Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет21/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

Дəріс № 12


Тақырып: Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастару
1 Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру

  1. Сабақты жоспарлау

  2. Сабақты талдау

Дəріс мақсаты: Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру, жоспарлау , талдау жолдарын түсіндіру
Ұғымдар: жоспарлау, талдау

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


Білімді меңгеру барысында əртүрлі əдіс тəсілдер қолданылады. Бірақ ол білімді оқушының қаншалықты меңгерген, меңгермегенің көрсетпейді. Сондықтанда биология сабақтарындағы берілген білім мөлшерін аңықтайтын білімді тексеру маңызы зор деуге болады. Білімді тексеру мына құрлымнан тұрады: Негізгі білім немесе білімді тексеру, қорытынды. Білімді тексеру сабағы тақырыпты қаншалықты меңгергенің білу үшін жəне қай бөлімдерді нашар игергенің аңықтау мақсатымен жүргізіледі. Білімді тексеру сабағы оқушылардың іскерлігін байқау, ұзақ уақыт, ай, тоқсан ішінде материалды қаншалықты жəне терең меңгергенің аңықтау білімді тексеру, ауысша сұрау жəне жеке сұрау əдістерін пайдаланып, ол жазбаша түрде биологиялық диктант, сарамандық жұмыстар арқылы өткізуге болады. Биология курсында сабақтың əртүрлі типтер ара- қатынасы бірдей емес. Ол курстың мақсатына оқу- тəрбиелік мақсаты байланысты. Дегенмен жаңа материалды оқыту сабағы мен түсіндіру лабораториялық сабақ сияқты көбірек қолданылады.Сабақтың əртүрлі типтері мен түрлерінің құрлымы оқу материалының мазмұнына дидактикалық мақсаты əртүрлі əдістемелік құралды пайдалануға байланысты. Сабақтың кез- келген типінен оның буындары арасындағы байланысты аңықтаудың уақытты дұрыс бөлудің оның басты дидактикалық мақсаттарына бағынуының мəні зор. Ондай болмаған жағдайда сабақтың жалпы жүйесі бұзылады. Ол ұғымдардың дамуына оқушылардың ғылыми дүние- танымдық көзқарасының қалыптасуына теріс əсер етеді.
Сабақтың тиімділігі жоғары болу үшін: мұғалімнің білімі, класс сапасы оқушының сабаққа қызығушылығы оқушымен оқытушының қарым- қатынасы сабақтың кестедегі орны соңғы сабақ кабиниеттің жабдықтауы.
Мұғалімнің сабаққа дайындауы:

  1. Сабақтың тақырыбын сəйкестендіре отырып, сабақтың əдістері типін таңдау.

  2. Мектеп оқулығын ғылыми əдебиеттер методикалық нұсқауларды қарап шығу, керекті материалды іріктеп оқу.

  3. Сабақ тақырыбын сəйкестендіре отырып, сабақтың əдістері типін таңдау.

  4. Көрнекіліктерді таңдау.

  5. Сабақтың құрлымын аңықтау, логикалық жүйелеу.

  6. Сабақтың əрбір этапына көңіл бөлу.

  7. Сабақтың жалпы жоспарын құру. Олар:

  • сабақтың тақырыбы.

  • сабақтың мақсатының мақсаттарын ( білім, тəрбие, дамыту)

  • əдістерді жазу.

  • керекті құралдар, əдебиеттер.

Конспектінің жақсы жазылуы үнемі жетістікке апармайды. Шындығында да мұғалімнің жоғары практикасы да жүзеге аса бермейді. Сабақтың сапасы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Жаңа материалды игеру сөзге, кесте, схемаларға, т.б байланысты əңгіме барысында оқушыларды үнемі нысанаға алып ілестіріп отыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, байыту.

  • оқушылардың отырған жерінен сұрақ қою, жауабын сабаққа қатысын қадағалау.

  • оқушыларды сұрақ берумен жауап беру мəдениетіне үйрету.

  • жаңа материалды оқушылар тыңышталған кезде ғана түсіндіре бастау.

  • əрбір оқушы назардан тыс қалмауы керек.

  • оқушыларды қызықтырып, көрнекі құралдарды пайдалана білу. Оқушылармен өзінді тең дəрежеде ұстауға тырысу.

  • қиын жерлерді қайталап түсіндіріп, жаздырып отыру.

  • ғаламның соңғы жаңалықтарымен таныстыру.

  • материалдың практикасының маңызын айту.

  • оқушылардың өз бетінше іздену қабілетін творчестволық қызығушылығын ояту.

  • логикалық түрде айтуға дағдыландыру. Оқушылардан сабақ сұрау əдістері:

  • оқушыларды тақтаға шығарып, сұрау.

  • жазбаша жəне ауысша есептер шығарту.

  • топ бойынша таблица немесе схеманы сыздыру ( тақтаға ).

-жазбаша жауап беру.

  • салыстырып жауап беру.

  • оқушылардың жеке еңбегін бағалау ( баяндама, реферат, тəжірибе қорытындысы).

  • жауаптарға талдау.

  • жеке тапсырма кестені толтыру.

Сол сияқты 3 деңгейлі тапсырмалар беру:

    • кроссвордтар шешу.

    • схема бойынша əңгіме құру.

    • бір- біріне сұрақ қойғызу.

    • терминдерді тексерту.

Оқушылардың дəптерге жазу қабілетін дамыту:

    • сабақтың жоспары мен мақсаттары аңықталады.

    • сұрақтар.

    • кесте, схема.

    • практикалық сабақтың нəтижесі.

    • жауаптар.

    • қысқаша конспектілер.

    • əдебиеттер.

    • үй тапсырмасы.

Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру:

    • тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беруге үйрету.

    • тақырып мазмұның айтқызу.

    • негізгі терминдермен ұғымдарды дəптерге жазу.

    • аңықтамаларды жазу.

    • конспектілеу.

    • тақырыптың жоспарын жасау.

    • оқушылардың тақырыпқа сұрағы.

    • эллюстрациялармен суреттермен жұмыс.

    • өсімдіктерді, жануарларды аңықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет