Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған


«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарламаның нысаны



Pdf көрінісі
бет5/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

 
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарламаның нысаны.
Бұл әдістемелік нұсқаулық мұғалімге, 10,11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауды жоспарлау, 
ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде қолдануға бағытталған.
Авторлық бағдарлама өзектілігі:
авторлық бағдарлама Бөлім/ортақ тақырып бойынша 
жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша 
жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға, 
қаншалықты материалды 
игергені мен жадына сақтау, көру, қабылдау қабілетін байқауға 
мүмкіндік береді. Әр 
бөліге/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері 
мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, дескрипторлары мен балдары 
бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Бағдарламаның мақсаты: 
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, басқа да тұлғаларға, мұғалімдерге көмек 
беру мақсатында құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресурстар 
(суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-
сайттардан алынды.
Бағдарламаның міндеттері: 
1.
Оқушыларды мәтінмен лингвистикалық талдау жасауға үйрету; 
2.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; 
3.
Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, 
болашағына деген жауапкершілік сездіретін әрекет жүйесін жасау; 
4.
Келешекте еліне, жеріне деген ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу,
моральдық жағынан жоғары тұлға даярлау.
Авторлық бағдарлама қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде заман талабына қарай басқа 
да саланы қамтиды. 
Тілдік пәндер циклінің интеграциялау (сабақта сауатты - оқу және жазу, яғни қазақ тілі мен
әдебиет пәні) 
Интеграция бірнеше мәселлелерді шешуге көмектеседі: 
-
пәнаралық байланыстарды күшейту, толық көріністі жасау; 
-
материалдың көлемін сақтай отырып оқыту уақытын тиімді қолдану; 
-
нақты сабақтың эмоциялық ахуалын құру; 
-
сабаққа қойылған талап сақталады. 
Жұмыс түрлері: 
-тілдік дағдыларды қалыптастыру;
- оқылым; 
- тыңдалым; 
- жазылым; 
- айтылым; 
-
мәтінмен жұмыс; 
-
суретпен жұмыс; 
-
грамматикалық тапсырмалар; 
-
сызбамен жұмыс; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет