Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В050300-Психология мамандығы студенттері үшін
өндірістік практикасын өту бойынша
Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
Практиканы өту, практикалардың бағдарламасы бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқаулардың парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰСН 7.18.04/11
|
|
Бекітемін
ОІ бойынша проректоры ___________ ПфейферН.Э.
«___»_____________20__г.
|
5В050300-Психология мамандығы студенттері үшін
өндірістік практикасын өту бойынша
Бағдарлама және әдістемелік нұсқау
Бағдарлама ҚР Үкіметінің, 23.08.2012 ж. №1080 бабымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР ҮҚ 17 мамыр 2013 ж,. №499 бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мекемелердің іс әрекетінің типтік ережелері негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: _________ аға оқытушы, пед магистрі Жомартова А.Д.
Психология және педагогика кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған, «___»_________20__ж. № хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________Бурдина Е.И. «___» __________20__ж
ГПФ ОӘК мақұлдаған «_____»______________20__ж. №____ Хаттамасы
ОӘК төрайымы ______________Ксембаева С.К.«____» ________20__ж.
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _____________Сарбалаев Ж.Т. «____» ________20__ж.
Мақұлданды:
КПжЖОБ бастығы___________Жанпеисова З.М.«____» ________20__ж.
ОӘБ бастығы _________Жуманкулова Е.Н. «____» ________20__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады:
«____»______________20__ж. №____ Хаттамасы
Өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері, оқу үрдесіндегі алатын орны
Студенттердің кәсіби деңгейлерінің жоғары деңгейде қалыптасуы — студенттердің қоғамдық өмірде қатысуы, дәріс, сарамандық және семинарлық сабақтар өткізу арқылы профессорлық-педагогикалық құрам мен кафедралардың жалпы қатысуымен жүзеге асатын күрделі де көпқырлы үдеріс.Білім беру үдерісінің құрамды басты бөліктерінің бірі болып табылатын педагогикалық практика негізгі орын алады.Болашақ гуманитарий практикада университетте алған білм, білік, дағдылардың іс жүзінде тиімді қолдануды талап ететін жағдайға тап болады. Практиканттың мамандыққа деген сенімділік, кез келген жағдайда бейімделу қабілеттілігі және ең лайықты және орынды шешім қабылдау сияқты жекетұлғалық сапа қасиеттері бой алады. Практика дүниетанымды, студенттің кәсіби құзыреттілігін кеңейтеді.
Адамдармен жұмыс істеу психологтардың көпшілдік, түрлі клиенттермен тіл табыса алу, олардың жағдайына байланысты олармен қарым-қатынас жасау білу икемділіктерін дамытады. Алған білімдеріне сүйене отырып, болашақ психолог мамандары шығармашыл және жоғары жауапкершілікпен психологиялық ұсыныстар беру, психологиялық жұмыста алғықатарлы жаңаны көру, оларды іс жүзіне асыруға бар күштерін салу керек.
Өндірістік практикаға дайындық кезінде психология және педагогика кафедрасының оқытушылары күнделікті қарым-қатынас үдерісінде студенттердің жеке қасиеттерін, психологиялық-педагогикалық әрекеттің кез келген түріне бейімділіктерін тану арқылы қорытынды жасайды. Осыған байланысты практика өтетін мекеме, қызмет, тапсырманың көлемі мен бағыты анықталады.
Өндірістік практиканың мақсаттары:
Түрлі жас категориялары, әлеуметтік жағдайы және олардың психикалық жағдайындағы адамдармен жұмыс кезінде болашақ кәсіби әрекетке қажет және университет қабырғасында иеленген студенттердің негізгі пәндерінде алған білім, білік, дағдыларын тереңдетіп бекіту.
Студенттердің болашақ психологиялық әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру, адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін тереңдетіп, дамыту және оңтайландыру, психологиялық әрекеттегі қиындықтарды көру, оларды жеңе білу икемдері арқылы бір-бірімен байланысқан бағалау , мақсаттар,құнды бағдар, сенім мен рухани қызығушылықтары мен қажеттіліктер жүйесі мен тұрақты кешен түрінде және жалпы психологиялық -педагогикалық бағыттарын қалыптастыру.
Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында икемділіктер мен біліктеріне ие болу және оларды дамыту, тұлғаның психологиялық әрекетін тануға қойылатын талаптарды білу, диплом жұмысын дайындау кезінде және практика есебіне пайдаланатын алған жадығаттарды жүйелеу және қорытындылау икемдерін дамыту.
Әділдік, бірбеткейлік, әдеп, қаталдық, талап ете білу, өз сөзінде тұру, қарым=қатынас жасай білу, адамдарға және жұмысына деген парыз, клиентті түсіну және құрметтеу, шыдамдылық, өзін ұстай білу және т.б. болашақ психологқа қажет мінез қасиеттері мен жеке сапа көрсеткіштерін қалыптастыру.
Өндірістік практиканың міндеттері:
Психолог жұмысының мазмұны мен заманауи түрімен, қойылатын міндеттерімен танысу;
Психологиялық жұмыстың заманауи талаптарына сай болашақ маман иесінің кәсіби маңызы бар қасиеттерін дамыту және біліктілігін жоғарлату;
Кәсіби психологтардың тәжірибесін және өзінің практикалық тәжірибесін тану, бақылау, талдау, қорытындылау икемділіктерімен «қаруландыру»;
Психолог жұмысында түрлі әдіс, әдістеме және тәсілдерін тану және практикада қолдану;
Студенттердің кәсіби-психологиялық білім, білік, дағдылар қажеттілігін қалыптастыру;
Психологиялық қызметте және практиканың жеке тапсырмаларын орындағанда қажет оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиетпен, дидактикалық үлестірмелі жадығаттармен жұмыс істеу икем мен дағдыларын қалыптастыру;
Өз қызметіне шығармашылық, зерттеу келістерін қолдану, ғылыми жұмыстың тақырыбы бойынша тәжірибе жадығаттарын жинақтау және өңдеу;
Күнделікті психологиялық құбылыстарды бақылау және талдау икемі және бұл бақылаулардың нәтижесін өндірістік практика күнделігінде көрсету;
Практика нәтижелері бойынша есеп жадығатын дайындау.
Практика өту кезінде студент төмендегідейлерді білулері тиіс:
тұлға психодиагностикасының негіздерін;
оқушылардың жас ерекшеліктерін;
психологиялық-педагогикалық қызметтің, басқаруды ұйымдастырудың негіздерін.
Практика өту кезінде студент төмендегідейлерді істей білу керек:
білім беру жүйесінде психолог практикалық жұмысының қажетті дағдыларына ие болу;
білім беру жүйесінде балалармен психодиагностикалық, коррекциялық, алдын алу жұмысын жүргізу;
психологиялық кеңес беру әдістерін қолдана білу;
сабақтың психологиялық талдауының әдістерін қолдана білу.
Өндірістік практика адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастарындағы психологиялық факторларларды оңтайландыруға бағытталған психолог қызметіне студенттерді дайындаудың негізгі кезеңі болып табылады.
Практика болашақ қызметінің аясындағы практикалық психологтың міндеттері мен жұмыс мазмұнымен танысуға, өз білімдерін бекітуге, университетте теориялық және практикалық курстарды оқыған кезінде алған білім, білік, дағдыларын тереңдетіп бекітуге мүмкіндік береді.
Болашақ психологтың практикалық қызметінің нысаны болып адам әрекетінің және жүріс-тұрысының түрлі аясында пайда болатын психикалық процесс және қалыптары болып табылады.
Пререквизиттер: Жалпы психология, мамандыққа кіріспе, педагогика, этнопедагогика, басқару психологиясы және т.б.
Постреквизиттер: педагогикалық практика, диплом алдындағы практика
Практиканы өту кестесі
Кезеңі
|
Жалпы мазмұны
|
Есеп беру түрі
|
Алғашқы кезең
|
-Практика бағдарламасының мазмұнымен танысу;
-практика кезіндегі студенттердің міндеттерімен, атқаратын жұмыс түрлерімен танысу;
-практиканы өту орнымен, негізгі ресми құжаттарымен, педагогтармен, психологпен танысу;
-бағыт беруші конференцияға қатысу
|
Практика күнделігінде көрініс алуы
|
Негізгі кезең
|
-практика жетекшісімен бірге практиканы өту жоспарын құру;
-пратиканы өту жоспарында белгіленген істерді жүзеге асыру: ол-психологқа қатысты іс әрекеттерді жүзеге асыру, психологпен бірге түрлі тақырыптардағы тренигтерге қатысу, психологитың көмегімен тренинг дайындау және өткізу, кез келген балаға психолгиялық мінездеме дайындау, топ балаларын психологиялық тұрғыдан ерекшеліктерін психологпен бірлесе талдау, мінезінде ақаулықтар бар балалармен түзету жұмыстарына қатысу, зерттеу жұмыстарын түрлі психологиялық тәсілдер мен әдістерді қолдана өткізу.
|
-күнделіктегі жазу;
-трениг конспектісі.
|
Қорытынды кезең
|
-Практика бойынша есеп құжаттарын дайындау;
-практика жетекшісінің студентке берген мінездемесін алу;
-қорытынды конференцияға доклад дайындау
|
Есеп беру құжаттары
|
Өндірістік практиканың мазмұны
Практика өтуге арналған тапсырмалар
1. Оқу-тәрбиелеу үдерісінде психодиагностикалық зерттеу өткізу:
а) тұлғаның типологиялықжәне мінездеме ерекшеліктерін зерттеу (В.М.Русалов әдістемесі, Айзенк, Шмишек сауалнамасы және т.б.);
б) таным аясы, зейін және оқу әрекетінің құрамдас бөліктерін зерттеу;
• мағыналы, қысқамерзімді, ұзақмерзімді жады түрлерін зерттеу;
• зейіннің дұрыс таралуын қадағалау, басқа затқа ауысу, зейін көлемі;
в) тұлғаның эмоциялық-ерікті аясының дамуын диагностикалау (С.Спилбергтің өзін-өзі бағалау шкаласы,мектеп үрейіжәне т.б.);
г) тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу( жұп салыстырмалардың әдістемесі, К.Томастың тестісі);
д) парасаттың негізгі шарттары бойынша : вербальдік, есептік-арифметикалық, Штур, Амтхауэр, ГИГ оқушылардың оқу үлгерімдерін талдау;
2. Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру;
3. Ауытқымалы мінез-құлық танытатын баламен коррекциялық жұмыстың бағдарламасын құрастыру;
4. «Қиын» балалармен педагогикалық консилиум жұмысының психологиялық алдын алу бағдарламасын құрастыру;
5. Сабақтың психологиялық талдауын жасау.
Практика өткізудіің орындары мен түрлері
Өндірістік практика түрлі меншік иелеріне қатысты кәсіпорын, ұйым және мекемелерде өтеді. Практика өтудің орнын таңдау университет пен студенттердің қызығушылығына және қойылған мақсаттарына байланысты. Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, арнаулы, кәсіби және жоғары оқу орындары, түрлі әлеуметтік типтегі мекемелерге көңіл бөлінеді.
Практика практикалық психологияда кеңінен таралған, танымал әрекет түрлерінде өтеді:
Психолог қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу, балалар мен жас өспірімдердің әрекетін басқарумен байланысты мектепке дейінгі, мектеп, балаларға арналған арнайы мекемелерде психологиялық қызмет ұйымдастырылады.
Әлеуметтік-нарықтық өмірдің түрлі аясында көмекті қажетсінетін адамдарға психологиялық кеңес бері және психологиялық қызмет көрсету. Бірақ бұл жағдайда клиенттің өз еркімен көмек сұрағанын ескеру жөн және нақты психологиялық қиындық пен ыңғайсыздану сезімін де ұмытпауы керек.
Тарауларды орындау бойынша нұсқаулар
Мектеппен танысу: оның қиын мәселелері мен дамуының болашағы
1. Практика өтетін мектептің түрін анықтау; мектепте инновациялық үрдіс жүзеге асуда ма, негізге мектеп дамуының қандай концепциясы алынғанын анықтау; педагогикалық теория мен практикада танымал мектеп үлгілеріне жататынын анықтау ( колледж, гимназия, лицей, мектеп кешені, спорт мектебі, отбасылық үлгідегі мектеп, ұлттық мектеп және т.б.), мектепте жүзеге астатын негізгі идеяларды анықтау; инновациялық үдеріске мектептегі пән мұғалімдерінің әрекетін байқау.
Сынып оқушыларын зерттеу
1. Мұғаліммен, сынып оқушыларымен әңгімелесу кезінде, өз бақылауларының негізінде сынып ұжымын зерттеу;мұғалімнің сыныппен жұмыс істеу мерзімі және сыныпты қаншалықты танитынын анықтау; оқушылардың бір-біріне қарым-қатынасы , сынып жұмыстарына деген қызығушылығы, сынып белсенділері, оған кіретін балалар, басқа балалар алдындағы абыройы,мұғалімнің сынып белсенділерімен қарым-қатынасы, жақсы, белсенді көмек көрсететін балалар, үрей туғызатын оқушылар, себептері; сынып дәстүрлері; мұғалім өз жұмысына ата-аналардың қатыстуруы; өтіп жатқан оқу жылындағы қызықты шаралар өткізілуін зерттеу.
Студент практиканың алғашқы аптасында өз сыныбында өткізілетін барлық сабақтарға және сабақтан тыс шараларға қатысып,мұғалім мен оқушылардың жұмысымен танысады.
Бұл кезде ол өзінің күнделігін толтырып,шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін мұғалімдердің сабақтарына қатысады,олардың жұмысы, балаларды зерттейтін арнайы әдістерді қолданып, тестілеу, әңгіме жұмыстарын өткізеді.
2.Эпирикалық зерттеу әдісімен оқушыларды зерттеу: сауалнама, тілдесім, тестілеу, «Әңгімені , сөйлемді аяқта» сында әдістерді қолдану, «Өмірде маған қуаныш пен өкініш әкелетін жайттар» , берілген тақырыпқа сурет салу, ранжирование,сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынастардың әлеуметөлшемдік зерттеу және т.б.
Оқушылардың көзқарастары мен әлеуметтанушы ғалымдар, психолог пен қоғамтанушылар,медициналық қызметкерлердің бұл мәселелерге көзқарастарымен таныстырып, өткізілген жұмыстың қорытындысын оқушылардың назарына ұсыну.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасын, танымдық қызығушылықтарының даму деңгейін анықтау. Оқушыларды оқыту – күрделі үдеріс, оның нәтижесі коп фактілерге байланысты болады, оның ішінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы, танымдық қызығушылықтарының даму деңгейі, оқуға деген қызығушылығы, тұлғаның әлеуметтік ұмтылыстары. Танымдық қызығушылықтарды дамыту жолындағы бірінші сатысы боп ынта, іске, пәнге, оқытуды жүргізетін педагог ұстазға деген оңтайлы эмоционалдық қатысы табылады.Әрі қарай қызығушылық, өз күші мен қабілеттеріне сенушілік туғызу, өздіктерінен шешім табуға ықпал жасау, басталған жұмысты аяқтауға көмектесу.
Қызығушылық, сүйетін іс, қабілеттерін анықтау үшін сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен: оқушы бос уақытта не істейді, ұнататын ісі, немен шұғылданады, мамандықтың қай түрі ұнайды және неліктен, мұғалім мамандығына қатынасы, олармен қарым-қатынас жасауда қандай сезім басты болады, қандай кітапты оқығанды жақсы көреді және неліктен, соңғы кезде қандай фильм /спектакль/ көрді, қандай сабақ ты ұнадады және неліктен. Берілген шаралардың: қала бойынша, бейнелеу өнері мұражайына серуен, сәбилер бақшасына бару, қала сыртына шығу, бірінші сынып оқушыларына сабақтан тыс шараны дайындау және өткізу, зауытқа топсеруен, спорт жарысы, көрші мектептің оқушыларымен кездесу қайсысын таңдап алар еді және неліктен?
4. «Оқу әрекетіне қызығушылығын анықтау» әдісін қолданып, оқушы әрекет мотивтерін диагностикадан өткізу.
Өткізу ережесі: оқушылар өз ұмтылыстарына сай келетіндердің астын сызу керек:
Менің оқитын себебім:
Мектепке бару қызықты
Көп білгім келеді
Ата-аналар мәжбүрлейді
Кейбір оқу пәндері мен үшін қызық
Соңында емтихан тапсыру жеңіл болады
Бүгінгі таңда орта білімсіз қиын
Тапқыр, қызықты адам болғым келеді
Көп ұстаздар ұнайды
Басқа балаларға көп білгенімді, көп нәрседен хабардар екендігімді көрсеткім келеді
Ата-аналардан сөгіс пен ескерту естігім келмейді
Сосын ЖОО түсуге жеңіл болады
Ата-аналарым көптен бері ұнатып жүрген затымды әпереді
Сыныптағы оқушылардың барлығынан үздік оқығым келеді
Замандастарымен араласу үшін мектепке бару мен үшін қызықты
Басқалардан қалғым келмейді
Сосын мамандыққа үйрену қиын болмайды
Жақсы аттестат алғым келеді
Мақтағанды, басқаларға үлгі етіп қойғанды жаным сүйеді
Білім ұнайды
Кіріскен заттың «түбіне дейін» жету керек
Бұл жастағылар біздің мемлекетімізде білім алуда
Мұғалімдерден ескерту, сөгіс естігім келмейді
Алған мәліметтерді өңдеу: берілген кестеге қарап, оқушы таңдаған жауаптары қай топқа сәйкес екендігін анықтау
Мотивтердің
шартты тобы
|
Утилитарлық-
прагматикалық
|
Әлеуметтік
|
Жеке-
танымдық
|
Бәрін тануға тырысатын
/Эгоистік, тәкаппар/
|
Жауап №
|
5,6,11,16,17
|
3,7,8,10,14,15,21
|
1,2,4,19,20
|
9,12,13,18,22
|
«Танымдық қызығушылыө» әдістемесін қолданып,танымдық қызығушылығының өлшемдіктерін белгілеу.
Өткізу тәртібі: Берілген тақырыптардың біреуіне өз қалауынша оқушылар шығарма жазу керек /Мен тіл жөнінде не білемін? Математика туралы не білемін? Немен шұғылданғанды ұнатамын? Менің демалыс күнім/
Алған мәліметтерді өңдеу: шығарма тақырып таңдау және мазмұны бойынша талданады. Бұның нәтижесінде оқушы қызығушылығының мінезі мен күш деңгейін анықтауға болады/сауық құру, тек мектеп бағдарламасына сәйкес, танымдық/.
6. Оқушы оқу үдерісінің салыстырмалы талдауын өткізу; түрлі сабақтардағы жұмыстарын бақылау, жылдар бойы үлгерім динамикасын зерттеу / жеке іс қағазы, сынып журналы, күнделіктері бойынша/; бұл сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен сауалнама өткізу арқылы, ата-аналармен өз балаларының оқуға деген қатынастарын білу мақсатында, бақылау жұмыстары, шығармалар, суреттерді талдау арқылы, оқуға деген қызығушылығын анықтау мақсатында сұрақ-жауап, сауалнама, тілдесім,тестілеу өткізу. Берілген мәліметтерге сүйене отырып, оқушыға мінездеме жасау.
7. Берілген әдісті қолдана отырып, оқушы танымдық қажеттілігін анықтау. Бақылау, ата-ана мен мұғалімдермен әңгімелесу негізінде студент сауалнамадан жауаптарды таңдап алу керек:
1. Оқушы аөылды талап ететін жұмыстармен қай уақытта және қанша/жиілігі/ шұғылданады / бір-бір жарым сағат бастауыш мектеп оқушысы, жасөспірімдерге бірнеше сағат/?
А/ жиі -5 ұпай
Б/ арасында-3 ұпай
В/ өте сирек-1 ұпай
2. Тапқырлықты талап ететін сұрақтарға оқушы қалай жауап етуге тырысады?
А/ талпынып, өзі жауап іздейді – 5 ұпай
Б/ қалай болса -3 ұпай
В/ дайын жауап іздейді -1 ұпай
3. Қосымша әдебиет көп оқиды ма?
А/ үнемі және көп – 5 ұпай
Б/ бірқалыпты емес, арасында – көп, кейде мүлдем оқымайды – 3 ұпай
В/ аз, мүлдем ештеңе – 1 ұпай
4. Көп сұрақ қояды ма?
А/ жиі-5 ұпай
Б/арасында -3 ұпай
В/ қте сирек-1 ұпай
5. Өзіне қызықты қиын жұмысқа қандай эмоциямен кіріседі?
А/ бар ынтасымен -5 ұпай
Б/ орташа – 3 ұпай
В/ немқұрайлықпен – 1 ұпай
Барлық сұрақтардың қорытындысын 5-ке бөлу керек / сұрақтар санына сәйкес/. Қызығушылық қажеттіліктері жиілігінің көрсеткішін анықтаймыз /J/ .
Егер 3,5
8. Берілген пәнге оқушының өз-өзін бағалау ерекшелігін зерттеу. Кез келген пәннің тапсырмасын жазбаша орындалуы 3 ұпаймен белгіленеді. Бір – жұмыс орындалған деңгейдің нақты көрінісі, қалған екеуі – нақты емес: жоғарылатылған немесе төмендетілген. Оқушымен жеке тілдесімде жұмысын үш ұстаз тексеріп, түрлі баға қойғандарын ескертеді /Мәселен:3,4,5/. Оқушыға өзі не ойлайды? Өз жұмысы үшін қандай баға қоюшы еді? Неліктен солай ойлайды? Оқушы жауабына сай, оның өзіне дұрыс сыни тұрғыдан қарай алатыны аңғаруға болады.
9. Оқушының өзіндік жұмысы мен оның түрлеріне көзқарасын зерттеу: өзіндік әрекетке мотивтері, педагогикалық жетекшілікке қажеттілігі анықталады.
Оқушыларға сауалнаманың сұрақтарын мұқият оқып, олардың ойын білдіретін жауаптарды белгілеу ұсынылады:
1/ Сабақтардағы өзіндік жұмыстар ұнайды ма? /оңтайлы, жағымсыз, бәрі-бір/
2/ Өзіндік жұмыс несімен ұнайды?/өз білімдерін толықтырып, тереңдету, қздігінен жұмыс жасай білу қабілетін ұштау, өз танымын тексеру, баға алу, т.т/
3/ Өзіндік жұмыстың қай түрі қызығушылықпен орындайсыз?
/оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс, есеп шығару, жаттығу орындау, шығарма дайындау, кестемен жұмыс, хабарлама дайындау, лабораторлық жұмыстар, еңбек талап ететін тапсырмалар, басқа/
4/ Өзіндік жұмысты орындау барысында оқытушының қандай көмегін қажетсінесіңдер?/тапсырмаларды түсіндіру, жұмысқа нұсқаулық, мұғалім бақылауы, тапсырманы орындау кезінде пайда болатын сұрақтарға мұғалімнің жауабы,жұмысты түзету, нәтижелерді тексеру және талдау/
5.Өзіндік жқмысты ұйымдастырғанда нені өзгерту керек?/сабақта көп уақыт беру, сабақта аз уақыт беру, шығармашылық тапсырмаларды көбірек ұсыну, үй жұмысын бермеу, жеке жұмыстарды жиі беру, басқа/
Алған мәліметтерді өңдеу: Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысына деген көзқарасын, оны орындау кезіндегі қызығушылығын, оқушыларды ынтасы мен әрекетін қызықтыратын жұмыс түрлерін анықтайды. Оқушылардың мұғаліммен еңбек етіп, педагог көмегінің қажеттілігі анықталады.
10. Педагогикалық тұрғыдан қалып қойған оқушыны анықтап, келесі кестені қолдана отырып, «қауіпті топ» оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру:
1/ Тегі, аты, жасы, сыныбы
2/ Отбасы құрамы, ата-аналардың білімі, мамандығы, қызметі , отбасы ішіндегі қарым-қатынас ерекшелігін анықтау
3/ Сынып ұжымында, жолдастары арасында оқушы деңгейін, қарым-қатынас ерекшелігін анықтау /бақылау, әлеуметікөлшемдік өзгерістер мен сауалнама арқылы көруге болады/
4/ Оқушының қызығушылығы, қабілеті мен бейімі
5/ «Қиын жасөспірім» мектепте және мектептен тыс басқа топ, компания, замандастар бірлестіктеріне жата ма, қоршаған балалардың ықпал ерекшелігін зертте, педагогикалық қорытынды жаса.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
Жол және құралдарын анықта:
а/ тәрбиелеуде қиындық туғызатын оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтарды жою;
ә/ оқуға, өз күші мен мүмкіндігіне сенімді бекіту.
Тәрбиелеуде қиындық туғызатын оқушыны мадақтап, ынталандырып, өз қызығушылығына сай түрлі әрекетке ұмтылдыру. Бақылау жүргіз және қорытынды жаса.
11. Сыныптағы «қиын жасөспірім» тәртібін диагностикалау және түзету жұмыстарын анықтап алу.
Тәрбиелеуге көнбеушілікті баланың әлеуметтік тәжірибе, педагогикалық ықпалға қарсы келу деп түсінуге болады. Бұл көнбеушілік себебін «мұғалім-оқушы» жүйесі құрамдас бөліктерінің және бір-біріне деген көзқарасынан табуға болады. Бұл жұмыс түрін орындауда берілген кестенің көмегі зор.
Қарым-қатынаста жағымсыз жағдай туғызатын себептер
|
Түзету жолдары
|
І топ: эмоционалды-ерікті жағынан дамудағы ауытқулар, мінездің басты ерекшелігіне дейін, психопатияғажететін жеке-типологиялық айырмашылықтардың шамадан тыс көрінісі
ІІ топ: әсер етудің педагогикалық тұрғыдан қате әдістері мен түрлері
ІІІ топ: теориялық білім алудағы ауқымды қиыншылықтар, өз түсініктердің, жүріс-тұрыс дағдыларының қалыптаспауы
ІV топ: тұлғаның өзгеруі айналасындағылармен қарам-қатынас жасау түсініктерінің бұрыс болуынан,өз дұрыстығын ғана мойындау, өзінің жағымсыз қылықтарын көрмейді.Өз кемшіліктерін сыртқы жағдайлардан көреді
|
1. Патопсихолог немесе психоневрологқа бағыттау
2. Медициналық-педагогикалық әсер кешенін ұйымдастыру
1. Балалардыңжас және жеке ерекшеліктерін ескеру
2. Баламен қарым-қатынаста педагогикалық такт
3. Пайда болған жағдайдан шығу жолын және өз көзқарасын өзгерту
1. Сырқы қызығушылық арқылы кемшіліктерін жоюдағы көмек
2. Тәрбиелеуде көлеңкелі тұстарды жоюға арналған жұмыс
3. жүйелі түрде бақылау, өз тәртібін қадағалау жолында балаға қолдау көрсету
1. Тұлғаны жаңадан тәрбиелеу
2. Жасөспіріммен қарым-қатынасты оған оңтайлы көзқарасқа өзгертумен бастау керек
3. Мұндай жұмыс ітеу үшін жағымды жағдай туғызу
|
12. Кез келген оқушының сабақтардан үлгермеу себептерін ата-аналар, оқушының өзімен әңгімелесу арқылы, тәртібі мен әрекетін бақылау арқылы зерттеу.
Үлгермеу себептерін толық түсіну мақсатында оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1/ Педагогикалық:
а/оқу әрекетінің сиректігі;
ә/ оқу әрекеті тиімділігінің төмендігі;
б/ сабақ босату;
в/ мұғалім тарапынан сарап оқытпағандығы;
г/ ата-аналардың махаббат, қамқорлықтың төмен деңгейі;
2/ Психологиялық
а/ оқу әрекет қызығушылығының қалыптаспағандығы;
ә/ тәртіпсіздік;
б/ тұлғаның ерік-жігеріндегі ауытқулары;
в/ білім таяздығы;
г/ оқу дағды мен икемдерінің нашарлығы;
д/таным қабілеттерінің төмен деңгейі.
3/ Нейрофизиологиялық:
а/ жалы ағзаның әлсіздігі;
ә/жоғары жүйке әрекетінің әлсіз типі;
б/ көру, есту, артикуляция ауытқулары;
в/ бас ми қабығының микро зақымданулары.
13. зерттеген себептерге сай оқушы үлгерімін жақсарту жолын белгілеңіз.
Қай себептер бір-бірімен байланысты екендігін анықтаңыз.
Тәртібінде ауытқу белгілері бар оқушыға психологиялық мінездеме
Баланың тегі, есімі
Жас мөлшері
Жынысы
Анамнез мәліметтері
Бала отбасы, ата-анасы туралы мәлімет
Таным аясының ерекшелігі: ойлау, жады, зейін, қиял, сенсорлық-перцептивтік үдерістер, сөйлеу
Ерік-жігер аясындағы ерекшелігі: эмоция мен сезімдер, ерік
Жеке-типологиялық ерекшелігі / темперамент, мінез, қабілет/
Ойын әрекет даму ерекшеліктері, тұлғаның бағыты мен басқа әрекет ерекшелігі
Оқу әрекетінің мотивтері
Баланың оқу әрекетіндегі тәртіп ерекшелігі
Баланың еңбек әрекетіндегі тәртіп ерекшелігі
Баланың сыныптағы әлеуметтік деңгейі
Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі
Ауытқу тәртібінің көрсеткіші. Себептері
Ескерту
Қорытынды
Ұсыныстар
Оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық мінездеме жасаудың бағдар кестесі
оқу жылының
қаласы
мектебінің сынып
оқушысы
/мінездеме/
Оқушы жөнінде жалпы мәлімет /жасы, денсаулық жағдайы/
Оқушының отбасы тәрбиелеуі жағдайының мінездемесі / отбасыдағы мәдени-тұрмыстық жағдай , отбасы ұжымындағы қарым-қатынас ерекшелігі, отбасының оқушыға көзқарасы, тәрбиелеудегі қамқорлық/
Сынып ұжымының мұшесі болып табылатын оқушы мінездемесі / сынып белсенділері, қоғамдық жұмыстар мен қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысы, үлгерім мен тәртіп,ұжым ішіндегі тұлғааралық қарым-қатынас,симпатия мен антипатия, достық, жолдастық, ұжымдық, бала ұжым дәстүрлерінің жүйесі/
Оқушының ұжымға деген көзқарасы /ұжым мүшесі болуға ұмтылыс, оның көзқарасымен санасшылық, жолдастар ұжымында оқушы беделі, басқа адамдармен қатынас жасау және басқаларды түсіне білу, ұжымдағы жағымсыз әлеуметтік-психологиялық жағдайларға қатысы- көшіру, қызғаншақтық, сыбырлап көмектесі, көлеңкелі жағдайдағы ауызбіршілік және т.т./
Оқушы тұлғасының /өзіндік, қоғамдық немесе іскери/ бағытталуы, мотивтердің мінездемесі: қызығушылығы, оның тереңдігі, кеңдігі, тұрақтылығы мен нақтылығы; жоғар,ы деңгейдегі танымдық қызығушылығы, көзқарасы мен ойы; сана мен тәртіптің бірізділігі, оның көздейтіні, армандары, идеалдары.
Талаптарының деңгейі / өте төмен, нақты және жоғарылатылған/; өзіндік бағалауы мен сана деңгейінің тепетеңдігі; оқушыға сай өз мүмкіндіктерін бағалау; өзіне деген талап; ұстаз және жолдастарынының ескертулеріне сыни тұрғыдан қарай білу; өз-өзін тәрбиелеуге көзқарасы және оның түрлі әрекеттерде көрінуі.
Оқушы түрлі әрекет түрлерінде / оқушының оқуға деген қатысы; жұмысты талаптанып немесе немқұрайлы жасайды; сабақты қызығып, қызықпай оқиды; оқығысы келмейді; қандай бағалар көбінесе кездеседі; үлгерімі мен тәртіптілігі; оқу дағдыларының қалыптасқандығының дәрежесі;еңбекке деген көзқарасы; оқушының тұрмыстық еңбегі; оқушы өмірінде оқу, еңбек және ойын әрекеттерінің бірізділігі; оқушының қоғамдық белсенділігі/
Танымдық әрекеттің мінездемесі /бақылағыштық, қабылдау ерекшеліктері; жады ерекшеліктері, жады түрі; зейін мінездемесі: берік, ауыспалы, шашыраңқы, және т.б. ерекшеліктері; шығармашылық және қайта құру қиялы; бейне және дерексіз ойлау дамуының дәрежесі; ойлаудың жүйелілігі мен сын жасай білу; логикалық ойлау дамуының деңгейі: өз ойларын айтудағы бірізділігі мен дәлелділігі, ойлау икемі және қорытынды жасай білу; өздігінен ойлары мен қорытындылары; ауызекі және жазба тілдерінің даму дәрежесі: сөздікқорының байлығы, өз ойларын жазбаша және ауызша түрде жеткізе білу икемдері/
Эмоционалдық-ерікті аясының ерекшелігіні / педагогикалық әсерге эмоционалдық реакцияның мінездемесі; сезімдердің дамуы:моральдік, интеллектуалдық, эстетикалық; сезімнің тереңдігі мен нақтылығы; оқушының көңіл күйі; оқушының эмоционалдық қозуының дәрежесі; эмоцияның шапшаңдығы мен ауысымы; эмоционалдық уайымның сыртқы көрінісі; қиын жағдай мен сәтсіздіктердегі эмоционалдық уайымдар;эмоционалдық қиындықты ұстай білу икемі және оларды өзгерте білу; ерік ерекшеліктері: мақсатқа табандылық, өздігінен жұмыс жасай білу, өз еркімен шешім қабылдау, жауапкершілік, беріктік, ұстамдылық, еріктің моральдік тәрбиелілігі және т.б./
Қабілеттері/ жалпы және арнайы қабілеттері; оқушының көзге түсетін қабілеттері: музыкалық, техникалық, математикалық, ұйымдастырушылық және т.б./
Темперамент /жоғары жүйке әрекеті типінің кейбір ерекшелігінің көрінісі: кү, мінез тепетеңдігі, қозғалмалылығы. Темпераменттің кейбір қасиеттерін анықтау: сензитивтілігі, экстра-интравертивтілігі, қызбақойлығы, ригидтілігі және т.б./
Мінез /оқуға қатысы арқылы көрінетін мінез белгілері:оқуға деген ынтасы, белсенділігі, тәртіптілігі; сынып және мектепке деген қатысы арқылы көрінетін мінез ерекшелігі, өз сыныбы мен мектебінің табыстары мен келеңсіздіктерін уайымдау; сынып пен мектеп абыройы үшін күрес, сынып пен мектепте өткізілетін шараларға қатысы; қоғамдық міндеттер мен тапсырмаларды орындаудағы көзге түсетін мінез қылықтары: орындалатын қоғамдық жұмыстар, орындалатын жұмыс үшін ұжым алдында жауапкершілік пен парыз сезімі; еңбекке қатысты көрінетін мінез ерекшеліетері: еңбекқорлық, жауапкершілік, орындаушылыық парыз және т.б.; жолдастар мен үлкендерге қатысты көрінетін мінез ерекшелігі: мейірімділік, ашық мінез, түсінушілік және т.б.; нәрсеге қатысты мінез қылықтары: ұқыптылық, салақтық, заттарға ұқыпты немесе ұқыпсыз қарау және т.б.; өз-өзіне қатысы арқылы көрінетін мінез белгілері: өзін қадірлеу, тәкаппарлық, өз ойының болуы, ұялшақтық және т.б./
Ұжым арқылы және жеке әсер ету нәтижесінде оқушы тәрбиесіне байланысты студент-практикантпен орындаған жұмыстары. Орындалған жұмыстың тиімділігі
Психологиялық-педагогикалық қорытындылар. Аталған оқушылармен тәрбие жұмыстарындағы мүмкіндік түзету жолдарын көрсету/ ұстаздар, ата-аналармен, сынып және мектеп ұжымы және өзіне қатысты/
Сабақтың психологиялық талдаудың жоспары
І. Сабақтың психологиялық мақсаты
1. Оқушы дамуындағы перспективті жоспарындағы аталған сабақтың орны мен мағынасы. Мақсаттарды анықтау.
2. Перспективті жоспар міндеті, бөлім мен тақырыптарындағы психологиялық міндеттер, алдындағы жұмыста жеткен нәтижелер мен сабақта оқытылатын түрі мақсатты қойғанда қалай ескертілгендігін анықтау.
3. Психологиялық-педагогикалық әсер етудің жеке құралдары, сабақта қолданылатын әдістемелік құралдар, және жалпы сабақ стилі қойылған психологиялық мақсатқа сай болғандығын көрсету.
ІІ. Сабақ стилі
1. Дамыту оқытудың қағидаларына сабақ мазмұны мен құрылымы сай келетіндігі:
а/ оқушылардың жады мен ойлауларына салмақтың бірізділігі;
ә/ оқушының қайта құру және шығармашылық әрекетінің бірізділігі;
б/ білімдердің дайын күйіндегі қабылдау бірізділігі /мұғалімнің айтуынша, оқулық және құрал негізінде/ және өзіндік ізденіс бірізділігі;
в/ мұғалім және оқушылар көздейтін проблемалық- эвристикалық оқытудың қандай бөліктері көрсетіледі/ проблеманы кім қояды, кім оны анықтайды, кім шешеді/;
г/ мұғалімнің тарапынан болатын бақылау, талдау, оқушы әрекетін бағалау және оқушы ның өзңн бақылау, өзін талдау және бір-бірін бағалау бірізділігі;
ғ/ оңтайлы сезімдерді туғызатын оқушылардың әрекетке белсенділігі мен оқу жұмысы, қызығушылық туғызатын көріністер, қиындықтарды жеңу байланыстары/ және міндеттеу;
д/мұғалімнің педагогикалық такті;
е/ сыныптағы психологиялық климат /сыныптағы шынайы, қуанышты қарым-қатынастың атмосферасын ұатап тұру икемі, іскери қарым-қатынас және басқа көңіл/.
2.Мұғалім өз—өзін ұйымдастыра білу ерекшеліктері:
а/ сабаққа дайындығы /сабақ мазмұны мен құрылымдық бөлшектерін білу дәрежесі; психологиялық мақсаттың түсіну дәрежесі, оны орындауға іштей дайындығы/;
ә/ сабақ басында және оны іске асыру үдерісіндегі жұмыс сезімі \жинақылық, сабақтың тақырыбы мен психологиялық мақсаттың үндесуі, педагогикалық тұрақтылық/.
ІІІ. Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру
1. Оқушылардың ойлау мен қиялдың өнімді жұмысы үшін жағдай қандай деңгейде қамтамасыз етілді:
а/ оқытылатын жадығатты оқушылардың түсіну, қабылдау қалай жүзеге асты;
ә/ тапсырмалар қандай формада қолданды /сендіру/;
б/ зейін салу мен зейін тұрақтылығы қалай жүзеге асты;
в/ жаңа жадығатты түсінуге қажет оқушылардың ертерек алған білімдерін жадында сақтау үшін қандай жұмыс түрлері қалай қолданды / жеке сауалнама, сыныппен әңгімелесу, қайталауға арналған жаттығулар/.
2. Жаңа білім мен икемдерді қалыптастыру үдерісінде оқушылардың ойлау және қиялдау әрекетін ұйымдастыру:
а/ нақты көріністері, ініктері, бейнелердің бекітуі, жаңалықтар, формула шығару т.т оқушылардың білімдері қандай деңгейді қалыптаса бастады;
ә/ көрініс, түсінік, түсіну деңгейі, жаңа бейнелердің қалыптасуындағы қандай психологиялық заңдылықтар ескерілді;
б/ оқушылардың ойлау еркіндігі, белсенділігі қандай тәсілдер арқылы қызығушылық туғызды /сабақтағы сұрақтар жүйесі, проблемалық жағдайді туғызу, түрлі деңгейдегі проблемалық-эвристикалық тапсырмалар, жетіспейтін және шамадан тыс мәліметтері бар есептер, ізденіс, зерттеу жұмыстары/.
в/ жеткен түсіне алу деңгейі қандай / баяндау, салыстырмалы, түсіндірме, бекіту, бағалау, проблемалық/; идеал мен сендіруді қалыптастыруға мұғалім қалай басшылық етті;
г/ сабақта шығармашылық жұмыстың қай түрі қолданды және мұғалім оқушылардың шығармашылық қиялын қалай басқарды/жұмыстың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру, оны орындаудағы жағдай, жадығатты таңдау және жүйелеуге үйрету, нәтижелерді өңдеу және жұмыстарды рәсімдеу/.
3 . Жұмыс нәтижелерін бекіту:
а/ жаттығулардың көмегімен дағдыларды қалыптастыру;
ә/ интерференцияны алдын алу және жаңа жұмыс жағдайына ертерек үйренген икемдерді көшіру.
ІV. Оқушылардың ұйымдастырылуы
1. Ойлау дамуының деңгейі, оқуға деген көзқарасы және жеке оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылық қабілеттерін талдау /мүмкіндік деңгейде/.
2. Мұғалім оқу деңгейі арқылы оқушылардың топтарын қалай анықтайды және оқу сабақтарының топтық және дара түрлерін сыныпта фронталды жұмысты қалай сәйкестендіреді.
V. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
1. Іс жүзінде және сабаққа дайындық кезіндегі барлық бөлімдерді оқушылардың жеке жас ерекшеліктері қалай ескеріледі/ сабақ мақсаты мен стилін анықтауда, оқыту үдерісінің саралау келісінде және оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырғанда /
Практика кезінде жеке тапсырмалардың тізімі
Мақсаты: студенттердің мамандырылуын ескере отырып, пәндік қызығушылық аясында кәсіби икемдерін дамыту,
Жеке тапсырмалар:
Психикалық үдерістер мен құбылыстардың біреуінің түрлі әдістер қолдану арқылы психодиагностикалық зерттеу өткізу.
Психодиагостикалық тестідеуді ұйымдастыру, өткізу және суреттеп беру.
Топпен психотерапевтілік жұмыс мінездемесін, әдісі мен мазмұнын анықтау.
Психологтың жеке кеңес беруіне талдау жасау.
Іскери ойын өткізудің жоспарын құрастыру.
Топтағы тренингтік жұмыстың технологиясын баяндау және өткізу.
Топтағы тренингтік жұмыстың мінездемесін беру.
Ұжымдағы іскери қарым-қатынастың мінездемесін беру.
Іскери қарым-қатынастағы қатынас орнату әдістемесін баяндау.
Конфликт қатысушыларының тәртібін бақылау және талдау.
Сұрақтарға талдау жасау және психологиялық кеңеске шығарылатын мәселелерді шешу.
Жоғары сынып оқушыларының кәсіпке сай екндігін анықтайтын зерттеу әдістерін таңдау және іс жүзінде қолданып көру.
Жас жеткіншектердің оқу әрекеті қызығушылығына мінездеме беру.
Оқу орнында оқыту және тәрбиелеу арасындағы психологиялық байланыс орнатылатынын байқау.
Іскери ойындар өткізіп, олаға мінездеме беру.
Тұлғаның кәсіп келушілігін анықтау мақсатында психодиагностика өткізу.
Ескерту: студенттердің қызығушылықтарын және қабілеттеріне байланысты тапсырмалар тақырыптары нақтылануы мүмкін.
Жеке тапсырмаларды орындаудағы әрекет құрылымы:
1. Зерттеу тақырыбын анықтау. Жұмыс бағытын және көлемін анықтау.
2. Зерттеу бағдарламасын құрастыру.
3. Психологиялық тексеріс өткізу.
4. Алынған нәтижелерді баяндау және талдау.
5. Ұсыныстарды құрастыру.
Тәжірибе кезінде студенттердің міндеттері
Кредиттер сағаттарында анықталған оқу тәжірибесі өтетін апталарда студент міндетті түрде болу керек, барлық кредиттер саны-4 құрайды, тәжірибенің ұзақтығы 10-жұма, еңбек сыйымдылығы 300-сағат. Студент барлық жұмыстарды мезгілінде орындау керек, тәжірибемен қарастырылған бағдарлама бойынша барлық істерді жүзеге асырып үлгеруі тиіс. Практикант ұйымның ішкі күнтізбелік ережелеріне, тәжірибенің жетекшісі мен әкімшілік әмірлерге бағыну керек. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, студент тәжірибеден шығарып тасталуы мүмкін. Тәжірибеден өтпеген студент, тәжірибенің бағдарламасын өтемеген, жұмыс туралы жағымсыз пікір алған болса немесе қорғау есебінде қанағатталмаған бағаны алатын болса, онда ол қайтадан келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы семестр кезіне қайтадан тәжірибе өтуге жіберіледі.
Практика бойынша есеп
Практика қорытындысын шығару төмендегілерді ескереді:
1. Титулдық бет.
2. Тапсырмалар негізінде практиканың бар кезеңіндегі жұмыс көлемі мен мінездемесін міндетті түрде көрсететін практика күнделігі.
3. Практиканың тақырыптық мазмұнын орындау жөнінде, оны жақсарту, өзгерту жөнінде ескерту мен мәліметтері бар жазбаша есеп.
4. Студентке берілген мінездеме,
5. Психологиялық жұмысты өткізудііің педагогикалық құралдарды ашатын қосымша жадығат.
Білімді бағалау тәртібі.
Білім алушының есебін тәжірибе жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Қорытынды баға тәжірибе базасынан тәжірибе жетекшісінің бағасы ескеріліп қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 40 % құрайды, және университет атынан жетекші ұсынған есепті қорғау бойынша бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 60 % құрайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленен балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша дифференцияланған сынақпен бағаланады.
Осыған орай:
Сипаттауда айтылған пікір;
Күнделіктегі жазбалардың мазмұны мен оны толтыру ұқыптылығы;
Есеп сапасы;
Қорытынды конференцияда сөз сөйлеу
ерекше ескеріледі.
Есепті тапсыру мерзімдерін бұзғаны, дәлелсіз босатулар немесе қандай да бір тапсырмаларды орындаудан бас тарту, күнделікті ұқыпсыз жүргізгені үшін бағалар әлбетте төмендетілетін болады.
Білім алушылар білімін бағалау критерийлері:
95-100. А «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
90-94. А- «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
85-89. В+ «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарлары, олардың талдау зерттемелері, тәрбиелік жұмыстың жоспарларыы және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
80-84. В «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
75-79. В- «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
70-74. С+ «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына жеткілікті деңгейде сәйкес келеді, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, есеп білім алушы жұмысының барлық басты бағыттары бойынша құрастырылған.
65-69. С «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, білім алушының толық есеп бар.
60-64. С- «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары бар, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, қысқа есеп бар.
55-59. D+ «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте тәжірибенің негізгі мазмұны қысқаша баяндалған.
50-54. D «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте жұмыстың басты бағыттары баяндалған.
0-49. F «Нашар» «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сай келмейді, тәжірибелік қызметінің материалдары лекцияның конспект-жоспарлары, мектептен тыс шаралардың талдамалары берілмеген, тәжірибе бойынша есеп жоқ.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі:
1 Абдуллина О.А., Загрязкина Н.Н. Педагогическая практика студентов. – М., 2009. – 173 с.
2 Практика как основа профессиональной подготовки педагогов учебно-воспитательных учреждений. Алма-Ата, 2011. – 77 с.
3 Психологические основы педагогической практики студентов / Под ред. А.С. Чернышова. – М., 2010. – 139 с.
4 Психолого-педагогическая практика в системе образования / Ермолаева М.В., Захарова А.Е., Калинина Л.И., - М., 2009. – 288 с.
5 Соколова Н.Е., Михальчик Т.С. Методические указания к организации и проведению педагогической практики студентов – заочников педагогических институтов. М., 2012. 64 с.
Қосымша:
1 Вопросы практической психодиагностики и консультирования в вузе. / Под ред. Н.Н. Обозова. – Л., 1984. – 152 с.
2 Изучение личности школьника учителем / Под ред. З.И. Васильевой. – М., 1991. – 136 с.
3 Ингенкамп К. Педагогическая диагностика. – М., 1991. – 240 с.
4 Практикум по психологии / Под ред. А.И. Щербакова. – Л., 1970.
5 Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. – М., 1981. – 232 с.
6 Психологический анализ урока / Под ред. Н.Ф. Добрынина. – М., 1952. 119 с.
7 Психологичеческий практикум в школе. – М., 1979. – 109 с.
8 Психолого-педагогические аспекты анализа урока в школах инновационного типа / Масырова Р.Р., Линчева А., Алматы, 1998. – 159 с.5>
Достарыңызбен бөлісу: |