Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған


-БӨЛІМ . «Ұлт мұраты – Ұлт қауіпсіздігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Pdf көрінісі
бет77/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

12-БӨЛІМ . «Ұлт мұраты – Ұлт қауіпсіздігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Сөйлеу әрекетінің түрлері
: Оқылым . Жазылым . 
 
Оқу мақсаты :
11.3.6. мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, 
өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;
11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын 
дәлелдеп эссе жазу; (дискуссивті эссе, аргументативті эссе) 
Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді 

Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады Ойлау 
дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
 
Орындау уақыты
25 минут 
1. Мәтінді оқып, ПОПС формуласы бойынша көзқарасыңызды түсіндіріңіз. ПОПС 
формуласы
1) Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде көтерілген мәселе...»
2) Екінші сөйлем «Себебі…»
3) Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
4) Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...». 
 
Оқылым мәтіні
Ұлттық қауіпсіздіктің мәні
Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғаммен мемлекеттің маңызды мүдделерінің ішкі және 
сыртқы қауіп-қатерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш 
деңгейден тұрады: жеке адамның (оның құқықтары мен бостандықтары), 
қоғамның(ұлттық, рухани құндылықтары) және мемлекеттің қауіпсіздігі 
(конституциялық құрылымы, егемендігі, аумақ-тық тұтастығы). 
Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке 
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге 
асырылады. 
Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдденің, ұлттық құндылық-тардың, байлықтың 
және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік 
әскери жолмен, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін. Мысалы, шегара арқылы заңсыз 
шикізат, ресурс, валюта, көркем және өзге де құндылықты енгізу, алып өту, өнеркәсіптік 
немесе өзге де тыңшылық, рухани баса-көктеу, іріткілік ақпарат тарату және т.б. 
Қазақстанныңсыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын 
мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен 
жүзеге асырылады. 
Ішкі ұлттық қауіпсіздік – жекетұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, 
дамуына әсер ететін қауіп-қатерден қорғануы. 
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясынан» 
Елдің «ұлттық» және «ақпараттық» қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады? Пікіріңізді 
растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет