63
субъектілерден көптеген шешімдерді қабылдауды талап етеді, ол шешімдердің кейбіреулері
жаңа, жоғары сапалы, креативті болуы мүмкін.
Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер
мен дарын арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте
жоғары зияткерлік қабілеттермен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970) зияткерлік қабілет пен
шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік
қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген
өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған есеп-
тер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауап ойлап та-
буды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды
сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ
бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті
бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл» болатын барлық зат-
тар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар
қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік. Бастауыш мектеп жасындағы бала-
лар үшін шығармашылық идеяларды жинақтау үдерісіне шоғырланады. Ересектердің көптеген
идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың
келесі кезеңіне ауысуына сеп болады. Идеяларды өндіру сапасы мәселесінің маңыздылығы
балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға
ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеу,
сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: