Үйірменің мақсаты: фото және дизайн өнерiн жан-жақты үйрете отырып, оқушының шығармашылық қабiлетiн ояту. Adobe Photoshop программасында жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; заман талабына сай компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге үйрету;
Үйірменің негізгі міндеттері:
• Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;
• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.
• Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;
• Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.
• Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.
• Бейнелермен жұмыс жасау жолдарын;
• Олардың маңызын, қасиетін, қолданылуын, графика ұғымын сараптай Adobe Photoshop бағдарламасын терең зерттеп, олардың күрделі командаларын орындай біледі;
• Adobe Photoshop бағдарламасының құрал-саймандарының қызметін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |