек.  Тақырыпқа 
көшу – тренер бір мағыналы критерийлердің маңыздылығын атап өтеді.

Қызығушылықты  ояту  кезеңі.  Эйфель  мұнарасы  (Білім  беру 
платформасын қараңыз). Мұғалімдер мұнараны бағалаудың критерийлерін 
әзірлейді (орнықтылығы, биіктігі, мұнараны құрастыруға жіберілген уақыт, 
т.б.). Содан кейін топтар жасалған мұнара үлгілерін өзара бағалайды. 

Рефлексия. Критерийлермен алмасу бойынша семинар.
Ресурстар: 
Бағалаудағы мұғалімнің рөлі (Білім беру платформасын қараңыз).
Қорытындылар парағы (Білім беру платформасын қараңыз).
Критерийлерді талқылау (Білім беру платформасын қараңыз).
Оқушылармен  сабақ  мақсаттарын  талқылау  (Білім  беру  платформасын 
қараңыз). 
Жазбаның мақсаты (Білім беру платформасын қараңыз).


| 34 |


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет