5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және әдістемелік нұсқаулар
Білім алушының өзіндік жұмысына ұсынылған тақырыптар бойынша бірнеше формада жұмыстар орындалады. Білі алушы тақырыптар бойынша жұмыстың формасын таңдайды. Мәселен, презентацияны (тұсаукесер) берілген тапсырма негізінде жасайды. Студенттің өзіндік жұмысына берілген тапсырмалар 1-аптадан бастап жүргізіледі. Осы уақыттан бастап әр білім алушы белігленген кесте бойынша тапсырмаларды өткізеді. Жұмыстың көлемі 5-25 бет аралығында болуы керек. Мәселен, аталмыш тақырыпта жазылған проблемалық мақала немесе эссе 1-5 бет көлемінде болуы тиіс. Баяндама, реферат 10-15 беттің аралығында болғаны дұрыс. Презентация, өзіндік жұмыс тақырыптың ашылуы мен зерттелуіне қарай 20-25 бет көлеміне дейін жазыла береді.
Білім алушының өзіндік жұмысын орындау барысында біріншіден, тақырыптың ашылуы, зерттелу деңгейі, өзіндік ұсыныс-тұжырымдарына қарай бағаланады. Екіншіден, жұмыстың жинақылығы, тиянақты орындалуы, жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды орындауына қарай сараланады. Дайын болған жұмыстарды көрсетілген кестеден бұрын орындаған студенттердің жұмысы талап деңгейінен шығып жатса, мадақтау балы қойылады.
Керісінше көрсетілген уақыттан кешіккен, жұмыстың безендірілуі төмен деңгейде болса, өзіндік ой-пікірін білдірмесе 5,0 баллға дейін төмендетіледі. Сонымен бірге көрсетілген тақырыптарға қатысты мерзімді басылымдарға мақала жазған студентке арнайы сый балдары тағайындалады. Арнайы сыйға бөлінген балдың көлемі- 3,0 б.
БАӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БАӨЖ -тың негізгі міндеті практикалық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Практикалық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Практикалық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, практикалық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Практикалық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, практикалық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындау керек. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды БАӨЖ дәптеріне жазыңыздар. Дайындалып болғаннан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдеріңізді тексеріңіздер. Дербес талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе БАОӨЖ процесінде қоюға болады.
БАӨЖ-да тақырыптың мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |