Бағдарламасы негізінде құрастырылды



Pdf көрінісі
бет122/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
ktj 20486

№23-24 ОСӨЖ 
Тақырыбы: LESSON STUDY-ді жоспарлау 
Жоспары 
1.«Lesson Studyдің» шығу көзі 
2.LESSON STUDY бойынша бірлескен жұмыс ережесін құрастырыңыз 
3. «Lesson Studyдің» әдістемесі 
Әдістемелік нұсқау 
1-тапсырмаға «Lesson Study» түсінігі, оның қай елде, қашан пайда болғанын айтуға 
дайындалыңыз. 
2-тапсырмада Lesson Study бойынша бірлескен жұмыс ережесін құрастырыңыз. 
3-тапсырма жұптасып жұмыс істеңіз. Ол үшін төмендегі қадамдарды қолданыңыз.
1)
Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында «оқытудағы/оқудағы жаңа тәсілді» 
айқындаңыз. Мысалы:

Белгілі бір критерийлерді пайдалан; 

Оқушылар жұптарының арасында диалогті ынталандыру үшін ғаламтор-
ресурстарды пайдалан. 
2)
Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын 
шешіңіз. Мысалы: 

Гүлдеген өсімдіктің бөліктерін зерттеу; 

Сан заңдылықтарын айқындаумен байланысты математикалық есептерді шығару; 

Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ландшафты зерделеу т.б. 
3)
Тақырыбына қарай, оқушыларға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз. 
Мысалы: 



6 жасар оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен 
гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлігінің неге арналғанын білетін 
болады. 
Таңдалған тақырыптар бойынша үлгерімнің динамикасы туралы білімін реттеу үшін 
төмендегі кестені пайдаланыңыз. Мысалға келтірілген сабақ жоспарының шаблонын 
пайдалана отырып, сабақ жоспарының а), b), c) және d) бөлімдерін орындаңыз. 
Мысал: 
a) Оқытудың/оқудағы 
тәсілі
«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-
қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану
b) Тақырып (оқу 
жоспарының бөлігі) 
Гүлдеген өсімдіктің бөлшектері 
c) Оқытудың нақты 
нәтижесі
Оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, 
жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар 
өсімдіктің әр бөлшегінің неге арналғанын білетін болады. 
d) Сабақ 
Оқушылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп, 
қызғалдақты қарастырады және қандай негізгі 
бөлшектерден тұратыны туралы ойланады.
Олар қызғалдақты құрамдас бөлшектерге кесіп, қағаз 
параққа желімдейді. Бөлшектердің атауын және 
функцияларын талқылайды және оларды қағазға жазады. 
e) Оқушылар үшін 
оқыту нәтижелері (A) 
f) Оқушылар үшін оқыту 
нәтижелері (B) 
g) Оқушылар үшін 
оқыту нәтижелері (C) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет