19
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды, факті мен
көзқарасты ажыратады
Көтерілген мәселе бойынша эссе жазады
Мәтін құрауда есімше сөздерді орынды қолдану
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Оқылым.
Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі»
Жетішатыр – жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы - қымыз, ойын-сауық. Айт, той,
құдалық, атжарыс, күрес... Жаз шықса, парақот, паром, жолқайық, жасыл арал, қалың орман.
Көкке шыққан, гүләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан...
Қайткенмен сергек қала.
Стипендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көрмек болып, жексенбі күні арғы
жаққа тарттық. Осы жылы келдік. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз.
Он минутта арғы жаққа шықтық. Арғы жақ - қазақ даласы. Өзен өрлей салынған екі мешіті,
бір шіркеуі бар, ығы-жығы тайпақ қала.
-
Балалар, қайда апарайын?
-
Қай үй
жақын болса, соған апар.
Бержабайшы қос терезелі тапал үйдің алдына тұра қалды. Көптен күткен жеңешемдей,
ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей: «Балалар,
жоғары
шығыңдар!» - деп, төргі үйге қарай сілтеді.
Төсек – орны, дөңгелек үстелі, тегенесі, кесесі біріне бірі сай, шап – шағын
бөлмеде
екі – үш жігіт қымыз ішіп отыр. Бұл қаланың жақсы жері қазақтың оқыған балаларын
сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайды...
Достарыңызбен бөлісу: