Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
..... Күз аспаны күңгірт , бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің
суық желіне айналған. Маңайда қызарыпсолған қурайлар көп көрінеді.Бүрінен
айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұазрып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан –
бәрі де жел лебінен қалтырайды.... Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта тынымсыз кезіп,
жосып өтеді. Таң жаңада атқан.Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының
тұяғын жылтыратып шашасына шейін суландырған.
Ералының кең жазығына жаңа келіп ілінген жүргіншілер – ерте көшкен ауылдың ер-
азаматы. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар.Сол көштің алдында
ұзаңқырап кеткен мынау бір топ аттылар – Абай мен оның жас достары , кей ақын –
әншілер. Топтың алдыңғы қатарында Абай , Көкбай , Шұбар – үшеуі өзгелерден
озыңқырап,оңаша әңгімелесіп барады. Артқы топ Ақылбай , Мағаш , Кәкітай , Дәрмен
болатын. Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді.
Жүрістің ертелік мазасыздығына , күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне
қарамай ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап сөйлесіп , әзілдесіп , күліп келе
жатыр.Шетінен ақын жастар болғандықтан , бұлар соңғы кездерде өлең шығарудың әр
алуан үлгілерін байқап көрсететін.Үйде отырса ,жазып айтатын , топқа кезіксе ,
домбыраға қосылып ән шырқайтын ақындар. Ал осындай аттүсті , жол –жөнекейде
шапшаң өлең айтуға да, бәсеке мен жарысқа да түсе берісетін... .
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан («Абай аға» , 3-кітап)
Мәтіннен 1 факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді мен 2 детальді ақпаратты
анықтаңыз.
Факті
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |