1-тапсырма.
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты анықтаңыз
.
(3 балл)
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Қарағандыға келген орыстарды суреттеп беріңіз.
Ә) Мәтіннен Ермектің бейнесін тауып жазыңыз.
(3 балл)
Жазылым.
Бүйінің ініндей тіп-тік, аясына екі адам сыярлық қара үңгірдің түбіне апаратын басқышқа
Мейрам алғаш рет қадам басты. Түтіні бұрқыраған бөлешке шамның әлсіз жарығы аяқ астын
анық көрсетпейді.
Сейтқалы тік сатыда жай жердегідей жүгіріп барады. Мейрамның жүрегі қобалжып,
буындары босаңсып, арттан біреу итермелегендей денесі алға, аяғы кейін тартып, сатыны
басуға әзер үлгереді. Шамы өшіп қалған. Маңдай тершіді, жүрек қақты. Берекесі қашқанын
білдірмейін десес де болмады.
-
Тоқташы, демалайық.
Сейтқалы да, шам да жоқ.
-
Қайда сүңгіп кетті?
Мейрам алақтап жоғары қарады. Жұлдыздай жылтырап көз ұшында көк сәуле көрінді. Төмен
қарап еді, қоламтаның шоғындай әлденелер сығырайды. Өзгенің бәрі қара түнек, ештеңені
болжап болмайды.
-
Сонау жоғарыдағы сәуле не?
-
Даланың сәулесі.
-
Төменде жылтыраған не?
-
Шахтерлердің шамы.
Азырақ демалған соң екеуі тағы жүрді. Тоғыз сатыдан өтіп, оныншы сатыға жеткенде
аяқастынан:
-
А-й-д-а! –деген дауыс саңқ етті.
-
Бұл – ескі шахтер Ысқақ. Тысқа көмір жөнелтіп тұр. Манағы дауыс осынікі, - деді
Сейтқалы.
Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде, басқа бір дүниеге жеркендей болды. Тоғыз қанат
киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Сол тесіктен
жылтыраған көгілдір сәулені көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп шығып, бүркей
береді. Күнбатысқа қарай жер астын кеулеп кеткен бір қуыс жатыр. Биіктігі кісі бойы,
ұзындығына көз жетпейді, қабырғалары көмір, бөлешке шамның жарығымен шағылысып,
жылт-жылт етеді. Төбеге қолдың саласындай қылып ағаш қиыпты. Әр ағаштың екі басына
тіреу қойып, қабырғаға жапсыра тіреп тастаған. Осы жолмен келіп-кетіп жатқан тәшкілердің
дабыры, көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, даң-дұң, жат дүние
көрсетіп тұр...
Ғ. Мұстафин. «Қарағанды» романынан
Достарыңызбен бөлісу: |