Геометриялық фигуралар
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе
ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Өлі табиғат құбылыстары мен заттары
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран және т.б.) кеңейту.
Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауғанын, жел соғуы), соған сәйкес киіну. Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды және т.б.), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау.
Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстаның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы
түсінік беру.
|
Құрастыру
|
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары және т.б.),
|
|
|
тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар және т.б.) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелелерін сақтау.
|
Сурет салу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |