Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»



бет24/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Тапсырмаларды күрделендіру

Бұл килігу стратегиясының мысалдары, олардың сипаттамаларының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс оқытудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады.

Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушылары үшін онлайн-режимінде оқу жоспарын кеңейтуді ұсынатын жоба, ол туралы http:// www2.warwick.ac.uk/study/iggy/information/members/ сайтында толық сипаттама берілген. Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі.

«Ерекше әлеует» таныта білген 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойынша тапсырмадан тұратын күрделендіру жөніндегі жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы Темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен жұмыс» мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009). Оларға құрбыларымен қарым-қатынас жасауға және құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеді, оларға қиял, шығармашылық, міндетті шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық тізімін дамыту қажет болды.

Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430 оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда және университеттің оқу курстарында болды, ұлттық ғылыми жарыстарға қатысты, мектептер мен ғылыми клубтарда ғылыми дәрістер алды. Олардан алынған сауалнамалар мен сұхбаттардан келтірілген үзінділер олардың күрделі есептерді шығарудан, белсенді оқуға мүмкіндік алғаннан, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен бірлесе жұмыс істеуден және болашақтағы мұрат-мансабы жайлы хабардарлығы артқандығынан ләззат алып, қанағаттанғандықтарын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет