Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне оң көзбен қарайды, жеке тұлға дамуындағы шексіз болып көрінетін мүмкіндіктер сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді. Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын
қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет
арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени теорияның
негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана,
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты
болады.
Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі
түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық,
әуелі
интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін
интрапсихикалық са-
нат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге,
логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени
теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес, сондай-ақ,
мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне
көңіл аударады.