«Multisim» бағдарламасы мен танысу Бағдарламаның интерфейсі Кез келген радиоэлектронды құрылымның өңделуi физикалық немесе математикалық моделдеумен бірге қамтамасыз етіледі. Макеттердiң жасауы және олардың зерттелуi керек болатындығынан, физикалық моделдеу үлкен заттық шығындарды қажет етеді. Сондықтан математикалық моделдеу құралдарды және есептеуiш техника әдістері жиi қолданылады. Мұндай бағдарламалардың бiрi - Multisim моделдеудің электрондық жүйесі болып табылады. Бұл бағдарлама жай және оңай меңгерiлетiн қолданбалы интерфейспен айрықшалынады.
Multisim 11 - эксперимент жүргізуге кең мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама күрделілігі әр түрлі схемалар жинақтауға барлық қажетті бөліктемелерін (транзисторлардың, операциялық күшейткіштердің, аналогты және цифрлық түрлендіргіштердің және тағы басқаларының идеалды да, іс жүзіндегі модельдерін де) және өлшеу-бақылау аспап-құралдарының түр-түрмен (генераторлар, жадылы осциллограф, талдауыштар және т.б.) қамтамасыз етеді. Бұған қоса программа құрылған схемаға жан-жақты талдау (жұмыс нүктесін анықтау, спектралдық талдау, сезімталдық талдау, Фурье қатарына жіктеу және т.б.) жүргізуге мүмкіндік береді.
Multisim бағдарламалық пакеті жоғарғы оқу орындарында үлкен сұранысқа ие және көптеген пәндер арасында (физика, электротехника, электроника, автоматика элементтері т.б.) оқуға арналған эксперименттік негіз ретінде, эксперимент жүргізуге көптеген мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда қолданыстағы электрондық құрылғыларды сипаттайтын, алуан түрлі аспаптардың беретін ең маңызды тәсіл, ол - математикалық модель.
Математикалық модель дегеніміз - қазіргі заманғы ғылымның даму деңгейін сипаттайтын ұғым. Математикалық модель, әсіресе модельдеуші аспаптың міндетін атқаратын элекрондық есептегіш машиналар үшін аса маңызды міндет атқарады. Математикалық модельдеу электротехника және радиоэлектроника мамандарының жұмыс қабілетін және оның тиімділігін арттырады.
Қазіргі заманғы сұлба-техникалық модельдеу жүйесін Multisim 11 бағдарламаның көмегімен жүзеге асыруға болады.
Multisim 11 бағдарламасында модельдеуді екі түрде жүзеге асыруға болады: диалогті (интерактивті) және талдау арқылы жүргізілетін модельдеу. Диалогты модельдеу - виртуалды аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұған мысал ретінде осциллографты жатқызуға болады. Диалогты модельдеу кезінде интерактивті компоненттердің негізгі параметрлерін өзгертуге болады. Оларға: айнымалы конденсаторлар, индуктивтік катушкалар, потенциометрлер т.с.с. компонеттер жатады. Multisim 11 бағдарламалық пакетінде қолданалытын, электр сұлбаларды зерттеу аппараты, заманауи барлық талдау әдістерін қосады.
Multisim интерфейс келесi негiзгi элементтерден тұрады: (сур. 1)