Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет98/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Өзіндік сана-сезім
: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен 
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар 
белсенді 
болады, олар сұрақ қойып
дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар 
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге 
сенбейді

мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке 
ашық болады
.
Төменде берілген құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз бен баланың оқуы жайында сын 
тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:


50
1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.
2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.
3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың 
әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз. 
4. Жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын 
салыстырыңыз.
5. Барлық сынып көлемінде көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз 
зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.
6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі ту-
ралы қорытынды жасап, бағалаңыз.
7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды жо-
спарлауда пайдаланыңыз.
8. Дәлелдерді дамытып, тұжырымдамалар мен қорытындыларды құрастыру үшін, 
қоғамдық ғылымдарда оқыту мен оқу нәтижелерін анықтау үшін сын тұрғысынан 
ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз.
Оқыту үдерісі мен оқу бағдарламасының тұжырымдамасымен танысу үшін рефлексиялық 
оқытудың web-сайтына кіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет