Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету.
Бағдарламаның туған қала тарихы, Ақтөбе табиғаты, өлкеміздің жергілікті ақындары мен жазушылары, белгілі адамдары туралы бөлімдерін оқытуды жоспарлағанда қаламыздың тарихи ғимараттарына экскурсия жасап, туған жеріміздің сұлу табиғатында серуендеуден басталады. Оқу жылы бойы қаламыздағы музейлер мен тарихи ескерткіштерге барылады, жергілікті ақын – жазушылармен кездесу ұйымдастырылады. Балалар өз көздерімен көріп, сезініп, туған өлкеміздің тарихы мен шежіресін біле отырып, олардың туған өлкенің жанашыры болуға деген құлшынысы пайда болады.
Бағдарламада жергілікті танымал ақын – жазушылар, ғалымдар өміріне көп уақыт бөлініп отыр. Оған себеп, балалардың олардың өмірін, еңбектерін оқи отырып, оларға ұқсағысы келіп, іздене бастай ма деген үміт.
Достарыңызбен бөлісу: |