Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»



бет36/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

  1. бақылау;

  2. талдау;

  3. қорытынды;

  4. интерпретация.

Мәселен, тарих немесе географияны үйренуде қолданылатын үдерістер мен дағдылар:

  1. суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруды;

  2. негізгі дереккөздерді бағалауды және соларға сәйкес сұрақтар қоюды;

  3. негізгі дереккөздерді жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салыстыру және талқылауды;

  4. анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтуы мүмкін.

Оқушылардың жұмысын зерделеудің кейінгі кезеңінде мұғалімдермен талқылау, олардың уақытша қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларды оқытудың жеке үдерістерін түсінуді, сонымен қатар төмендегілерді де реттеуге көмек беруге болады:

  1. бағалау;

  2. түсіндіру;

  3. метатану.

Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдылары берілген:

1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпараттармен танысыңыздар. Бұл тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен сауалнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе Web-сайт сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін.

2. Дәлелдерді зерттеуді құрайтын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе ұсыныстарды анықтаңыз.

3. Бұл негізгі құрамдар, көру және ауызша дәлелдер қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.

4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.

5. Дәлелдер мен бірқатар ойларды құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіріңіз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат көздері арасында байланыс орнатыңыз.

6. Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылықтар тудыратынын бағалаңыз.

7. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын интерпретациялау нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз.

8. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын анықтаңыз.

Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2001, 2008) Диа­логтік оқытуына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастыруы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет