Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет119/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ұзақ мерзімді жады
Аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы 
пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді 
Тулвинг (1895) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен
: рәсімдік, эпизодтық 
және 
семантикалық жадыдан 
тұрады деп есептеген. Ұзақ мерзімді жадының осы үш түрі 
қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және де әртүрлі білімді сақтайды.
Рәсімдік жады
Рәсімдік жады – әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен 
тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс-
қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске 
асыру керектігі туралы білім терең сақталады және оны саналы түрде тілмен жеткізу қиын.
Эпизодтық жады
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын 
жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – 
сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, эпизодтық жады аясында бекітілген және 
«таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының 
маңызды аспектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет